ойын сауық отауы
Қазақстанда ағылшын тіліне ресми мәртебе беру ұсынылды
01.03.2017 1 090 0 Admin

Қазақстанда ағылшын тіліне ресми мәртебе беру ұсынылды

Жаңалықтар
Қазақстанда ағылшын тіліне ресми мәртебе беру ұсынылды. Бұл туралы бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтіп жатқан билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысында ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы, жұмыс тобының жетекшісі Әділбек Жақсыбеков мәлім етті.
Оның айтуынша, Конституция өзгертулерін талқылау жөніндегі жұмыс тобы келіп түскен барлық ұсыныстарды бірнеше блокқа жүйелеген. «Мемлекет басшысының мәртебесі мен өкілеттігін айқындайтын бөлімге 40 - тан астам ұсыныс түсті. Реформа мақсаты Президент өкілеттігін қайта бөлу болғандығына қарамастан көптеген адам Мемлекет басшысының өкілеттігін күшейтуді ұсынды. Президенттік вертикальдың әлсіреуіне қарсылық танытқандар да болды. Парламент өкілеттігіне қатысты 88 ұсыныс келіп түсті.
Толықтай алғанда, азаматтар Үкіметті жасақтау барысында Парламент рөлін күшейту қажеттігін қолдайды. Тіпті, адамдар парламенттік республикаға көшуді де ұсынды. Парламентті жасақтау тәртібін өзгертуді ұсынғандар да болды. Атап айтқанда, Мәжіліс депутаттарын бір мандаттық округ бойынша сайлау немесе Парламентті бір палаталы ету де ұсынылды. Депутаттық корпусқа талапты күшейтіп, бір реттен артық сайлануын шектеу, Мәжіліс және Сенат депутаттарының жас цензурасын арттыру туралы да айтылды. Үкіметтің мәртебесі мен қызметі бойынша ұсыныстар негізінен оның Парламент алдындағы есептілігін күшейтуге қатысты болды.
Сөз Үкіметтің барлық құрамын мәжілісмендермен міндетті түрде келісу жайында болып отыр», - деді жұмыс тобының жетекшісі. Оның сөзіне қарағанда, ең көп ұсыныс құқық қорғау және сот блогына қатысты түскен. Олардың саны - 2148. Сондай - ақ Конституцияның 26 - бабына да қатысты ұсыныстар мол болды. «Бұл мәселеге қатысты ашық пікірталас болды.
Пікірлер әртүрлі. Азаматтардың бір бөлігі бұл норманы оң бағалап отыр немесе өздерінің редакцияларын ұсынады. Дегенмен, көпшілігі 26 - бапқа өзгерту енгізубеуді сұрауда. Сонымен қатар мемлекеттік тілдің рөлін күшейту, ағылшын тіліне ресми мәртебе беру сынды ұсыныстар да бар», - деді Жақсыбеков.

Дерек көзі

Президент Жолдауынан халық не күтеді Президент Жолдауынан халық не күтеді
1 қыркүйекте Президент Қасым - Жомарт Тоқаев жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жасаған мәлімдемесінде Президенттік өкілеттігін 20 наурыздан бастап тоқтататынын мәлімдеді.
Ағылшын тілін білетін ұстаздардың айлығы көтерілетін болды Ағылшын тілін білетін ұстаздардың айлығы
Ағылшын тілін білетін ұстаздардың айлығы көтерілетін болды. Жоғары сыныптарға физика, химия, биология пәндерін ағылшын тілінде оқытатын ұстаздарға
Конституцияның 26 - бабы өзгеріссіз қалуы мүмкін. Конституцияның 26 - бабы өзгеріссіз қалуы мүмкін.
Конституцияның 26 - бабы ескі редакцияда қалуы мүмкін. Бұл туралы бүгін билік тармақтары арасындағы өкілеттікті қайта бөлу жөніндегі жұмыс тобының
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әнші Димаш Құдайбергенге арнайы стипендия тағайындады Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әнші Димаш
ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әнші Димаш Құдайбергенге арнайы стипендия тағайындады. Бұл туралы бүгін Мәдениет және спорт
Қазақ тіліне ештеңе кедергі келтірмейді – Дариға Назарбаева Қазақ тіліне ештеңе кедергі келтірмейді – Дариға
Астанадағы білім беру саласы қызметкерлерінің Республикалық тамыз конференциясына қатысқан Үкімет басшысының орынбасары Дариға Назарбаева үш тілді
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×