ойын сауық отауы
Елімізде ет бағасы қымбаттауы мүмкін
18.05.2017 1 233 0 Дауыл

Елімізде ет бағасы қымбаттауы мүмкін

Жаңалықтар
Елімізде ет бағасы қымбаттауы мүмкін.
Елімізде ет бағасы қымбаттап, базарда бір келісі жеті доллардан, яғни 2300 теңгеден сатылуы мүмкін. Қытайға ет экспорты басталса, баға өседі деген ақпаратты бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігі де растады. Ал Үкімет ең өтімді сиыр етін еліміздің 9 облысынан Қытайға жіберуге сақадай сай отыр. Жылына Ресейге 60 мың тонна ет экспорттамақ болған еліміз, енді Қытайға бет бұрып, оларға 50 мың тонна сатуды жоспарлап жатыр.

Етті экспорттауды ұзақ жылдар жоспарлаған Үкіметтің үміті жақын күндері ақталатын сияқты. Бүгін премьердің алдында баяндама жасаған Ауыл шаруашылық вице - министрі Қайрат Айтуғанов тоңазытылған сиыр етін Қытайға жіберуге кедергілердің жойылғанын жеткізді. Яғни, еліміздің 9 облысынан мал шаруашылығы өнімдеріне аусылға қатысты шектеу алынып, 5 өңірде вакцинациялау жүргізілуде. Енді екі ел арасындағы келісім аяқталса, жылына елімізден 50 мың тонна сиыр еті Қытайға жөнелтіле бастайды...

Алайда, ел ішінде мал өнімдерін экспорттау басталса, еттің бір келісі 7 долларға, теңгемен шаққанда 2300 теңгеге көтеріледі деген сыбыс шыға бастады. Бүгін осы ақпаратты ауыл шаруашылығы вице - министрінің өзі растады. Және шенеунік баға өссе мал өсіретін шаруалар да қуанады деп отыр...

Бағаның қымбаттайтынына шаруа қожалықтары қуанғанымен, сатушылар қуанып тұрған жоқ. Қазірдің өзінде базарда қымбатшылық, малдың құны аспандап тұр. Ал, экспортқа шығарсақ ішкі нарықта жетіспеушілік болып, ет шарықтап кетеді деп қауіптенеді...

Ал, Қытайға ет қандай бағамен экспортталатыны да әзірге белгісіз. Шенеуніктер өнімнің құны екі жақтың келісіміне байланысты болмақ деп отыр. Және етті тексеретін зертхана, жеткізетін көлік шығыны мен қосалқы салығы да есепке алынуы тиіс.

Дереккөзі: 31.kz

АҚШ - тың Ресейге салған санкциялары теңгенің құнсыздануына себеп болуы мүмкін. АҚШ - тың Ресейге салған санкциялары теңгенің
Алдағы уақытта да доллар құны тоқтаусыз өсе беретін сыңайлы. Бұған арзан мұнайдан бөлек, АҚШ - тың Ресейге салып жатқан жаңа санкциялары себеп
Сиыр қабырғасын пеште пісіру Сиыр қабырғасын пеште пісіру
Сиыр қабырғасын пеште пісіру (ребрышки в духовке)
Қаладағы қартайған ат Қаладағы қартайған ат
Баяғыдан, әрине, бағасы кем, Байланысы жоқ енді даласымен Бір кездегі белгілі ат Бара жатыр Тық - тық шертіп асфальтты тағасымен.
«Алтын белгі» иегерлерінің біршамасы мемлекеттік грант ала алмайтын болды «Алтын белгі» иегерлерінің біршамасы мемлекеттік
Білім гранттарын беру жөніндегі республикалық конкурс комиссиясы «Алтын белгі» иегерлерінің біршамасы мемлекеттік грантқа ие бола алмауы мүмкін деген
Қазақ-түрік лицейлері жабылмайды Қазақ-түрік лицейлері жабылмайды
ҚР Білім және ғылым министрлігі Қазақ-түрік лицейлеріне қатысты ресми мәлімдеме жасады: Қазақстанда аталған оқу орындары (елімізде 27 лицей бар)
Елімізде мақтаулы қазақ - түрік лицейлері жаппай жабылуы мүмкін Елімізде мақтаулы қазақ - түрік лицейлері жаппай
Қазақ - түрік лицейлері жаппай жабылуы мүмкін. Түркия елшісі Қазақстан билігінен әйгілі діни ғалым, Фетхуллах Гүленнің ілімін насихаттайды деп, осы
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×