ойын сауық отауы
Ұжымда өзіңді ұстау ережесі.
19.08.2017 5 538 0 Дауыл

Ұжымда өзіңді ұстау ережесі.

Жалпы кеңес
Ұжымда өзіңізді қалай ұстайсыз?

Өзіңе лайықты жұмыс тауып, ұжымдағылармен тіл табыса білу оңай шаруа емес. Бұл сұрақ көптің көкейінде жүрсе керек. Себебі уақыттың көбін солармен бірге өткізетін болғандықтан бұл сұрақ маңызды. Бұл мақалада біз қызметтестер арасында өзіңді қалай ұстау керектігін айтамыз және психологиялық кеңестер береміз.

Бастықтан өзіңізді ақылды көрсетуге тырыспаңыз
Егер сізді жоғары тиісті дәрежеде бағалауын қаласаңыз, бар өнер - біліміңізді салып идеяңызбен таныстырыңыз. Бастық алдында шамадан тыс «данышпансып» кетсеңіз бастық сізді бәсекелес санап, сізден құтылудың жолын қарастыруы мүмкін. Сондықтан осы жағына көңіл аударыңыз. Шындығында, бұл алдын дұрыс болжай білмейтін, ақылы таяз өзін «таңдаулы, ерекше» санайтын басшыларға қатысты.

Әріптестердің аты-жөнін және лауазымын есте сақтаңыз
Егер сіз қызметке жаңа келген болсаңыз, ең алдымен ондағылардың аты - жөнін, лауазымын біліп алыңыз. Ең бастысы – басшының аты - жөнін жатқа білуіңіз керек. Әріптестер бір - бірін «сіз» әлде «сен» деп атай ма оған да назар салған дұрыс. Әр ортаның өз заңы болады, оған бағынуға тура келеді.

Аз сөйлеп, көп тыңаңыз
Бірінші күні ұжымды бақылаңыз. Әріптестер арасында кімді айыптайды, кімді қошеметтейді көшбасшы кім, қызметкерлердің міндеттері туралы мүмкіндігінше көп білуге тырысыңыз. Жалпы бақылау өте қызық, тіпті сіз бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан болсаңыз да. Бір жағына шығу арқылы біреудің дұшпанына айналуың мүмкін, ал егер тәуелсіз болсаң өз атыңды сақтап қаласың.

Сұрақ қоюдан қорықпаңыз
Сіздің лайықты тәжірибеңіз болса да жаңа функцияларды үйрену үшін сұрауға тура келеді. Сондықтан әріптестердің көмегінсіз сізге қиын болады. Олардан көмек сұрай отыра достық қарым - қатынас жасауға қол созасыз. Бұл жақсы қасиет.

Ешқашан сын тақпаңыз
Қызметке келе сала ондағыларға сын тақпаңыз, істің дұрыс еместігін көріп тұрсаңыз да. Егер шынымен ескерту жасайтын жағдай туындаса достық кеңес, көмек түрінде жеткізуге тырысыңыз.

Тыныштық сақтаңыз
Сізге қатысты кез келген жағдайда сабыр сақтауға тырысыңыз. Тілектес болмауды ашықтан ашық жек көру деуге болады. Жағымсыз, бірақ адамдар әр түрлі, бәрінің көңілін табу мүмкін емес.
Теріс эмоцияның жетегінде кетпеңіз, «бір қасық қарамай бір бөшке балды бүлдіреді» - дегендей.

Жеке өміріңіз туралы ешқашан айтпаңыз
Жұмыстағыларға сіздің жеке өміріңізден ақпарат алу, әрине, өте қызықты болып табылады. Егер жеке өміріңіз туралы бәрін бірден айта салсаңыз, абырой мен беделіңізге нұқсан келтіресіз. Қызметтестер арасында жеке өмір туралы айтуға мүлде болмайды. Ол туралы әңгімелей отырып сіз жеңілтек адам атануыңыз мүмкін.

Әңгіме-дүкен құра білу
Асықпай әрі анық сөйлеңіз, қыстырма сөздерді көп қолданбаған жөн. Әрқашан қойылған сұрақтарға кібіртіктемей, айқын жауап беріңіз.

Бұл ережелерді ұстану кез келген ұжымда өзіңді еркін ұстауға үйретеді деген ойдамын. Жоғары білім беретін қанша білім ордасы болғанымен де онда ұжымдағы жайлы қарым - қатынасты үйретпейді. Сізге аз да болса көмегі тиеді деп ойламын.

Дереккөзі: zhenskoeschastie. com

Дайындаған: Жадыра.

Ұжымда ұялшақтыққа жол жоқ Ұжымда ұялшақтыққа жол жоқ
Кейде: «Қарапайымдылық адамды әдемі етеді» - дейді. Бірақ бұл қасиеттің жұмыста пайдасы бар ма? Өз орнын білу мен менмендік қасиет екеуі бір нәрсе
Жігітпен алғашқы кездесу кезінде қыздар өзін қалай ұстау керек? Жігітпен алғашқы кездесу кезінде қыздар өзін
Қыздар қауымы қай жаста болсын жігітпен алғашқы рет кездесуге барарда уайымдауы орынды. Өйткені ара - қатынас ары қарай жалғасу, жалғаспауы осы
Күйеуіңіздің опасыздығын кешіре аласыз ба? Күйеуіңіздің опасыздығын кешіре аласыз ба?
Дәл қазіргі уақытта «көңілдесі бар екен», «тоқалы бар екен», деген сөзге құлағымыз да үйреніп қалған сияқты. Бұл тақырыпта нені меңзейін - деп
Ұялшақтықтан қалай арылуға болады? Ұялшақтықтан қалай арылуға болады?
Ұялшақтық – адам бойындағы шамадан тыс ыңғайсыздану, тартыншақтау, жасқану секілді қылықтарының арқасында, айналасымен қарым-қатынас іс жүзінде
Қонаққа бару мәдениеті Қонаққа бару мәдениеті
Қонаққа барарда үй иелеріне қандай сыйлық алатыныңыз қандай киім киетініңізбен қоса, ондай орында өзіңді қалай ұстау керек, бұл да маңызды.
Өзіңді жақсы көру және бағалай білудің қарапайым және тиімді тәсілдері Өзіңді жақсы көру және бағалай білудің қарапайым
Адам өзін бағалай білмесе, өз мүмкіндіктері мен бойындағы күшке және тартымдылығына деген сенімсіздік пайда болады. Бұл мәселе адам өмірін қияндатады.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×