ойын сауық отауы
2016 – 2017 жылғы мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі
10.08.2016 4 414 0 Дауыл

2016 – 2017 жылғы мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі

Өлеңдер / Жаңалықтар
2016 – 2017 жылғы мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі

Бүгін мемлекеттік білім гранттары иелерінің тізімі ресми БАҚ - та жарияланды. Еліміздің барлық өңіріндегі жұртшылық асыға күтіп отырған 2016 – 2017 жылғы мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі

Осылайша, мемлекеттік білім гранттарының иелерін анықтайтын комиссия бөлген 31 702 грант иегерлерін толық анықтады. Оның ішінде 2 950 орын жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде оқуға, 28 752 грант 1 курсқа қабылдауға қарастырылды.

Биыл мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру елдің әлеуметтік - экономикалық даму басымдықтарына негізделді. Осы орайда аталған басымдықтарды ескере отырып, 12 593 грант техникалық және технологиялық мамандықтарға ескерілген. Сонымен қатар, 5 000 грант - педагогикалық, 2 690 грант - ауыл шаруашылығы мен ветеринария мамандықтарына, 3 000 грант - медициналық салаға мамандықтарға бөлініп отыр.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, конкурстық негізде мемлекеттік тапсырыс берілетін ЖОО - лар тізімі айқындалды. Еліміздің 112 азаматтық жоғары оқу орындары арасында оқу гранттары 87 ЖОО - ға бөлінді. Өткен жылы 64 оқу орны қамтылған еді.

Биыл жылғы оқу гранттарын алу конкурсына 59 677 адам қатысуда, олардың ішінде 47 342 - сі - қазақ тілінде білім алуға (80 пайызға жуығы), 12 335 талапкер орыс тілінде оқуға тапсырған.

Жалпы конкурстарға қатысушылар арасында 2 208 «Алтын белгі» иегерлері; 303 колледж түлектері; 169 халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары; 854 халықаралық және республикалық ғылыми жарыстардың жеңімпаздары, 948 халықаралық және республикалық спорттық жарыстардың жеңімпаздары; 9 Президенттік олимпиаданың жеңімпаздары қамтылған. Олар грантты алуда басымдыққа ие болып отыр.

Конкурсқа І, ІІ топ мүгедектігі бар 363 адам, Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ қазақ ұлты өкілдерінен қамтылған 1 053 адам, сондай - ақ 492 ата - анасының қамқорлығынан айырылған балалар мен жетім балалар қатысуда. Бұл адамдарға квоталар белгіленген.

Айта кетейік, ағымдағы жылы Ұлттық бірыңғай тестілеудегі орташа балл - 81, 2 балл.

Негізгі гранттар 2019-2020 оқу жылдары гранттар тізімі
Университеттер гранттары 2019-2020 оқу жылы гранттар тізімі
ЖОО тізімі 2019-2020 оқу жылы

2017-2018 жылғы білім беру гранттары иегерлерінің толық тізімі
2016 – 2017 жылғы мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі

2019-2020 жылғы білім гранты иегерлерінің тізімі 2019-2020 жылғы білім гранты иегерлерінің тізімі
2019-2020 жылғы білім гранты иегерлерінің тізімі жариялнады.
ҚР Білім және ғылым министрлігі 2018 - 2019 оқу жылына арналған білім беру гранттарының мамандықтар бойынша тізімі ҚР Білім және ғылым министрлігі 2018 - 2019 оқу
ҚР Білім және ғылым министрлігі 2018 - 2019 оқу жылына арналған білім беру гранттарының мамандықтар бойынша тізімін жариялады.
2017-2018 жылғы білім беру гранттары иегерлерінің  толық тізімі 2017-2018 жылғы білім беру гранттары иегерлерінің
2017 - 2018 оқу жылына бакалавриатқа - 37932 грант бөлінді, бұл өткен жылғы мемлекеттік тапсырыс көлемімен салыстырғанда 6 мыңға көп. Магистратураға
«Алтын белгі» иегерлерінің біршамасы мемлекеттік грант ала алмайтын болды «Алтын белгі» иегерлерінің біршамасы мемлекеттік
Білім гранттарын беру жөніндегі республикалық конкурс комиссиясы «Алтын белгі» иегерлерінің біршамасы мемлекеттік грантқа ие бола алмауы мүмкін деген
Грант иелерінің тізімі сәрсенбі күні жария етіледі Грант иелерінің тізімі сәрсенбі күні жария етіледі
Білім және ғылым министрлігі жанынан құрылған арнайы комиссия Ұлттық бірыңғай тест қорытындысы бойынша мемлекеттік білім гранттарын бөлу мәселесін
Грант иелерi 12 тамызға дейiн белгілі болады. Грант иелерi 12 тамызға дейiн белгілі болады.
Білім гранттарын бөлу жөніндегі республикалық конкурстық комиссия бүгiн жұмысын бастады.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×