ойын сауық отауы
Елімізде мақтаулы қазақ - түрік лицейлері жаппай жабылуы мүмкін
30.07.2016 1 627 0 Дауыл

Елімізде мақтаулы қазақ - түрік лицейлері жаппай жабылуы мүмкін

Жаңалықтар
Түркия елшісі Қазақстан билігінен әйгілі діни ғалым, Фетхуллах Гүленнің ілімін насихаттайды деп, осы мектептердің есігіне қара құлып салуды сұрады деп хабарлайды КТК арнасы.

Алаңсыз каникулда жүрген оқушылар мектептеріне қатысты шыққан даудан бейхабар. Мәселен, Астанадағы білім ошағында жөндеу жүріп жатыр. Бірақ, мұнда бір айдан соң алғашқы қоңырау соғылмай қалуы әбден мүмкін. Себебі ресми Анкара Фетхуллах Гүленнің ілімін насихаттайды деп айыптаған қазақ - түрік лицейлерін тегіс жабуды сұрап отыр. Бүгін арнайы мәлімдеме жасаған Түркия елшісі, еліміздегі оқу орындарының қайсысы өздеріне тиесілі екендігін айтып берді.

- Түркия Үкіметінің ресми қолдауымен ашылған оқу орнын айтайын. Ол Түркістан қаласында орналасқан Ясауи атындағы халықаралық қазақ - түрік университеті. Ал Қазақстанда «қазақ түрік лицейі», «қазақ - түрік мектебі» деп ат қойған білім ордаларының біздің мемлекеттік органдарға еш қатысы жоқ. Бұл жерде Түркияның емес, Қазақстанның да мүддесі жатыр. Сондықтан дұрыс шешім қабылдайды деп ойлаймын, - деді Түркияның Қазақстандағы елшісі: Невзат Уянык

Сол саяси шешім қабылдаудың қиынға соғатын түрі бар. Өйткені, 25 жылда бұл мектептер тамырын терең жайып, әбден орнығып алды. Мәселен, елімізде KATEV халықаралық қоғамдық қорының демеушілігімен ашылған 30 - ға тарта түрік лицейінде қазір 8 мыңнан астам ұл - қыз білім алуда. Әлемдегі ең озық элиталық мектептен осы аралықта қазақтың мыңдаған дарынды қыз - жігіті түлеп ұшып, бүгінде биліктің барлық тармағында лауазымды қызметте отыр. Қала мен облыстардағы лицейлер Қазақстанның Білім министрлігі бекіткен бағдарлама бойынша бала оқытады. Ақшасы да жергілікті бюджеттерден бөлінеді дейді шенеуніктер.

Бірақ, ресми Анкара әлемнің түкпір-түкпірінде табысты жұмыс істеп жатқан лицейлер білімді жамылып, астыртын өз саясатын жүргізіп отырғандарына сенімді. Жуырда Түркия президентін тақтан тайдыра жаздаған әскерилердің әрекетінен соң бұл елде Гүлленнің жақтастары биліктен жаппай қуылып жатыр. Себебі Ердоған төңкеріске оппозиция жетекшісі, әйгілі ислам насихаттаушысы Гүленді айыптаған. Сондықтан қашқындағы саясаткердің адамдары деген желеумен генералдарды айтпағанда, университет ұстаздары, имамдар, шенеуніктер, журналистер, прокурорлар мен судьялардың қолына кісен салынуда.

Қазір Түркия Гүлен қаржыландырады деген мектептердің де көзін құртуға күш салып жатыр. Әзірше, Орта Азия елдерінің ішінен Өзбекстан ғана түрік лицейлерін жауып, бірқатар оқушыларын «Нұршылар» діни ағымына мүшелікке кіргені үшін тұтқындаған. Ал бүгін түрік елшісінің сөзіне қатысты, еліміздің Білім министрлігі дүйсенбіде арнайы мәлімдеме жасауға уәде етті. Бірақ, бұл жоғарғы деңгейде шешілетін мәселе екені айтпаса да түсінікті.

Қазір қазақтар қалай өмір сүреді? Қазір қазақтар қалай өмір сүреді?
Жаһандану дәуірінде әлем жұртшылығының бір - бірімен алыс - берісі артып отыр. Мұндай мүмкіндікті жақсы пайдаланған елдер дүниежүзі халқының назарын
Ақсақ Темір мен түрік әміршісі Баязит туралы Ақсақ Темір мен түрік әміршісі Баязит туралы
Ертеде Ақсақ Темір түрік әміршісі Баязитті жеңіп, оны тұтқынға алыпты дейді. Сол Баязитті Ақсақ Темірдің алдын алып келсе, оның денесі бір жағына
Өзімді таныстыру Өзімді таныстыру
Түркістан - Ата жұртым, дала - жаным. Даламды жұпыны деп қарамағын: Пасауи, дәдем Қорқыт, Арыстанбаб - киелі жатыр мұнда бабаларым - әрқайсы алтын
Қазақ тіліне ештеңе кедергі келтірмейді – Дариға Назарбаева Қазақ тіліне ештеңе кедергі келтірмейді – Дариға
Астанадағы білім беру саласы қызметкерлерінің Республикалық тамыз конференциясына қатысқан Үкімет басшысының орынбасары Дариға Назарбаева үш тілді
2016 – 2017 жылғы мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі 2016 – 2017 жылғы мемлекеттік білім гранттары
Бүгін мемлекеттік білім гранттары иелерінің тізімі ресми БАҚ - та жарияланды.
Қазақ-түрік лицейлері жабылмайды Қазақ-түрік лицейлері жабылмайды
ҚР Білім және ғылым министрлігі Қазақ-түрік лицейлеріне қатысты ресми мәлімдеме жасады: Қазақстанда аталған оқу орындары (елімізде 27 лицей бар)
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×