ойын сауық отауы
Еліміздегі мектептерде балаларды оқытатын білікті ұстаздар жетпей жатыр.
27.08.2016 2 606 0 Дауыл

Еліміздегі мектептерде балаларды оқытатын білікті ұстаздар жетпей жатыр.

Жаңалықтар
Еліміздегі мектептерде балаларды оқытатын білікті ұстаздар жетпей жатыр.
Ата - аналар, әрине, ұл мен қызына тәжірибелі мұғалімнің білім бергенін қалайды. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Еліміздегі мектептерде балаларды оқытатын білікті ұстаздар жетпей жатыр. Ата - аналар, әрине, ұл мен қызына тәжірибелі мұғалімнің білім бергенін қалайды. Алайда кәсіби деңгейі жоғары педагогтарды өзіміз таппай отырмыз, дейді Білім министрлігіндегілер. Бұл аздай, биыл ескірген мектептерді жөндеу үшін қаржы да жетпей жатыр екен. Сонымен қатар, шенеуніктер сабақ кезінде оқушылардың смартфон ұстауына тыйым салу мәселесін де шешуде.

Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күн қалғандықтан, Білім министрлігіндегілер мектепке дайындық туралы есеп беру үшін шұғыл журналистерді жинады. Шенеуніктер биыл оқу ордаларында кітап тапшылығы мүлдем болмайды, барлық аймақ оқулықпен түгел қамтылды деп сендірді. Есесіне, балаларды оқытатын білікті ұстаздар жетпей жатыр екен. Әсіресе, Астанадағы жаңадан салынған мектептерге жоғары білімді, тәжірибелі мұғалімдер ауадай қажет.

Эльмира Суханбердиева, ҚР Білім және ғылым вице - министрі:

- Педогогикалық мамандарға өте аз барады «Алтын белгі» иелері бармайды. Химия, физика, бизнес, құқық факультеттеріне барады. Мұғалімнің саны аз, өте дефицит. Жас мамандар бар. Біздер оларды да алуға тиістіміз. Екінші санатты мұғалімдер бар. Оны да алуға тиіспіз. Сіздер ауылдан келдіңіз, сырттай оқыды деп, біздер, әрине, қазір де директорлар алмайды. Бірақ кейде мұғалімдер жетпейді. Соларды алып, үйреніп...


Білікті ұстаз тек Елордада ғана тапшы емес. Еліміздегі барлық мектептер жоғары санаттағы ұстазға зәру. Өйткені тәжірибелі мұғалімдердің басым бөлігінің жасы 60 асып, зейнеткерлік демалысқа шығып жатыр. Ал жас мамандардың өзін қайта тәрбиелеу керек екен. Бұдан бөлек, биыл ондаған мектепке жөндеу жұмыстарын жасау үшін қаржы жетпеуде. Яғни кейбір өңірлерде оқушыларға шатыры тесіліп, төбеден су сорғалаған, қабырғасы қирап, едендері әбден ескірген оқу ордасында білім алуға тура келеді деген сөз.

Эльмира Суханбердиева, ҚР Білім және ғылым вице - министрі:
- Алматы қаласында мектептерді жөндеу жұмысына толық қаржы бөлінбеген. Алматы облысында 48 мектептің тозығы жетіп, ескірген. Бірақ 26 оқу ордасына ғана жөндеу жасалды.


Сондай - ақ, Білім министрлігіндегілер мектеп оқушыларының смартфон ұстауына тыйым салу мәселесін де қарастырып жатыр екен. Бұған дейін Шымкент қаласының әкімі Ғабидулла Әбдірахымов балалардың сабаққа смартфонмен кіруіне қарсы шыққан болатын. Оның айтуынша, ғаламторы бар ұялы телефон ұл мен қыздың алаңсыз білім алуына кедергі келтіреді екен. Әбдірахымовты Қызылорда облысындағы прокурорлар да қолдаған еді. Білім министрлігіндегілер болса, бұл мәселені ата - аналар шешсін деп отыр. Оның үстіне оқушылардың өздері де смартфоннан қағылғысы жоқ.

Қалай десек те, балалар алдағы оқу жылында да мектепке смартфонмен еркін кіре алады. Оқушылардың қолындағы ұялы телефонды жаппай жинап ала алмаймыз деп отыр Білім министрлігіндегілер. Сондай-ақ, шешеуніктер ата-аналарға мектептің қорына деп баладан ақша сұратқан ұстаздарға бір тиын да бермеуді тағы ескертті. Өйткені оқу ордасында қаржы жинауға қатаң тыйым салынған.

1 маусым - Балаларды қорғау күніне құттықтау 1 маусым - Балаларды қорғау күніне құттықтау
1 маусым - Балаларды қорғау күні құтты болсын!
Қазақ тіліне ештеңе кедергі келтірмейді – Дариға Назарбаева Қазақ тіліне ештеңе кедергі келтірмейді – Дариға
Астанадағы білім беру саласы қызметкерлерінің Республикалық тамыз конференциясына қатысқан Үкімет басшысының орынбасары Дариға Назарбаева үш тілді
Ата - аналар балаларының оқу үлгерімін смартфон арқылы бақылай алады Ата - аналар балаларының оқу үлгерімін смартфон
Жаңа оқу жылынан бастап ата - аналар балаларының оқу үлгерімін смартфондар немесе планшеттер арқылы электрондық түрде бақылай алады.
Алматыда биыл 29 мыңдай бала мектепке барады Алматыда биыл 29 мыңдай бала мектепке барады
Алматыда биыл 2016 - 2017 оқу жылында 29 мыңдай бала бірінші сынып оқушысы атанады.
Мектепте смартфонға тыйым салына ма? Мектепте смартфонға тыйым салына ма?
ҚР Білім және ғылым министрлігі мектептерде смартфон ұстауға тыйым салу туралы прокурорлардың ұсыныстарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды
1 қыркүйек білім күніне арналған құттықтаулар 1 қыркүйек білім күніне арналған құттықтаулар
Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата - аналар және барша қазақстандықтар! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, мереке – Білім күнімен
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×