Ойын сауық отауы
загрузка...


Теріні қалай ағартуға болады?

Теріні қалай тез ағартуға болады?
Жаздыгүні кейбір адамдар қарайып, күнге күюді жөн көреді. Ал кейбір адамдар денесінің күнге күймей өз түсі сақталғаны қалайды. Бетті ағартқан секілді денені ағартатын керемет рецепт бар деп айта алмаймыз. Алайда, өзіңізге күтім жасап, күйюдің алдын алсаңыз теріңіз өзіңіз қалағандай қалпын сақтайды.

1. Далаға шығардың алдында, күн ыстық болған жағдайда міндетті түрде күннен қорғайтын крем жағыңыз. Бетпен қатар, аяқ - қолға, тіптен денеге жағуға болатын түрлері бар. Күннен қорғайтын крем барлық мәселені шешеді. Беттің секпіл, әжім шықпауынан қорғап, киім жоқ жерде күннің ізі қалып, дененің күюінен қорғайды.

2. Ванна қабылдау кезінде арнайы теңіз тұзын пайдаланыңыз. Суға теңіз тұзын сеуіп, ванна қабылдасаңыз, денені кішкене ағартуға септігі тиеді.

3. Душ немесе ванна қабылдау кезінде денеге арналған скраб қолданыңыз. Дененің артық, өлі терісін алып, түгелдей тазартып, дене терісінің жұмсақ болуына көмектеседі. Егер сол серияның, яғни иісі бірдей скрабпен қоса жуынуға арналған гель түрін қолдансаңыз тіптен керемет.

4. Теріні ағартуға ақ глина көмектеседі. Дайындап, денеге жағып, 10 - 15минутқа қалдырасыз. Аптасына 1 - 2рет қолдануға болады.

5. Терінің әдемі әрі жұмсақ болуы үшін арнайы денеге күтім жасау құралдарын қолданыңыз (денеге арналған гель, скраб, маска, крем. т. б). Күнделікті ұйықтар алдында денеге арналған крем жағу да - керемет.

Үй жағдайында бетті ағарту:

1. Қиярмен бетті ағарту маскасы. Қиярды тазалап, үккіштен өткіземіз. Қиярдың ортасындағы жұмсақ жерінен алып, шай қасық лимон шырыны мен жарты ас қасық қаймақ қосып, араластырамыз. Дайын болған масканы бетке жағып, 15минутқа қалдырып, бетті жуамыз.

2. Сүт өнімінен бетті ағарту маскасы. Айранды балмен араластырып, жағып, 15 минутқа қалдырасыз да, жуып тастайсыз.

3. Лимон мен қаймақтан бетті ағарту маскасы. Қою керемет ас қасықпен қаймақ түрін алып, ас қасық лимон шырынын қосамыз. Араластырып, бетке жағып, 15минуттан соң сумен жуамыз.

4. Күріш арқылы маска жасау. Күрішті жұмсақ болғанша қайнатып, дайын болған соң, суытамыз. Сосын бетке жағуға болады. Немесе мұз формасына дайын болған күрішті салып, қатырып, мұз ретіндегі күрішпен бетті сүртуге болады. Бұдан соң міндетті түрде крем жағу қажет.

Ескерту: Маска түрлерін аптасына бір рет жасаған жөн.
Материал рейтингісі:
барлық дауыс бергендер: 1
Басқа жаңалықтарды оқу:
Пікір білдіру
* = міндетті түрде толтырылуы тиіс
Жартылай қою Қисық мәтін Асты сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жағына қою Ортасына Оң жағына қою | Смайликтер қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Түсті таңдау | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерациядан кирилицаға ауыстыру Спойлер қою
Қауіпсіздік коды :

Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
код көрінбесе қайта басыңыз


Үздік мақалалар
Білімділер жаңалықтары
загрузка...

Өз пікіріңді білдір
Қандай мақалаларды көбірек енгізген жөн?
Сайтта кім бар
Барлығы: 25
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 25
Роботтар: 1
Соңғы пікірлер
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика