ойын сауық отауы
Оңайлатылған салық режимі
21.11.2019 6 777 1 Admin

Оңайлатылған салық режимі

Мен кәсіпкермін
Оңайлатылған салық режимі (Упрощённый налоговый режим)

Оңайлатылған декларация негізіндегі салық режимі, немесе қарапайым айтқанда, оңайлатылған, салық есептілігін тапсырудың жеңіл процедурасының арқасында кәсіпкерлер үшін ең ыңғайлы режим болып саналады, оны ЖК(жеке кәсіпкер) немесе ЖШС(жауапкершілігі шектеулі серіктестік)-тің иесі бухгалтердің көмегінсіз жүргізе алады, сондай-ақ бұл режим төмен салық төлеумен ерекшеленеді.

АЕК (айлық есептік көрсеткіш) 2019 жылы - 42 500 теңге, 2018 жылы - 28 284 теңге
МРП 2019 жылы - 2 525 теңге, 2018 жылы 2405 теңге
Оңайлатылған салық режимінің артықшылықтары:
- табыс салығы 3% ;
- салық есептілігі жарты жылда бір рет тапсырылады.

Төмен салық төлеу
Оңайлатылған салық режимінде ЖШС және ЖК кәсіпкер табысының 3% салық ретінде төлейді, оның ішінде 1, 5% – табыс салығы және 1, 5% – әлеуметтік салық.
Бұдан басқа, ЖК жалақысынан 10%, - міндетті зейнетақы жарналарын, жалақысынан 3, 5% - әлеуметтік аударымдарға төлейді. Міндетті медициналық сақтандыру қоры жарналарынан ЖК 2020 жылға дейін босатылған.

ЖШС оңайлатылған режимінде директоры кәдімгі қызметкер болып есептеледі (құрылтайшы ма әлде жоқ па маңызды емес) ЖШС-те жұмыс жасайтындарға мынадай салықтар төленеді:

ИПН(Жеке табыс салығы) - 10%; (2019 ж. 1 қаңтарынан бастап 25 АЕК асатын)
ОПВ(Міндетті зейнетақы жарналары) – 10% 2019 ж. 1 қаңтардан бастап (жоғарғы шегі – 50 - еселенген (2 125 000 теңге) 50 МРП) ;

Әлеуметтік аударымдар – 2019ж 1 қаңтардан бастап 3, 5% (1 МЗП ең төменгі шегі - 3, 5% - дан, ең жоғарғы шегі МЗП жеті есеге дейін (297 500 теңге)

ОСМС(Міндетті медициналық сақтандыру қоры жарналары) 2019 ж. -1, 5% (ең жоғарғы шегі-1, 5% 10 МЗП); -
Қызметкерлер үшін әлеуметтік салық төленбейді.

Барлық осы салықтар ай сайын келесі айдың 25 дейін төленуі тиіс (қаңтар айына – ақпанда, ақпан айына – наурызда төленіп кете береді).

Оңайлатылған декларацияның шектеулері мен ерекшеліктері
Оңайлатылған декларация негізіндегі салық режимі үшін бірқатар шектеулер бар. Мысалы, жеңілдетілген декларация кейбір қызмет түрлеріне қолданылмайды. Бұл мұнай өнімдері мен акцизделетін тауарларды сату, металл сынықтарын жинау, бухгалтерлік есеп және аудит және т.б. кәсіпкер жеңілдетілген жұмыс істей алмайтын қызмет түрлерінің толық тізбесі ҚР қолданыстағы Салық кодексінің 683-бабында көрсетілген.

Қызметкерлердің барынша рұқсат етілген штаты-30 адам. Бұл қатарға ЖК өзі, ЖШС-тің иесі кіреді салық есептілігі нысанында ол қарапайым қызметкер болып көрсетіледі.

Шектеулер шекті табыстың шамасына да қатысты. Бір жартыжылдықтың лимиті – 2044 ең төменгі жалақы.
2018 жылы бұл сома 57 812 496 теңгені құрады.
2019 жылға салық кезеңі үшін табыс арнайы салық режимі үшін тиісті қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 24 038 еселенген мөлшерінен (60 695 950 теңге) аспауы тиіс);

Салық есептілігін тапсыру мерзімі – есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-не дейін. Яғни, есепті тапсыру мерзімі бірінші жарты жылдықта – 15 тамызға дейін, екінші жарты жылдықта – келесі жылдың 15 ақпанына дейін.

Декларацияда қызметкерлер бойынша көрсеткіштер айлар бойынша және жалпы есепті кезең үшін көрсетіледі.

Маңызды: кәсіпкердің оңайлатылған салық режимінде бухгалтерлік есеп жүргізбегеніне қарамастан, ол есеп құжаттамасын жүргізуге, бастапқы құжаттарды сақтауға және салық тіркелімін жүргізуге міндетті. Салық тіркелімі өз бетінше жасалады және тексеру жағдайында салық органына көрсетіледі.

МӘМС төлемдерін қалай төлеуге болады МӘМС төлемдерін қалай төлеуге болады
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық ЖК осы айда табыс болғанына немесе болмағанына қарамастан, өзі үшін МӘМС 2975 теңге мөлшерінде төлеуге
2020 жылдан бастап кәсіпкерлер үшін не өзгереді? 2020 жылдан бастап кәсіпкерлер үшін не өзгереді?
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке кәсіпкерлермен патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану бойынша талаптардың өзгеруі күшіне енеді.
Жалпыға бірдей декларация дегеніміз не? Жалпыға бірдей декларация дегеніміз не?
2020 жылдан бастап Қазақстанда жалпыға бірдей декларация енгізіледі. Бұл дегеніміз, біз оңайлатылған немесе кеңейтілген түрде табыс туралы бастапқы
Қарызыңыз бар ма жоқ па? Қалай интернет арқылы онлайн білуге болады? Қарызыңыз бар ма жоқ па? Қалай интернет арқылы
Мұнда сіз өзіңіздің салық берешегін біле аласыз, Көлік, жылжымайтын мүлік, зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, медициналық сақтандыру
Патент негізінде салық режимі Патент негізінде салық режимі
Патент негізінде Қазақстанда өз бизнесін жүргізу ең қолайлы режим болып табылады. Қызметтің бұл түрі есептілікті жүргізу талап етпейді. Патент
БЖТ (Бірыңғай жиынтық төлем) дегеніміз не? БЖТ (Бірыңғай жиынтық төлем) дегеніміз не?
БЖТ (Бірыңғай жиынтық төлем) төлеушілер үшін қолданыстағы басқа режимдерден қарағанда төлемдер неғұрлым төмен ставкалар бойынша айқындалатын болады.
Пікірлер (1)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Admin
#1 Admin Әкімшілік 20 ақпан 2019 22:39
Сұрақтарыңыз болса осында, жаза отырыңыздар көмек беруге дайынбыз
×