ойын сауық отауы
Қазақстанда жаңа оқу жылына арналған демалыс кестесі бекітілді
02.08.2016 3 376 0 Дауыл

Қазақстанда жаңа оқу жылына арналған демалыс кестесі бекітілді

Жаңалықтар
Қазақстанда жаңа оқу жылына арналған демалыс кестесі бекітілді
Қазақстанда 2016 - 2017 оқу жылына арналған демалыс кестесі бекітілді, - деп хабарлайды Tengrinews. kz тілшісі.

Бұйрыққа сәйкес, орта білім беретін ұйымдарда оқу жылы 1 қыркүйекте басталады. Ол күні Қазақстанның Тәуелсіздігіне және ҚР Конституциясы күніне арналған салтанатты жиын өтеді. Сондай - ақ, оқу жылының алғашқы күні барлық мектепте патриоттық "Мәңгілік ел" актісінің аясында "Мен өз елімнің патриотымын!" сабағы өткізіледі.

Мектепке дейінгі мекемелердегі оқу жылы 32 аптадан тұрады. Ал бірінші сынып оқушылары 33 апта, 2 - 11 (12) cынып оқушылары 34 апта оқиды.

1 - 11 (12) сынып оқушыларының демалыс кестесі:
а) күзгі демалыс - 7 күн (31 қазаннан 2016 жылдың 6 қарашасын қоса есептегенде);
ә) қысқы демалыс - 10 күн (2016 жылдың 30 желтоқсанына бастап 2017 жылдың 8 қаңтарына дейін);
б) көктемгі демалыс - 13 күн (21 наурыздан 2017 жылдың 2 сәуіріне дейін).

Мектепке дейінге мекемелерде:
а) күзгі демалыс - 7 күн (31 қазаннан 2016 жылдың 6 қарашасын қоса есептегенде);
ә) қысқы демалыс - 14 күн (2016 жылдың 26 желтоқсанынан 2017 жылдың 8 қаңтарына дейін);
б) көктемгі демалыс - 15 күн (2017 жылдың 21 наурызынан 4 сәуірді қоса есептегенде).

Айта кетейік, мектеп алды және бірінші сыныптарға тағы қосымша жеті күндік демалыс беріледі - 2017 жылдың 1 ақпанынан - 7 ақпанға дейін.

Демалыс күндері 2019 кестесі Демалыс күндері 2019 кестесі
Демалыс күндері 2019
2018 жылы 1 қаңтардан бастап ұстаздар жалақысы қаншаға өседі? 2018 жылы 1 қаңтардан бастап ұстаздар жалақысы
1 қаңтардан бастап 1, 2, 5 және 7 - сыныптар ұстаздарының жалақысы көтеріледі. Ал 2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 3, 6 және 8 - сынып ұстаздарының
Биылғы оқу жылы 2 қыркүйекте басталады. Биылғы оқу жылы 2 қыркүйекте басталады.
Қазақстанда биыл оқу жылының басы 2 қыркүйекте басталатын болды.
Ораза және намаз уақыттарының кестесі Ораза және намаз уақыттарының кестесі
Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасы назарларыңызға 2017 жылғы Қазақстан қалаларының Рамазан айындағы ораза және намаз уақыттарының кестесін ұсынады.
2017 жылдың соңына дейін ҚР мектептерінде электронды күнделік енгізілмек 2017 жылдың соңына дейін ҚР мектептерінде
2017 жылдың соңына дейін ҚР мектептерінде электронды күнделік енгізілмек. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев тамыз кеңесінде
Алматыда биыл 29 мыңдай бала мектепке барады Алматыда биыл 29 мыңдай бала мектепке барады
Алматыда биыл 2016 - 2017 оқу жылында 29 мыңдай бала бірінші сынып оқушысы атанады.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×