ойын сауық отауы
Пайдалы таңғы ас мәзірі
03.10.2019 45 646 0 Дауыл

Пайдалы таңғы ас мәзірі

Жалпы кеңес
Пайдалы таңғы ас түрлері

Таңғы асқа отырмас бұрын не істеу қажет?
Таңертең ұйқыдан тұра салысымен адамның асқа тәбеті бола қоймайды. Жуынып алғаннан соң, 1 стакан қайнаған су ішіп алған жөн. Бұл асқазан, ішек жолдары мен қан айналымын жүйелерін іске қосады. Суды асықпай ұрттап тұрып ішкен пайдалы.
Сонымен қоса 3 - 4 түрлі жеңіл таңғы жаттығу түрлерін жасаңыз. Төсектен тұра салысымен жасауға болады. Ең дұрысы, толыққанды 15 - 20 минут бойы жаттығу жасау пайдалы болып есептеледі. Мұндай жаттығудан кейін шыныменен тәбетіңіз ашылады.

Таңертеңгі дәм міндетті түрде ыстық астан тұрған жөн. Таңғы асқа сүтке жібітілген жүгері үлпектері немесе жеңіл бутерброд түрлерін қабылдау дұрыс емес. Себебі, таңертеңгілік уақытта ақуыз, май, көмірсудың сіңірілуін реттейтін ферменттердің бөліне қоймауы әсерінен, асқазанда мұндай ас түрлері дұрыс қорытыла қоймайды.
Таң ертемен ас дайындауға ешкім құлықты болмайды, сондықтан көбіміз кешегіден қалған асты жей салуды жөн санаймыз. Алайда, кешегі ас ағзаға ешқандай пайда әкелмейді. Күні бойы сергек жүруді қалаған адам, астың дәмді болуымен қатар, ағзаны керекті ферменттермен қамтамасыз етуді де ескерген жөн.

● Көкөністер. Бұқтырылған немесе буда пісірілген көкөніс түрлері таңғы ас мәзіріне әбден лайық келеді. Бастығы тұз бен дәмдеуіштерді аздап қосқан дұрыс.
Таңғы ас қандай тағам түрлеріне тұруы тиіс? - деген сұраққа диетолог мамандар: - жарма өнімдерінен - деп жауап береді. Шындығында солай. Жарма өнімдерінің құрамында минералдар мен дәрумендер көп. Бұл ағзаның сергуіне әсер етеді.
● Ботқа. Пайдалы 3 түрлі ботқа
Дәрігерлердің ұстанымы бойынша таңғы ас рационында ботқа болуы керек деп есептейді. Бұл өнімдер көмірсуға бай. Жарма өнімдері баяу сіңірілетін болғандықтан адам ұзақ уақыт тоқ жүреді.
1. Сұлы ботқасы жеңіл сіңірілетін болғандықтан асқазан және ішек, теріге тиімді әсер етеді. Бұл ботқаны күн сайын жеуге болады. Егер шекерді аздап салып дайындасаңыз, артық салмақпен күресуге де көмегі бар. Сұлы ботқасына аздап бал немесе банан қосып жесе өте дәмді болады. Сонымен қоса, кепкен жемістер қосып дайындауға да болады.
2. Сүт қосылған қарақұмық ботқасы. Энергетикалық қасиеттері мен дәмі жағынан қарақұмық пен сүт бір - біріне өте үйлесімді өнімдер деп атауға болады. Қарақұмықты сүтте пісірудің әсерінен қарақұмықтың құрамындағы микроэлементтер мен ақуыздардың пайдалы әсері артады. Мұндай тойымды таңертеңгілік ас гемоглобин мөлшерін бір қалыпқа келтіреді.
3. Күріш ботқасын сүтпен дайындағыңыз келсе күріштің ақ түрін пайдаланған жөн. Қоңырлау түсті күрішті суда әзірлеген дұрыс. Күріш зиянды заттарды өзіне сіңіру арқылы, ағзаның зиянды қалдықтардан тазаруына мүмкіндік жасайды.
Ботқаның кез келген түрін кепкен жемістермен немесе жаңғақ түрімен үйлестіріп тұтынуға болады.
● Сүт өнімдері. Айран, сүзбе, йогурт. Майлылығы жоғары болмауын ескеру керек. Бұл өнімдер түрлі жемістер, жаңғақтар, бал, шырынмен өте үйлесімді.
● Қатты ірімшік. Ірімшік дәмділігімен қоймай, пайдалы тағам. Ол кальцийге өте бай. Мұндай ірімшіктің 1 - 2 тілігін кез келген асқа қосымша тұтынуға болады.
● Жеміс – жидектер. Жемістерді шикі күйінде немесе шырынын сығып тұтыну өте пайдалы.
● Жұмыртқа. Бұл өнімді таңғы ас мәзіріне көпшілік тұтынады десек қателеспейміз. Қайнатылған түрінде, қуырылған түрінде, жылдам әрі дәмді тағам түрі. Мұндай таңғы ас құнарлылығымен қатар ағзаға мол күш қуат береді.

Таңғы асқа тұтынуға болмайтын өнімдер:
▪ Цитрустық жемістер. Аллергия туғызумен қатар асқазан гастриті пайда болуы мүмкін.
▪ Шикі көкөністер. Құрамында қышқыл көп болуы әсерінен, асқазанның сілемейлі қабатын тітіркендіреді.
▪ Йогурт. Таң азанмен адам ағзасы йогурт бактерияларын қажет етпейді. Сондықтан, екінші ас мәзіріне қосқан жөн
▪ Тәттілер. Таңертеңгісін ұйқы безі көп мөлшерде қант қабылдауға дайын болмайды. Таңертеңгілік көп мөлшерде қант тұтыну ұйқы безінің қызметін нашарлатып, қант диабетін туғызуы мүмкін.
▪ Кофе. Бұл сусын асқазан сілемейлі қабатын тітіркендіріп, асқазан гастритін туғызуы мүмкін.
▪ Жылдам дайындалатын тағам түрлері: мысалы, жүгері үлпектері, шұжық өнімдері бірінде шамадан тыс қант болуынан, бірінде канцерогендi заттар кездесетін болғандық зиянды болып есептеледі. Бұндай өнімдерді таңғы ас мәзіріне қоспаған жөн.

Менің бірінші таңғы ас мәзірім
1. Ұйқыдан тұра салысымен 1 стакан су ішу
2. Таңғы жаттығу жасау
3. Ботқа әзірлеу (сұлы ботқасын)
4. Таңғы асқа: Сұлы ботқасы, 1 тілік нан, 1 тілік ірімшік (сыр), 1 стакан шай.

Екінші таңғы ас
Бірінші таңғы асты 8 - де қабылдасаңыз, 3 сағаттан соң 11 - де екінші асты қабылдауға болады. Бұл уақытта арнайы ас әзірлеу қажет болмайды. Пайдалы тағам түрлерін қабылдасақ болғаны. Мысал:
▪ алма, алмұрт, банан.
▪ йогурт, айран, майсыз сүзбе (творог)
▪ жұқа тілік ірімшік (сыр)
▪ кез келген көкөніс
▪ жаңғақтар немесе кепкен жемістер
Тамақ рационын күн сайын қадағалауда ұстау қиын екенін білемін. Алайда, дұрыс тамақтану салауатты өмір салтын ұстанудың ережесіне кіретін болғандықтан қадағалауға тура келеді.

Дайындаған: Жадыра

Халық емі: Бауыр ауырғанда көмек Халық емі: Бауыр ауырғанда көмек
Бір аурудан емделу үшін ішкен дәріңіз көп жағдайда бауырға кері әсерін тигізіп жатады. Ондайда бауырды қорғаудың қарапайым әдісін қолданыңыз.
Ағзаны тазартудың түрлі тәсілдері Ағзаны тазартудың түрлі тәсілдері
Адам ағзасы машина секілді: бірқалыпты жұмыс істеуі уақыт өте баяулайды, жас ұлғая сыр бере бастайды. Бұл кезде ағзаның жұмыс істеу күшін бастапқы
Гормондарды ретке келтіретін 3 түрлі сусын Гормондарды ретке келтіретін 3 түрлі сусын
Лимон ағзадағы лептин гормонына әсер етеді. Лептин – тоқшылық гормоны. Егер лептин гормоның балансы бұзылса май жинала бастайды яғни адам семіре
Қайнаған сумен емделіңіз. Қайнаған сумен емделіңіз.
Құрбы-құрдастарыңыздың, туыстарыңыздың немесе таныстарыңыздың қарапайым шәй мен кофеден үзілді - кесілді бас тартып, жай ғана қайнаған суды ішіп
Қай уақыттағы ұйқы адамға қатерлі? Қай уақыттағы ұйқы адамға қатерлі?
Адамдардың көпшілігі таңғы ұйқының тәтті шырынын бұзғысы келмей жата тұрғанды жөн көреді. «Тағы бір бес минут, тағы бір он минут» - деп ұйқысын соза
Мектеп оқушысының күн тәртібі Мектеп оқушысының күн тәртібі
Мектеп оқушысының уақытты тиімді пайдалануы – оның мектепте табысты үлгерімінің кепілдігі ғана емес.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×