ойын сауық отауы
Ас бөлмеде өсіретін гүлдерді дұрыс таңдау және күтіп баптау
11.07.2016 4 037 1 Дауыл

Ас бөлмеде өсіретін гүлдерді дұрыс таңдау және күтіп баптау

Жалпы кеңес
Ас бөлмесіндегі гүлдер де барлық гүлдер секілді ерекше күтімді қажет етеді. Сонымен қатар, ас бөлмесінде гүлде орналастыруда да, бірнеше ережелер бар: гүлдер ыдыс-аяқ жуатын жерден алыс тұруға тиіс. Ыдыс - жуғыш құралдың көпіршігі тиіп кетсе гүлге әбден зиян келеді, тіпті жас отырғызылған көшет болса, солып қалуы мүмкін.

Гүл отырғызылған құмыраларды айына бір рет аздап сабындап сүртіп, артынан таза сумен шайыңыз.
Гүлге су бүркіп тұруды ұмытпаңыз, сонымен қоса жарықтың мол түсуіне де көңіл аударыңыз.

Қыстың күні терезе алды суық болмауы керек, гүл құмыраларының астынан соққан суық ауа гүлдің тамырына зиян келтірмес үшін арнайы ағаштан жасалған тор төсеп қойған дұрыс.

Егер терезенің гүл қоятын тақтайы (подоконник) қыста жылытқыш батарейге жақын тұрып гүлдің астынан үнемі ыстық ұрып тұрса да зиянды. Мұндай жағдайда гүл құмыраларының астына ыстық өткізбейтін пенопласт төсеме қойған дұрыс.

Ерекше хош иісті гүлдер ас бөлмесінде тұруға тиіс емес, өйткені ас бөлмесінде ас дайындалады және онда тамақтанатын болғандықтан, гүл иісі адамның тәбетін қайтарып жіберу әсері бар. Сонымен гүлдің күшті, хош иісі тамақтың да дәмін өзгертіп жіберуі мүмкін.

Ас бөлмесінде өсіретін гүлдердің бірнеше түрлері төмендегідей, Өзіңізге ұнаған, ас бөлмесінің сәнін келтіреді деген гүлді өсіруіңізге болады.
Хлорофитум
Бегония
Гиацинт
Фиалка
Герань
Орхидея
Шефлера
Сәндік үшін өсірілетін майда бұрыш
Фикус
Кливия

Толық нұсқасын жүктеу

Авторы: Жадыра

Гүл туралы сіз қандай қызықты мәлімет білесіз бөлісе отырыңыз?! Пікір қалдыру жолына жазба қалдыруға болады.
Қолыңыз әдемі болсын десеңіз, күтім жасаңыз Қолыңыз әдемі болсын десеңіз, күтім жасаңыз
Қолыңыз әдемі болсын десеңіз, күтім жасаңыз Әрбір саусаққа аздап массаж жасау керек. Алақанға крем жағудың қажеті жоқ.
Ұқыпсыз үй бикесінің 9 түрлі белгісі Ұқыпсыз үй бикесінің 9 түрлі белгісі
Үйдің ішін сыпырып жуатын тұрмыстық заттарды көзден таса орынға орналастырыңыз
Үйді жайлы етіп безендіру. Үйді жайлы етіп безендіру.
Үйдегі жайлы атмосфера өте маңызды. Жайлы тұрғын үйде демалу, жұмыс жасау қолайлы, өзіңді еркін сезіну мен қатар жаныңа жылылық береді. Үйдің жайлы
8 наурызға қандай сыйлық жасайсыз? 8 наурызға қандай сыйлық жасайсыз?
8 наурыз әйелдер мерекесінде гүл шоқтары әдемі сыйлық екені бәріне мәлім, алайда гүл шоқтарын ғана сыйға тартсаңыз аздап ыңғайсыз болады, өйткені
Гүлдер семіп барады Гүлдер семіп барады
Жер ылғалын, күн нұрын көріп толып, Бал араға бар нәрін беріп болып, Күннен күнге дерт жеңген нәрестедей Гүл сарғайып барады семіп, солып.
Өледі кімдер, туады кімдер Өледі кімдер, туады кімдер
Өледі кімдер, туады кімдер, Батады күндер, шығады күндер. Семеді гүлдер, өседі гүлдер, Келеді күндер, көшеді күндер.
Аяқтан шығатын жағымсыз иістен арылу Аяқтан шығатын жағымсыз иістен арылу
Аяқтан шығатын жағымсыз иісті бактериялар туғызады, Бактерияның жылы әрі ылғалды ортада белсенділігі артады.
Үй ауасын тазартатын 5 өсімдік Үй ауасын тазартатын 5 өсімдік
Үй ауасын тазартатын 5 өсімдік. Сіз бір бөлмелі пәтерде немесе кең үйде өмір сүріп жатырсыз ба, кез келген жағдайда, адам денсаулығын сақтау үшін
Гүлдер туралы не білеміз. Гүлдер туралы не білеміз.
Қыз - келіншектер қауымы сыйлықтардың ішінде қош иісті гүл шоқтарының орын ерекше екені құпия емес. Алайда гүл шоқтарының арасынан өзіңізге керегін

Пікірлер (1)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз
Алиса
#1 Алиса Қонақ 25 қаңтар 2019 12:41
Бөлмеде өсіп тұрған шефлера гүлінің жапырақтары шырыштанып тұр. Бұл жағдайда не істеуге болады