ойын сауық отауы
Отбасы психологиясы
19.12.2016 7 988 1 Дауыл

Отбасы психологиясы

Жалпы кеңес
Отбасы психологиясы
Отбасылық қарым - қатынас психологиясы тоғыз заңдылықтан тұрады. Егер оны жетілдіруді меңгерсеңіз – жартылай табысқа жеткеніңіз деуге болады. Бұл әлемде құнды нәрсеге оңайлықпен жетпейсің. Егер біз отбасының бақыты үшін, аз да болса күш салатын болсақ, ол міндетті түрде бағаланады. Кейбір отбасылық құпияларды білумен қатар, айналаңыздағы адамдармен дұрыс қарым - қатынас жасай білу туралы айтамыз.

1 - заңдылық. Ұқсастықты байқау
Отбасы бақыты үшін ең бірінші және маңыздысы.
Біз өзімізді қалай ұстасақ, айналадағы жандардан сондай жауап аламыз. Қасыңыздағы адамдарға қарап, оларды өзіңіздің айнадан қарағандағы бейнеңіз деп біліңіз. Соларға қарап тұрып, ұнамайтын кейбір кемшіліктерді байқау керек, бұл кемшіліктер сіздің де бойыңызда бар екенін түсінуіңіз керек. Әрбір қыз - келіншек өмірінде тамаша ханзаданы кездестіріп бақытты да ұзақ ғұмыр кешуді армандайды ол үшін: өзі де ханшайым болуы керек екенін түсіне бермейді.

2 - заңдылық. Не ексең, соны орасың.
Шығыста бұны «іс - әрекет заңдылығы» дейді. Өзің не бересің, соны аласың. Жаныңда жүрген адамды өзіңдей жақсы көр. Жақын адамыңмен қалай қарым - қатынас жасайсың өзің біл, бірақ ол адам сенімен үнемі байланыста болсын. Әлемнің барлық діндерінде жазылғандай отбасылық қарым-қатынас психологиясы махаббатқа негізделген.

3 - заңдылық. Бәрі сүйікті болғысы келеді.
Махаббат тек отбасылық өмірге ғана қатысты емес басқа да салаларға қатысы бар. Алайда, отбасылық өмірде махаббаттың үлесі зор болып есептеледі. Егер адам жағдай жасай білуге, қабілетті болса, сонымен қоса сенімді, ақкөңіл, жомарт, шынайы, бәріне жауапты болуға қабілетті болса – онда өз жартысымен бақытты өмір сүруге мүмкіндігі бар. Шынайы махаббат нақ осындай адал ниеттің арқасында туады.
Мейлі, ол ауру әлде сау ма, бай әлде кедей ме, жақсы әлде жаман адам ба, қасыңыздағы жанға жақсылық жасап, оның қайтарымын күтпесеңіз, міне содан шынайы махаббат пайда болады. Махаббатта шынайылық қажет. Адам шынайы болса бақытты көбірек сезінеді. Өзі бақытты адам басқаларды да бақытқа бөлей алады. Адам өзі жақсы болған сайын – айналасынан да сондай жылу алады.
Керісінше, қасыңдағы адамды бөліп - жару, билеп - төстеу, орынсыз кіналау, қызғану секілді қылықтар арқылы, отбасылық бақытқа апарар жолды жауып, қарым - қатынасты бұзасыз.

4 - заңдылық Сөз сүйектен өтеді.
Сөзбен адам жанын жаралап алу оңай. Егер адаммен қалай сөйлесе білуді білмесеңіз, бұл да қиын. Күнделікті сөздік қорыңыз өкпелеу, наразылық таныту, тіл тигізу секілді сөздерден тұратын болса, мұндай сөздерден соң, қарым - қатынастың соңы жақсы болмайды. Бір - ақ минут ішінде бір ауыз сөзбен адам жүрегіне өмір бойы жазылмайтындай жара салып алуыңыз мүмкін.
Әрбір адам баласы, іштей кішкентай балақай, сол кішкентай баланың жүрегін ауыртып алмауды ескеру керек. Отбасылық қарым - қатынас психологиясында жұптар бір - біріне үнемі мейірімді сөздер айтуға тиіс деп есептеледі. Сіздің аузыңыздан үнемі қолдау, мақұлдау, мейірімге толы сөздер естілсін. Ол сіздің әрбір жақсы қасиетіңізді байқайды және ол да сізге разылықпен жауап қайырады. Бұл ереже басқа да сүйген жүректер үшін заң болып енсін.

5 – заңдылық. Сенім болуы керек.
Сенім болмаған жерде шынайы қарым - қатынас та болмайды. Қызғаныш, қорқыныш – жұптардың арасында сенім болмаған кезде туындайды. Адамға сенім арта білмеген адам, бұл сезімнің қаншалықты құнды екенін түсінбейді. Ал өзіне деген сенімсіздікті байқаған адам өзін қапаста жүргендей сезінеді. Негізі қызғанышты туғызатын жалғыздық, өзін бағаламау, өзіне деген сенімсіздік, өзін төмен дәрежеде көрудің әсерінен туады. Сенім – нағыз сүйіспеншілік қарым - қатынасты құрайтын маңызды бөлік.

6 - заңдылық. Шынайы қарым - қатынас.
Махаббат – өсімдікке ұқсайды, үнемі күтімді қажет етеді, күнделікті суарып қопсытып тұру секілді.
Үнемі көңіл бөлсеңіз жайнап гүлдей бастайды, көңіл бөлмеуге байланысты сарғайып солады. Шынайылық – өсімдікке қажет су секілді, махаббаттың ұлғайып, сезімнің күшеюі үшін қажет.
Гүлді суарған сәтте жылы сөздер айтқандай, өз жартыңызға үнемі мақтау сөздер айтып, шынайы ризашылығыңызды білдіріңіз. Отбасылық бақыттың шын құпиялары осы.
Бір – біріне деген сезімін, тілегін, қалауын шынайы білдіріп отыруы қажет. Ол сізге ең жақын адам екенін, оның сіз үшін орны ерекше екенін айтыңыз.
Сізге деген мақтау сөздерді айтуға міндетті деп есептемеңіз, айтып жатса алғысыңызды білдіріңіз. Әрбір жанның ішінде өмір сүретін кішкентай балақайға үнемі мақтау, мақұлдау, жылы сөз қажет. Сондықтан жылы сөздерді аямаңыз.

7 - заңдылық. Не бересің, соны аласың.
Махаббат ешқашан тоқтамайды. Махаббатқа бөленгіңіз келе ме? – онда өзіңіз махаббат сыйлаңыз. Сіз қаншалықты көңіл бөлгеніңізге қарай оның қайтарымы болады. Өзі сүйе білген адамды өзгелер де сүйеді. Неге басқа адам сізді сүюі қажет? Ол үшін: сіз бірінші қадам жасаңыз. Басқаны жақсы көруден, сүюден адамға зиян келмейді. «Ол маған не береді» - деп емес, «мен оған не сыйлаймын» - деген оймен өмір сүрген жөн.

8 - заңдылық. Қолдың жылуы.
Физикалық байланыс яғни жай қолдан ұстау немесе сипалаудың өзі махаббаттың пайда болуына негіз болады екен. Құшақтау немесе шашынан сипау, қолынан сипау өзара қатынасты жақсартады. Жақсы көрген жандар құшақтасқан сәтте немесе жай ғана қолынан сипаған сәтте олардың жаны да бірге болады екен. Адам өз жартысын құшағына баса отырып, тек тәні ғана емес жаны да сол адаммен бірге болғандай сезінеді. Отбасылық қарым - қатынас психологиясы рухани және физикалық үйлесімділікке негізделген. Жай ғана бір - бірінің қолынан ұстай тұрып немесе құшағына қыса отырып, адам бір - біріне жақындай түседі және жақын тартады. Ол адамға сүйіспеншілік, қамқорлық таныта отыруына байланысты адам физиологиясы соған қарай әрекет етеді. Соның әсерінен күйзелiс гормондарының деңгейi төмендеп, иммунитет жақсарады, жүйке жүйесiнiң күйiн бiрыңғайланады, жағымды эмоциялар пайда болады.
Адам құшағына қыса тұрып жылу сыйлайды және сүйіспеншілікке бөленеді. Егер жақсы көрген адамын жиі құшақтап тұрмаса адам ауыруға шалдығады екен.

9 – заңдылық. Сен еркінсің
Адам неге ұмтылады? Өз ойы мен сезімін білдіруде еркін болуды қалайды. Жеке өз кеңістігі болу, яғни өз қалауынша өмір сүру. Басқа адамға еркін өмір сүруге жағдай жасай отырып, біз оның жеке басын құрметтейміз. Ол адам өз қалауынша шешім шығарып, өзіндік жеке көзқарасы болуын қалыпты деп есептейміз. Басқаға өз әлемімізді түсінуді үгіттемейміз, оның өз ойында қалуына мүмкіндік жасаймыз. Егер сіз оны шын сүйсеңіз, оны бақытты ету үшін сіз барлық жағдайды жасайсыз. Оған көбірек еркіндік бере отырып, өзіңізге жақын тартасыз.
Міне, отбасылық бақыттың құпиялары осы. Бір - біріңізді бағалаңыздар, бақытты болыңыздар!

Дереккөзі: lady. com

Дайындаған: Жадыра

Тәрбиеге қатысты, салт-дәстүрге қатысты, тіпті өзіңізге ұнаған тақырыпта мақала жариялауыңызға болады. Ол үшін мына поштаға хат жолдауға болады: bilimdiler@yandex.kz

Өнегелі отбасы қандай болу керек? Өнегелі отбасы қандай болу керек?
Бақытты отбасы бір - бірімен көп сөйлеседі.
Жұлдыз белгілері:  сіздің қарым-қатынасыңыздың бұзылуының басты себебі Жұлдыз белгілері: сіздің қарым-қатынасыңыздың
Өз жартыңызбен немесе болашақ серіктесіңізбен өзара байланыс кезінде кездесетін кемшіліктер қандай? Бұл жөнінде астрология не дейді?
Жұптардың қарым-қатынасын құртатын 5 нәрсе Жұптардың қарым-қатынасын құртатын 5 нәрсе
Көптеген адамдар үйлесімді және бақытты өмір сүру үшін өзара жағымды қарым - қатынас орнатудың кейбір тәртібін ұстанбайды.
Сіздің әлі күнге жалғыз жүруіңіздің себебі не? Сіздің әлі күнге жалғыз жүруіңіздің себебі не?
Егер сіз әлі күні жемісті қарым - қатынас орната алмай жүрсеңіз, онда бұл әлемге деген көзқарасыңызды өзгерту керек шығар.
Келін мен ене: Ене мен келіннің ара-қатынасы Келін мен ене: Ене мен келіннің ара-қатынасы
Қыздардың барлығы бойжеткен соң сүйгенімен бас қосып тұрмыс құруды армандайды. Алайда тұрмыс құрғаннан кейін не күтіп тұрғанын ойлап жатпайды.
Адам өзін бақытты сезіну үшін...? Адам өзін бақытты сезіну үшін...?
Сонымен адамның бақыты өз қолында дегенге сенесіз бе?
Пікірлер (1)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Лиза
#1 Лиза Қонақ 10 тамыз 2017 15:35
Тамаша!Өте қажетті əрі пайдалы мəліметтер.Сіздерге көп көп рахмет!
×