ойын сауық отауы
БҚО-да білім бөліміндегі тышқандар 5 млн теңгенің сыйлықтарын жеп қойған
02.03.2017 857 0 Admin

БҚО-да білім бөліміндегі тышқандар 5 млн теңгенің сыйлықтарын жеп қойған

Жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысында балалардың 5 миллион теңгеге сатып алынған жаңажылдық сыйлықтарын кеміргіштер жеп қойған. Салдарынан, шенеуніктер оны екінші рет тендерсіз сатып алыпты. Ақжайық аудандық білім бөлімінің басшысы Мерек Зиналиев осылай ақталуда деп жазады Skifnews.kz порталы.
БҚО-да білім бөліміндегі тышқандар 5 млн теңгенің сыйлықтарын жеп қойған
Басылымның хабарлауынша, мемлекеттік қызметкерлердің этикасы жөніндегі тәртіптік кеңес облыс әкіміне бөлім басшысын қызметінен босатуды сұраған.
Зиналиевтің өзі болса тәртіптік кеңестің бұл шешімімен келіспейді және қайта шағымданбақ.
"Біздің ауданда әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына арналған жаңажылдық шырша өткізілді. Біздің бөлім бұл мерекелік шараға алдын ала сыйлықтар алып қойған. Алайда, оларды тышқандар жеп қойыпты. Мұнан кейін біз қайта сыйлықтар сатып алдық, сапалысын. Тауарды жеткізу үшін Чапаев ауылының кәсіпкерлері жұмысқа тартылды. Мемлекеттік сатып алулар порталына біз мұны жариялағанымыз жоқ", - дейді Ақжайық аудандық білім бөлімінің басшысы.
Ол өзінің заңды белден басқанын алдын ала білген екен. Алайда, тұрғындар алдында әкімді жерге қаратпау үшін осындай қадамға барыпты.
Тәртіптік кеңесте сөз сөйлеген бөлім басшысы бұл заңсыздығы үшін онсыз да айыппұл төлегенін айтып отыр. Бірақ, шенеуніктің әкімшілік жауапкершілікке тартылуы тәртіптік кеңестің шешіміне әсер етпейді дейді осы кеңестің мүшелері. Сондықтан, білім бөлімінің басшысы жұмысынан кетуі тиіс деді олар.

Менің жұмыстағы бір күнім! Менің жұмыстағы бір күнім!
Өмірде неше түрлі қызықты және келеңсіз жағдайлар болып тұрады. Соның бірі кеше менің өмірімде де болды. Мен үйде ұзақ отырып қалдым да жақында
Қамқорлық акциясы Қамқорлық акциясы
Ақтөбе қаласы, №10 жалпы білім беретін орта мектебінің ұжымы «Қамқорлық» акциясының өтуіне бір кісідей ат салысты.
«Алтын белгі» иегерлерінің біршамасы мемлекеттік грант ала алмайтын болды «Алтын белгі» иегерлерінің біршамасы мемлекеттік
Білім гранттарын беру жөніндегі республикалық конкурс комиссиясы «Алтын белгі» иегерлерінің біршамасы мемлекеттік грантқа ие бола алмауы мүмкін деген
Алматыда биыл 29 мыңдай бала мектепке барады Алматыда биыл 29 мыңдай бала мектепке барады
Алматыда биыл 2016 - 2017 оқу жылында 29 мыңдай бала бірінші сынып оқушысы атанады.
Білім беру кредиті – оқу ақысын төлеудің балама мүмкіндігі Білім беру кредиті – оқу ақысын төлеудің балама
Ағымдағы жылы білім грантына ие бола алмаған талапкерлер оқудың ақысын төлеуде қаржы жағынан қиналған жағдайда Білім беру кредиттерін кепілдендірудің
ОҚО - да «Мектепке жол» акциясы бастау алды ОҚО - да «Мектепке жол» акциясы бастау алды
Оңтүстік Қазақстан облысында «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы бастау алды. Тамыздың 1-нен бастап қыркүйек айының 30-на дейін
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×