ойын сауық отауы
Әйгілі Марк Цукерберг өз миллиардтаған табысын қайда жұмсайды?
07.05.2017 1 086 0 Дауыл

Әйгілі Марк Цукерберг өз миллиардтаған табысын қайда жұмсайды?

Жаңалықтар
Әйгілі Марк Цукерберг өз миллиардтаған табысын қайда жұмсайды?
32 жасында АҚШ - тың төртінші ең бай адамы атанған Марк Цукербергтің шотында бүгінде 60 млрд - қа жуық доллары бар. Әйгілі миллиардердің бұл миллиардтарды қайда жұмсайтынын fishki. net сайтына сілтеме жасап NUR. KZ порталы назарларыңызға ұсынды.

Цукерберг қымбат костюм киіп, ақшаны оңды - солды шашпайды екен. Қарапайым футболкамен жүретін азамат ақшаны тек өзіне қажет деп тапқан ыңғайлықтарға және игі істерге жұмсауымен елді тәнті етіп үлгерген.

Марк ұзақ уақыт бойы Facebook кеңсесіне жақын жерде қарапайым пәтерді жалға алып тұрыпты. Алайда бірнеше жыл бұрын ол өз қаржы консультанттарын тыңдап, $7 млн - дық жекежай сатып алды.

Марк қызы және әйелімен тыныш әрі бақытты өмір сүруде. Олар аста - төк кештер ұйымдастырып, қонақ шақыруға әуес емес.

Тыныштықты ұнататын Марк үйін оқшаулау үшін $30 млн - ға айналасындағы аймақтарды да сатып алып жатыр. Ал жақында Кауаи аралынан үлкен жер телімін алған миллиардер ол жерге қант құрағын өндіретін зауыт пен ферма салдырады.
Марктың шалқыған бай екенін көрсететін жайттар осы ғана десе болады. Қалған жағдайда ол өзгелерден ерекше болуға тырыспауда.

Ол қарапайым киініп, Volkswagen көлігін пайдаланады. Өткен жылы журналистер оны Италияда отбасымен McDonalds - та тамақтанып отырғанын байқаған. Марк өзіне жалақыны тек жылына $1 етіп тағайындаған. Ал Facebook - тегі акцияларының 99%- ын қайырымдылыққа жұмсауға уәде етіпті.
Марк бақшада елмен ағаш отырғызып, жергілікті тұрғындармен кішігірім кафелерде түстеніп, тіпті сиыр сауып жатқан жерлерінен де жұрттың көзіне түскен.
Ол АҚШ - тың бар штаттарын бір жыл ішінде аралап шығуды мақсат етіпті. БАҚ өкілдері болса, бұл қадам Марктың президенттікке үміткерлер қатарынан болғысы келетінін білдірмей ме деп бас қатыруда. Ал Цукербергтің өзі бұған әзірге үнсіз.

Дереккөзі: NUR. KZ порталы

Шұғылалы шартарап: Розуэл қаласы Шұғылалы шартарап: Розуэл қаласы
Розуэл – АҚШ-тың оңтүстік-батысындағы қала, Нью-Мексико штатының Чавез округінің әкімшілік орталығы.
Менің жұмыстағы бір күнім! Менің жұмыстағы бір күнім!
Өмірде неше түрлі қызықты және келеңсіз жағдайлар болып тұрады. Соның бірі кеше менің өмірімде де болды. Мен үйде ұзақ отырып қалдым да жақында
Жоғары оқу орнының дипломынсыз-ақ миллиардер атанған он азамат Жоғары оқу орнының дипломынсыз-ақ миллиардер
Жетістікке жету үшін міндетті түрде жоғары оқу орнын бітіріп, диплом алу керек десеңіз қателесесіз. Дипломсыз-ақ миллиардер атанған азаматтар бар.
Қазіргі күннің миллионерлері күн сайын бір киімді қайталап киеді Қазіргі күннің миллионерлері күн сайын бір киімді
Біздің түсінігімізде байлар киімнің ең сәндісін киеді деп ойлаймыз. Киімнің қандай түрін алса да қаржысы жетеді. Алайда, біз қателесуіміз мүмкін.
Facebook суицидке бейім адамдарды анықтай бастады Facebook суицидке бейім адамдарды анықтай бастады
ҚазАқпарат - Facebook әлеуметтік желісі өзіне өзі қол салуға бейім адамдарды жасанды ақыл - ой арқылы анықтайтын болады, деп хабарлайды Риа Новости
Ақша туралы қысқа жазбалар Ақша туралы қысқа жазбалар
Әйелдер ақшаны ақылмен жұмсайды. Нәтижесінде: ақыл да жоқ, ақша да жоқ.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×