Ойын сауық отауы
загрузка...


Суши тағамы адам ағзасына зиян келтіруі мүмкін.

Суши тағамы адам ағзасына зиян келтіруі мүмкін.

Бүгінде Батыс елдерінің де, Шығыс елдерінің де халқы сүйіп жейтін сушидің адам денсаулығына қауіпті екені анықталып отыр. Жақында португалиялық гастроэнтерологтар (асқазан - ішек ауруларын емдейтін дәрігерлер) жапон асханасының тағамы – сушидің паразиттік аурулардың көптеп таралуына себепші болатынын анықтады, деп хабарлайды Baq. kz шетелдік БАҚ - қа сілтеме жасап.
Дәрігерлердің тиісті зерттеуі BMJ Case Reports журналында жарық көрген.

Мақалада мамандар сушидің адам өміріне қауіп төндіретінін нақты мысалмен дәлелдеген. Дәрігерлерге 32 жастағы ер адам жүгініп, көмек сұрайды. Ер адамның бір апта бойы ыстығы көтеріліп, лоқси берген, оның үстіне кеуде тұсы да ауырған екен. Қан анализі аурудың асқынып бара жатқанын көрсеткен.

Алғашында дәрігерлер бұл сырқаттың неден болғанын түсіне алмай дал болады. Алайда кейінірек ер адам дәрігерлерге ауру белгілері байқалмай тұрып суши жегенін айтқан. Осыдан кейін ақхалаттылар науқастың анизакидоз – паразиттік ауруға шалдыққанын бірден түсінеді. Әдетте бұл ауру шикі немесе аз тұздалған теңіз балығымен бірге асқазанға түсетін жұмыр құрттардың дернәсілінен болады екен.

Эндоскопиялық тексеріс барысында ғалымдар ер адамның асқазанынан паразит құрттың дернәсілін тапты. Құртты алып тастағаннан кейін пациенттің жағдайы едәуір жақсарған.

Дәрігерлер анизакидоздың бастапқы белгілеріне жіті назар аударып, балықты дұрыс таңдауға, тағамға қосарда оның тазалығына мән беруге шақырды.
Дерккөзі: baq. kz
Материал рейтингісі:
барлық дауыс бергендер: 2
Басқа жаңалықтарды оқу:
Пікір білдіру
* = міндетті түрде толтырылуы тиіс
Жартылай қою Қисық мәтін Асты сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жағына қою Ортасына Оң жағына қою | Смайликтер қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Түсті таңдау | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерациядан кирилицаға ауыстыру Спойлер қою
Қауіпсіздік коды :

Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
код көрінбесе қайта басыңыз


Үздік мақалалар
Білімділер жаңалықтары
  • «Ж», «Ш» дыбыстары. Су торғайы (М. Зверевтің әңгімесі)

    Әңгімені оқып, сұраққа жауап беруге үйрету, шығармашылығын, дыбыстарды дұрыс айта білуін дамыту, құстарға қамқорлық жасау мен қорғауға тәрбиелеу
  • Табиғат және адам

    Табиғат пен адамның үйлесімділігі туралы білімдерін кеңейту; Табиғатқа деген қамқор қарым - қатынас дағдыларын дамыту;
  • Масленица

    Познакомить с русским народным праздником, дать представление о значении и традициях празднования встречи весны. развивать зрительное и слуховое внимание, ловкость и быстроту, развивать навыки ...
  • Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте! (педагогтармен жұмыс)

    Қазақ тілі - саялаған нұр бағым, Қазақ тілім - анам тілі ардағым. Сен арқылы жетіп жатыр өмірге, Жан сырларым, тілегім, бар арманым,- дей отырып бүгінгі «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» ...
  • Витамины круглый год (закрепление)

    Уточнить представления детей о роли витаминов в жизни человека. Закрепить лексические единицы по темам «фрукты и овощи». Упражнять цвета, закрепить пройденные темы. Развивать навыки понимать простые ...
  • Қош бол, балабақша!

    Қош бол, балабақша! ертеңгілігі. Бүгін бізде мереке. Бүгінгі күн ерекше, Сүйкімді ұл - қыздармен Қоштасатын күн, міне Кереметтей қошеметпен Ортамызда жарқырасын! Қане, достар бастайықшы Балымызды ...
  • Қыстағы шуақты күн

    Қысқы табиғат ерекшеліктерін, әсемдігін сезініп, оны бейнелей білуге үйрету. Балаларды сурет жанрымен «Пейзаж» таныстыру. Суретшінің еңбегі туралы түсініктерін кеңейту. Балалар бойында байқағыштық, ...
  • Құс ауласында

    Қағазбен және қайшымен жұмыс істеу дағдысын бекіту, тікбұрышты екі бөлікке бөлу, бұрыштарды кесу, сюжетке лайық бөлшектерді, пішіндерді мұқият жапсыру. Балалардың шығармашылық қабілеттерін анықтау, ...
  • Дені саудың - жаны сау

    Балаларды ойындар арқылы ақыл-ойының толысып өсуіне ықпал жасау, бір-біріне көмектесуге, достық қарым-қатынастарын дамыту
  • Алға домалауды үйрету. Нысананы дәлдеуді үйрету

    Салауатты өмір салтын қалыптастыру және балалардың денсаулығын нығайту. Балалардың денсаулығын нығайтуға арналған хатка - йога элементтерін қолдану арқылы балалардың бойын түзеп жүруін, икемділігін, ...
загрузка...

Өз пікіріңді білдір
Қандай мақалаларды көбірек енгізген жөн?
Сайтта кім бар
Барлығы: 12
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 12
Роботтар: 1
Соңғы пікірлер
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика