Ойын сауық отауы


Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы қанша өседі?

Дүйсенова зейнетақының үш кезеңде қалай және қаншаға өсірілетінін айтып берді
Мәжілісте кейбір заңнамалық актілерге әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы мақұлданды

2017 - 2018 жылдары бюджеттен төленетін зейнетақының мөлшері 3 кезеңде арттырылады, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.

Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы қанша өседі "Елбасының биылғы Жолдауында берген тапсырмасына сәйкес 2017 - 2018 жылдары бюджеттен төленетін зейнетақылар мөлшері 3 кезеңде арттырылатын болады. Бірінші кезеңде, яғни, 2017 жылғы бірінші қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақылар мөлшері тоғыз пайызға, базалық зейнетақы жеті пайызға артты. Ал екінші кезеңде, 2017 жылғы бірінші шілдеден бастап ынтымақты зейнетақы мөлшері қосымша 11 пайызға, ал базалық зейнетақы мөлшері 13 пайызға көбейтілгелі отыр", — деді Дүйсенова Мәжілістің жалпы отырысында.

Нәтижесінде 2017 жылғы бірінші шілдеден бастап зейнетақыны 2016 жылғы зейнетақы мөлшерімен салыстырғанда 20 пайызға арттыру қамтамасыз етілмек. Яғни, ең төменгі зейнетақы 45 711 теңге, орташа зейнетақы 66 676 теңгеге дейін арттырылатын болады. Бұл өсім барлық екі миллионнан астам зейнеткерлерді қамтиды.

"Сонымен қатар, 2017 жылғы бірінші шілдеден бастап зейнетақы тағайындау үшін есепке алынатын табыстың ең жоғары мөлшерін 41 айлық есептік көрсеткіштен 46 айлық есептік көрсеткішке дейін арттыру көзделген. Бұл 2017 жылдың бірінші жартысында тағайындалған зейнетақылардың 11 пайызға арту есебімен осы жылдың екінші жартысында тағайындалатын зейнетақылар мөлшерінің тепе - теңдігін қамтамасыз ету үшін қаралып отыр", — деді ол.

Зейнетақыны арттырудың үшінші кезеңі 2018 жылғы бірінші шілдеден бастап жүргізілетін болады. Бұл базалық зейнетақыны тағайындау әдістемесінің өзгеруімен байланысты.

"Бүгінгі таңда базалық зейнетақы зейнеткерлік жасқа жеткен адамдарға бірдей мөлшерде тағайындалады. Жаңа әдістемеге сәйкес бұл зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты болғалы отыр. Бұл ретте 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі және 1998 жылдан кейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне аударылатын зейнетақы жинақтарының мерзімі ескеріледі. Базалық зейнетақы барлық зейнеткерлер үшін олардың зейнетақы құжаттарындағы 1998 жылға дейінгі еңбек өтіліне қарай есептелінетін болады. Бұл орайда айта кететін жайт, зейнеткерлерге еңбек өтілі туралы қосымша құжаттардың ұсынуы қажет болмайды. Сонымен бірге қатысу өтіліне жинақтаушы зейнетақы жүйесіне аударымдар жасаған кезең де кіреді. Бұл жағдайда қосымша анықтамалар талап етілмейді", — деді Дүйсенова.

Дереккөзі: sputniknews.kz
Материал рейтингісі:
барлық дауыс бергендер: 1
Басқа жаңалықтарды оқу:
Пікір білдіру
* = міндетті түрде толтырылуы тиіс
Жартылай қою Қисық мәтін Асты сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жағына қою Ортасына Оң жағына қою | Смайликтер қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Түсті таңдау | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерациядан кирилицаға ауыстыру Спойлер қою
Қауіпсіздік коды :

Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
код көрінбесе қайта басыңыз


Үздік мақалалар
Білімділер жаңалықтары
  • «Ж», «Ш» дыбыстары. Су торғайы (М. Зверевтің әңгімесі)

    Әңгімені оқып, сұраққа жауап беруге үйрету, шығармашылығын, дыбыстарды дұрыс айта білуін дамыту, құстарға қамқорлық жасау мен қорғауға тәрбиелеу
  • Табиғат және адам

    Табиғат пен адамның үйлесімділігі туралы білімдерін кеңейту; Табиғатқа деген қамқор қарым - қатынас дағдыларын дамыту;
  • Масленица

    Познакомить с русским народным праздником, дать представление о значении и традициях празднования встречи весны. развивать зрительное и слуховое внимание, ловкость и быстроту, развивать навыки ...
  • Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте! (педагогтармен жұмыс)

    Қазақ тілі - саялаған нұр бағым, Қазақ тілім - анам тілі ардағым. Сен арқылы жетіп жатыр өмірге, Жан сырларым, тілегім, бар арманым,- дей отырып бүгінгі «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» ...
  • Витамины круглый год (закрепление)

    Уточнить представления детей о роли витаминов в жизни человека. Закрепить лексические единицы по темам «фрукты и овощи». Упражнять цвета, закрепить пройденные темы. Развивать навыки понимать простые ...
  • Қош бол, балабақша!

    Қош бол, балабақша! ертеңгілігі. Бүгін бізде мереке. Бүгінгі күн ерекше, Сүйкімді ұл - қыздармен Қоштасатын күн, міне Кереметтей қошеметпен Ортамызда жарқырасын! Қане, достар бастайықшы Балымызды ...
  • Қыстағы шуақты күн

    Қысқы табиғат ерекшеліктерін, әсемдігін сезініп, оны бейнелей білуге үйрету. Балаларды сурет жанрымен «Пейзаж» таныстыру. Суретшінің еңбегі туралы түсініктерін кеңейту. Балалар бойында байқағыштық, ...
  • Құс ауласында

    Қағазбен және қайшымен жұмыс істеу дағдысын бекіту, тікбұрышты екі бөлікке бөлу, бұрыштарды кесу, сюжетке лайық бөлшектерді, пішіндерді мұқият жапсыру. Балалардың шығармашылық қабілеттерін анықтау, ...
  • Дені саудың - жаны сау

    Балаларды ойындар арқылы ақыл-ойының толысып өсуіне ықпал жасау, бір-біріне көмектесуге, достық қарым-қатынастарын дамыту
  • Алға домалауды үйрету. Нысананы дәлдеуді үйрету

    Салауатты өмір салтын қалыптастыру және балалардың денсаулығын нығайту. Балалардың денсаулығын нығайтуға арналған хатка - йога элементтерін қолдану арқылы балалардың бойын түзеп жүруін, икемділігін, ...

Өз пікіріңді білдір
Қандай мақалаларды көбірек енгізген жөн?
Сайтта кім бар
Барлығы: 8
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 8
Роботтар: 1
Соңғы пікірлер
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика