ойын сауық отауы
БЖТ (Бірыңғай жиынтық төлем) дегеніміз не?
28.10.2019 5 752 0 Admin

БЖТ (Бірыңғай жиынтық төлем) дегеніміз не?

Мен кәсіпкермін
Жеке кәсіпкер болып тіркелген соң, оның екі режимде жұмыс жасау мүмкіндігі бар, атап айтқанда: патент негізінде немесе оңайлатылған режимде (упрощенный режим)

Бүгінгі біздің қарастырып отырған режиміміз осылардың екеуіне де жатпайды. Бұл режим кімге арналған? Бұл режим қарапайым халыққа, яғни жұмыс істемейтін адамдарға немесе басқа жеке тұлғалардың жұмыстарын істейтін адамдарға арналған. Мысалы: қалада, ауылда тұратын үйде отырған әйелдерге, үйінде отырып мал бағатын кісілерге, такси болып қызмет көрсететіндерге, еш жерде қызмет жасамайтын адамдарға, фрилансерлерге арналған.

Жеке кәсіпкерлерге қарағанда табысы төмен, өзін - өзі жұмыспен қамтыған жеке тұлғаларға ғана арналған режим. Бұл ретте, шекті табысы күнтізбелік жылға есептегенде 100 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) аспауы тиіс. Яғни, егер ай сайынғы кірісіңіз 247 483 теңгеден аспайтын болса, онда сізге осы режимге өтуі мүмкіндігіңіз бар.

БЖТ (Бірыңғай жиынтық төлем) төлеушілер үшін қолданыстағы басқа режимдерден қарағанда төлемдер неғұрлым төмен ставкалар бойынша айқындалатын болады. Бірыңғай жиынтық төлем қала тұрғындары үшін 1 АЕК (2525 теңге) және ауылда тұратындарға 0, 5 АЕК (1263 теңге) мөлшерінде белгіленген.

2019 жылдан бастап ең төменгі есептік көрсеткішті 2 525 теңгені құрайтын болады, яғни жұмыс істемейтін қалада тұратын азаматтар 2 525 теңге, ал ауылда тұратын азаматтар 1263 теңге төлейді, бұл төлеген сома төрт бағыт бойынша бөлінеді:

10% - Жеке табыс салығына
20% - Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар;
30% - Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы төлемдері;
40 % - Міндетті әлеуметтік - медициналық сақтандыру қорына аударымдар.

Бірыңғай төлемді табыс алу мақсатында қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар ғана төлей алады, яғни басқа жеке тұлғаларға қызмет көрсететін адамдар ғана. Бұл ретте олар мынадай шарттарды сақтауға тиіс:

Жеке тұлғаларға ғана қызмет көрсетеді, жұмыстарды орындайды.

Жеке тұлғаларға тұтыну үшін жеке қосалқы шаруашылықты пайдаланудан тапқан ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізеді.

Егер адам заңды тұлғаларға да қызмет көрсетсе, онда олар салықтарды толық көлемде төлеуіне тура келеді, яғни:
сауда объектілерін қоса алғанда, коммерциялық жылжымайтын мүлік объектілерінің аумағында қызметтер көрсететін жеке тұлғалар; (түсінікті тілмен айтқанда базарларда, сауда үйлерінде сауда жасайтын адамдар бұл төлемді төлей алмайды, оларға жеке кәсіпкер ретінде тілкелуге тура келеді)

тұрғын үйді қоспағанда, мүлікті жалға (мүліктік жалға) беретін тұлғалардың; (яғни ғимараттарды коммерциялық мақсатта жалға берсе БЖТ төлеуге болмайды) (жеке тұрғын үйін немесе пәтерін жалға берсе БЖТ төлеуге болады)
жеке практикамен айналысатын адамдар;

оралмандарды қоспағанда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар; (оралмандарға БЖТ төлеулеріне болады)

жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен заңды тұлғалар.

Бейресми жұмыспен қамтылғандар үшін БЖТ енгізу не береді? 
Біріншіден, бұл медициналық мекемені таңдау құқығымен сомасы мен түрлері бойынша шектеусіз медициналық қызметтерге қол жеткізуге мүмкіндік береді, басқаша айтқанда, бұл азаматтар (бірыңғай жиынтық төлем төлейтін) МӘМС (медициналық сақтандыру) енгізілгеннен кейін толық көлемде медициналық қызметтерін толық ала алады.

Екіншіден, бұл азаматтар жинақтаушы зейнетақы жүйесіне және жүйеге қатысу өтіліне байланысты базалық зейнетақы төлемін алуға құқылы болады. Басқаша айтқанда, өзін - өзі жұмыспен қамтыған халықтың бейресми бөлігі зейнетақымен қамсыздандырумен толық қамтылатын болады, оларда еңбек өтілі белгіленуіне байланысты жоғары мөлшерде базалық зейнетақы алу мүмкіндігі пайда болады. (Бұл дегеніміз сізде зейнетақы алуға құқылы боласыз және осы БЖТ төлеген айларыңыз еңбек өтіліне есептелетін болады)

Үшіншіден, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылған, асыраушысынан айырылған, жүктілік пен босану, бала асырап алған, бір жасқа дейінгі бала күтімі жағдайларында әлеуметтік төлемдер алатын болады.






МӘМС төлемдерін қалай төлеуге болады МӘМС төлемдерін қалай төлеуге болады
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық ЖК осы айда табыс болғанына немесе болмағанына қарамастан, өзі үшін МӘМС 2975 теңге мөлшерінде төлеуге
Жалпыға бірдей декларация дегеніміз не? Жалпыға бірдей декларация дегеніміз не?
2020 жылдан бастап Қазақстанда жалпыға бірдей декларация енгізіледі. Бұл дегеніміз, біз оңайлатылған немесе кеңейтілген түрде табыс туралы бастапқы
Патент негізінде салық режимі Патент негізінде салық режимі
Патент негізінде Қазақстанда өз бизнесін жүргізу ең қолайлы режим болып табылады. Қызметтің бұл түрі есептілікті жүргізу талап етпейді. Патент
Оңайлатылған салық режимі Оңайлатылған салық режимі
Оңайлатылған декларация негізіндегі салық режимі, немесе қарапайым айтқанда, оңайлатылған, салық есептілігін тапсырудың жеңіл процедурасының
Қазақстан азаматтарын тұрғылықты мекен жай бойынша тіркеу жөнінде не білу керек? Қазақстан азаматтарын тұрғылықты мекен жай
Жаңа жерде қаншалықты жылдам тіркелу керек? Жоғарыда аталған нормативтік құжаттармен қатар, ҚР аумағында ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидалары да
Кейбір қызметкерлер жұмыс уақытының жиындық есебіне ауыстырылған Кейбір қызметкерлер жұмыс уақытының жиындық
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 86 - бабына сәйкес жұмыс уақытының жиынтық есебі - жұмыс беруші белгілеген, бір жылдан асыруға болмайтын
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×