ойын сауық отауы
Facebook суицидке бейім адамдарды анықтай бастады
02.03.2017 1 194 0 Дауыл

Facebook суицидке бейім адамдарды анықтай бастады

Жаңалықтар
ҚазАқпарат - Facebook әлеуметтік желісі өзіне өзі қол салуға бейім адамдарды жасанды ақыл - ой арқылы анықтайтын болады, деп хабарлайды Риа Новости агенттігі Би - би - си - ге сілтеме жасап. Агенттіктің хабарлауынша, Facebook желіні қолданушылар жазып қалдырған жазбалар арқылы олардың иелері туралы ақпарат беретін алгоритм құрастырды. Жасанды ақыл - ой желі қолданушыларына олардың достарынан келген «Мен саған алаңдап отырмын», «Сенде бәрі дұрыс па?» деген мағынадағы сөздерді анықтап отырады. Би - би - си - дің мәліметтері бойынша, желіге қолданушылар жазып қалдырған сөздерге арнайы сараптама жүргізіледі де сол арқылы адамның көмекті қажет ететінін немесе қажет етпейтінін белгілі болады. Сараптаманың қорытындысы арнайы зерттеушілерге жіберіледі. Аталмыш бағдарламамен жұмыс істейтін бөлім басшысының хабарлауынша, мұндай шаралар пайдалы ғана емес, аса қажет те. Аталған жоба әзірге тек АҚШ - та ғана жүзеге асырылуда. Facebook өкілдері сонымен қатар адамның жүйке жүйесін зерттеумен айналысатын бірнеше ұйыммен бірге жұмыс істеп жатқандығын жеткізді. Суицидке бейім желі қолданушылары енді олармен арнайы алаң арқылы жедел түрде хабарласа алады. Бұған қоса әлеуметтік желі онлайн - трансляция кезінде де өзіне - өзі қол салуға бейім тұратын адамдарды анықтау тетігін ойластыруда.

Әйгілі Марк Цукерберг өз миллиардтаған табысын қайда жұмсайды? Әйгілі Марк Цукерберг өз миллиардтаған табысын
Цукерберг қымбат костюм киіп, ақшаны оңды - солды шашпайды екен. Қарапайым футболкамен жүретін азамат ақшаны тек өзіне қажет деп тапқан ыңғайлықтарға
Лара Фабиан Димаш Құдайбергеннің жеңісіне құттықтау жіберді Лара Фабиан Димаш Құдайбергеннің жеңісіне
Атақты әнші Лара Фабиа Facebook-тегі өзінің жеке ресми парақшасында Димаш Құдайбергенді қытайлық «I am a singer» теле-шоуының алтыншы кезеңіндегі
Атырау облысы әкімдігі оқушылардан армандарын қағазға түсіруді сұрады Атырау облысы әкімдігі оқушылардан армандарын
Атырау облысы әкімдігінің “Фэйсбуктегі” парақшасында оқушыларға арналған ерекше хабарлама пайда болды. Аймақ басшысының баспасөз қызметі жас
Есте сақтау қабілетін нығайту Есте сақтау қабілетін нығайту
Жалпы, «ес» немесе «жад» - дегеніміз – адамның күнбе-күн алған әртүрлі мәліметтерін сақтайтын қоймасы деп атауға болады.
Ата - аналар балаларының оқу үлгерімін смартфон арқылы бақылай алады Ата - аналар балаларының оқу үлгерімін смартфон
Жаңа оқу жылынан бастап ата - аналар балаларының оқу үлгерімін смартфондар немесе планшеттер арқылы электрондық түрде бақылай алады.
Мектепте смартфонға тыйым салына ма? Мектепте смартфонға тыйым салына ма?
ҚР Білім және ғылым министрлігі мектептерде смартфон ұстауға тыйым салу туралы прокурорлардың ұсыныстарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×