ойын сауық отауы
Қазақстандықтардың 25 пайызға жуығы семіздікпен ауырады.
30.07.2017 1 448 0 Дауыл

Қазақстандықтардың 25 пайызға жуығы семіздікпен ауырады.

Жаңалықтар / Денсаулық
Қазақстан семіздік бойынша бірінші орында тұр.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, қазақстандықтардың 25 пайызға жуығы семіздікпен ауырады, деп хабарлайды BAQ. kz ақпарат агенттігі zhasalash. kz - ке сілтеме жасап.

Дереккөзінің жазуынша, Қазақстан бірнеше жылдан бері Орталық Азияда семіздік бойынша бірінші орында. Елдегі әрбір төртінші ер адамда артық салмақ бар және олардың семіздігі әлемдегі орта шамадан екі есе жиі кездеседі екен.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, қазақстандықтардың 25 пайызға жуығы семіздікпен ауырады. Мамандар артық салмақ жинаған азаматтар саны соңғы жылдары жылдам өсіп келе жатқанын айтады. Мәселен, ресми деректер бойынша, семіздікке шалдыққандар көлемі 10 пайыздан 15 пайызға көбеюіне 15 жыл кетсе, сырқаттанған қазақстандықтар үлесінің 15 пайыздан 20 пайызға артуына жеті жыл ғана жеткілікті болған», деп жазады басылым.

Семіздіктің белең алып кетуінің себебіне келгенде, мамандар екі түрлі пікір айтуда. Бірі мұны әлеуметтік ахуалдың жақсаруымен байланыстырса, екінші топ керісінше, тұрмыстың төмендігі себеп болатынын алға тартады.

«Статистикалық талдау жасаған кезде семіздік көрсеткіші мен жалпы ішкі өнімнің арасындағы тура байланыстың бар екенін байқауға болады. Яғни елдегі экономика өскен сайын, семіздіктің қоғамдағы үлесі де артып отырған. Қазақстанды Орталық Азия елдерімен салыстырсақ, онда жалпы ішкі өнімі ең жоғары біздің ел бірінші орында, ал Тәжікстан секілді кедей елдер ең төменгі орында орналасқан», – дейді Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы, әлеуметтанушы Серік Бейсембаев.

Ал, диетолог Нұрбану Жәлімбетова мұнымен келіспейді. Оның айтуынша, тұтынушылардың таңдауы қымбат астан тойымды тағамға ауыса бастаған.

«Жеміс - жидек, балық секілді тауарлар өте қымбат. Халық табысы азайған соң пайдалы, бірақ қолжетімсіз азықты емес, тойымды әрі арзан өнімдерді жиі тұтына бастады. Көкөніс пен жеміс - жидек жейтіндер азайып, макарон, картоп пен нан өнімдерін, консервіленген асты сатып алатындар көбейген. Ал олардың семіртетін тағамдар екені белгілі», – дейді маман.

Басылым «Статистика комитетінің деректері бойынша, жыл басынан бері ең қажетті тауарлардың құны орта есеппен 4 пайызға өссе, биылғы маусымның өзінде баға 7 пайызға артқан. Оның ішінде пияз – 81, 1, картоп — 74, 9, қырыққабат – 61, 2, сәбіз – 38, 1, сиыр еті 10, 7 пайызға қымбаттаған. Әзірге мұның тұтынуға қалай әсер етіп жатқаны туралы ресми дерек жоқ» деп жазады.
Дереккөзі: Baq. kz

Әлемде 920 мыңнан астам адам коронавирустық COVID - 19 ауруынан қайтыс болды Әлемде 920 мыңнан астам адам коронавирустық COVID
Бір тәулік ішінде әлемде коронавирусты жұқтыру 281 мың адамнан анықталды. 13 қыркүйек таңертең әлемде коронавирусты 28 759 036 адам (тәулігіне + 281
Әлемде коронавирусты жұқтырған адамдардың саны 25 миллионға жақындады Әлемде коронавирусты жұқтырған адамдардың саны 25
Әлемде COVID - 19 коронавирустық ауруынан 842, 5 мың адам қайтыс болды, қалпына келтірілгендердің саны 16 миллионнан асты. 30 тамыздың таңына қарай
Психологқа қандай жағдайда бару керек? Психологқа қандай жағдайда бару керек?
Қазақстанда тұратын әр төртінші адамда психикалық ауытқу бар. Бұл жөнінде еліміздегі психология саласының мамандары Дүниежүзілік денсаулық сақтау
Қазір қазақтар қалай өмір сүреді? Қазір қазақтар қалай өмір сүреді?
Жаһандану дәуірінде әлем жұртшылығының бір - бірімен алыс - берісі артып отыр. Мұндай мүмкіндікті жақсы пайдаланған елдер дүниежүзі халқының назарын
Қазақстанның халық саны 18 миллионға жетті Қазақстанның халық саны 18 миллионға жетті
ҚР Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Руслан Дәленов Қазақстан халқының саны жайында мағлұмат берді. Ол туралы sn. kz. хабарлайды. Ол
Мұғалімдердің 70 %- ы өз пәні бойынша тест тапсыра алмаған. Мұғалімдердің 70 %- ы өз пәні бойынша тест
"Назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшідинова Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының жетекші
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×