ойын сауық отауы
2018 жылы 1 қаңтардан бастап ұстаздар жалақысы қаншаға өседі?
14.01.2018 2 821 0 Admin

2018 жылы 1 қаңтардан бастап ұстаздар жалақысы қаншаға өседі?

Жаңалықтар
2018 жылы 1 қаңтардан бастап ұстаздар жалақысы қаншаға өседі?
Білім және ғылым вице - министрі Бибігүл Асылова Қазақстанда мұғалімдердің жалақысы қаншаға көтерілетінін айтты.

Естеріңізге сала кетсек, Елбасы 1 қаңтардан бастап мұғалімдердің жалақысын 30 - 50% көтеруді тапсырған болатын. Жалақыны көтеру кезінде маманның біліктілігі мен жұмыс өтілі ескеріледі.

«1 қаңтардан бастап 1, 2, 5 және 7 - сыныптар ұстаздарының жалақысы көтеріледі. Ал 2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 3, 6 және 8 - сынып ұстаздарының жалақысы көтеріле бастайды. Кейін кестеге сәйкес, 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 4 және 9 - сынып ұстаздарының, 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 10 - сынып ұстаздарының жалақысы көбейеді», - дейді вице - министр.

Екіншіден, маманның біліктілік деңгейін анықтау жаңа жүйеге сәйкес жүргізіледі.

«Біліктілік деңгейін бекіту ұлттық бірыңғай квалификация тестілеуінің нәтижесі арқылы анықталады. Нәтижеге сәйкес бұл ұстаздардың жалақысы 30 - 50% өседі. Квалификация тестін Білім министрлігі осы жылдың ортасына қарай әзірлейді. Қыркүйек айынан бастап ұстаздар осы тестілеуден өтіп, кейін жалақылары өсе бастайды», - деп хабарлады шенеунік.

2017 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда ұстаздың орташа жалақысы 99 мың теңге болды. Енді министрлік ұстаздардың жалақысын көбейткен жағдайда, орташа жалақы 120 - 130 мың теңге болуы мүмкін.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі жәрдемақы қаншаға өсетінін айтты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 2018 жылы азаматтарға берілетін атаулы
Мектеп бітіру кешінің сонша шығынмен өтуін білім министрлігі де қалап отырған жоқ Мектеп бітіру кешінің сонша шығынмен өтуін білім
Білім министрлігінің мектеп бітірушілердің лимузин жалдап, қызыл кілемге тапсырыс беруіне тыйым салуға қауқары жоқ. Бүгін вице-министр Бибігүл
Ұстаздар жалақысы көбейтілуі мүмкін Ұстаздар жалақысы көбейтілуі мүмкін
ҚР Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиев Үкiмет үйiнде өткен баспасөз мәслихатында 2017 жылдың бюджетiнде сағаттар санын азайту есебiнен
Әрбір сыныпта Wi-Fi болады Әрбір сыныпта Wi-Fi болады
Алдағы жаңа оқу жылынан бастап мектептегі әрбір сыныпта Wi - Fi болады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев
Мұғалімдердің жалақысын өсіру үшін 88 миллиард теңге қажет. Мұғалімдердің жалақысын өсіру үшін 88 миллиард
"Мұғалімнің орташа жалақысы - 86 мың теңге, жоғары білімі бар жас мұғалімнің жалақысы 49 мың теңге, орта білімі бар мұғалімдер 39 мың теңге алады.
Қазақстанда жаңа оқу жылына арналған демалыс кестесі бекітілді Қазақстанда жаңа оқу жылына арналған демалыс
Бұйрыққа сәйкес, орта білім беретін ұйымдарда оқу жылы 1 қыркүйекте басталады.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×