ойын сауық отауы
Ақша үнемдеудің 5 құпиясы
06.09.2017 2 730 0 Дауыл

Ақша үнемдеудің 5 құпиясы

Жалпы кеңес
Ақша үнемдеудің 5 құпиясы

Мәселенің маңыздысы – қанша ақша табуда емес, оны қалай жұмсауыңызда.
Көп адамдардан еститінім: - мен ақшаны үнемдей алмаймын, - деп жатады. Расында, көпшілігіміз ақшаны сақтай алмай, үнемдей де алмаймыз. Ол үшін төмендегі стратегияны жадымызға сақтап жүрсек жеткілікті.

Эмоцияны бақылауда ұстау!

Адамдардың психологиялық жағдайы ақшаға айтарлықтай зиянын тигізеді. Көңіл - күйді бір қалыпта ұстап жүрмеу, ақшаны бейберекет жұмсауға апарып соқтырады.

Көбісі қаржыны депрессияға қарсы құрал ретінде көреді. Сіз – өміріңіздегі кей мәселелер шаршатып жатса, көңіл күйіңізді қалыпқа келтіру үшін дүкен аралауға, пайдасыз заттарды сатып алуға асығасыз немесе тәтті тағам жеп, тиыныңзды босқа «төгесіз». Олай жасаудың қажеті жоқ! Орынсыз эмоцияңыз қалтаңызды жұқартады, қаржыңызды «жейді». Айтпақшы, дүкенге тойып барған дұрыс. Статистикаға сүйенсек, қажетсіз заттардың 20%- ын адамдар аш болғандықтан алады екен.

Қажетті заттардың тізімін жасау!

Қажетті заттарыңызды алып, кассаға келдіңіз. Ақшасын санап беріп, қайтарылған тиын - тебенді қалтаңызға салдыңыз. Ал чегін ше? Чек, сіздің шығыстарыңыз бен қажетті дүниелер тізімін тексеретін құжат деп білсеңіз де болады. Енді сатып алған заттарыңыздың тізіміне көз жүгіртіп шығыңызшы. Ондағы нәрселердің барлығы өте қажет пе? (әрине, ақша үнемдеу керек екен деп, ет немесе нан алмай қою туралы айтып жатқан жоқпыз).

Шын мәнінде, тізімнен шығарып тастауға әбден болатын заттар өте көп. Егер, керек емес дүниелерді көріп, олардан бас тартсаңыз, қаншалықты ақшаңыз үнемделгенін бірден байқайтын боласыз. Дүкенге алдын ала жасалған тізіммен баруды әдетке айналдырыңыз. Бұл сізді психологиялық тұрғыда тәртіпке үйретеді.

Баға мен құндылықтың айырмасы!

Уоррен Баффетт – әлемге танымал кәсіпкер, инвестор, бір сөзбен айтқанда планетамыздағы бай адамдардың бірі. Оның байлығы 66 млрд долларға бағаланады. Осындай байлығына қарамастан, Баффетт ең үнемшіл адам.

«Баға – сенің төлейтінің, ал құндылық – сен алатын нәрсе» дейді кәсіпкер. «Акция болсын, жәй ғана шұлық болсын, мен бағасы төмен көрсеткішке түскенде ғана сатып аламын. Дегемен, үнемдеу баға мен бағалылықтың айырмасын түсенгенде ғана пайдасын тигізеді. Бұл арзан нәрсеге «жабыса беру» дегенді білдірмейді, үнемдеу ол – бағалы затты ең төменгі бағада алу».

Отбасындағы үнемшілдік!

Көптеген отбасылар ақша мәселесіне берік болғанымен, жинау мүмкіндігі туа бермейді. Неге? Әрине, транспорт, тамақ, коммуналды төлем, ойда - жоқта шығып қалған таныстардың тойы немесе туған күні жақсы жауап бола алады. Ақшаны үнемдеу мүмкін емес сияқты ма? Жоқ, олар жәй ғана қаржыны үнемдеуді білмейді.

Айлық ала сала, қымбат рестораннан тамақтанбай немесе достармен көңіл көтеруді сиретіп, орынсыз ақша жұмсаудың алдын алған жөн.

«Ақылды» шопинг

Қолма - қол төлем жасау үнемдеудің жақсы жолы. Сіз банк картасы арқылы төлеп үйренсеңіз, ондағы ақшаның қалай кетіп жатқанына ішіңіз ашымауы мүмкін. Сол секілді интернет - дүкендер де сіздің қаржыңыздың аз жұмсалуына ықпал етеді.

Кешбэк туралы да ұмытпаңыз! Арнайы сайттардан зат сатып алсаңыз, жұмсаған ақшаңыздың айтарлықтай бөлігі өзіңізге қайтып келеді!

Байығыңыз келсе, ақшаны байыппен жұмсаңыз!

Мақала авторы - Дана Мәулен

Ақша аудару. Қазақстан ішінде қалай ақша аударуға болады? Ақша аудару. Қазақстан ішінде қалай ақша аударуға
Ақша аудару. Қазақстан ішінде қалай ақша аударуға болады? төмен коммисиямен немесе мүлде коммисиясыз?
Ақшаны қалай жинауға болады? Қарапайым кеңестер. Ақшаны қалай жинауға болады? Қарапайым кеңестер.
Ақшаны қалай жинауды үйрену – көпшіліктің арманы, алайда қолдан келе бермейтін іс екені аян. «Ертеңге» қалдырудың сан алуан сылтаулары бар, тіпті
Қиялыңдағыдай байлыққа кенелу Қиялыңдағыдай байлыққа кенелу
Егер мен мол табыс табатын мамандық түрін таңдағанымда бай болар едім. Шындығында: Миллионерлер әрбір салада бар. Кез келген саладан пайда табуға
Байлық пен кедейліктен бөлінетін энергетика Байлық пен кедейліктен бөлінетін энергетика
Байлық та, кедейлік те өзіне тән ерекше энергетика бөледі екен. Әрқайсысы табиғатына сай бір-біріне қарама-қарсы. Олардың бір-бірінен айырмашылығы
Ақша туралы қысқа жазбалар Ақша туралы қысқа жазбалар
Әйелдер ақшаны ақылмен жұмсайды. Нәтижесінде: ақыл да жоқ, ақша да жоқ.
Отбасылық қаржыны үнемдеп жұмсау және шығындарды азайту Отбасылық қаржыны үнемдеп жұмсау және шығындарды
Үнемдеу дегеніміз, өзіңді шектеу деген сөз емес, ойластырылмай жасалған әрекеттің соңы отбасылық бюджеттің дағдарысына әкеліп соғуы мүмкін, осыған
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×