ойын сауық отауы
Ақшаны қалай жинауға болады? Қарапайым кеңестер.
15.08.2018 2 716 0 Дауыл

Ақшаны қалай жинауға болады? Қарапайым кеңестер.

Жалпы кеңес
Ақшаны қалай жинау керек? Қарапайым кеңестер.

Ақшаны қалай жинауды үйрену – көпшіліктің арманы, алайда қолдан келе бермейтін іс екені аян. «Ертеңге» қалдырудың сан алуан сылтаулары бар, тіпті келесі айға да қалып жатады. Бүгін - ақ бастап кету үшін сізге мынадай қарапайым кеңестер бар:

Өзің үшін мақсат қою.
Ақшаны жинауды үйрену үшін, кейбір заттарды түсінгеніміз жөн: сізге оның қандай керектігі бар. «Әйтеуір бір күні болар» деген - іске аспайды! Әр адамның басынан ойламаған шығыс шығады, бұл басты себеп. Мұндай шығын түрін ұмытып, өз ойыңызды нақты бір мақсатқа жинақтағаныңыз дұрыс - жаңа көлік, ноутбук немесе пәтер және с. с. Егер көз алдыңызда белгілі бір көрініс бар болса, алға жылжуыңызға негіз болады және сізге ұнары анық.

Уақыт шектеуін қою.
Ақшаны қалай жинау басты мақсатын анықтап алғаннан кейін, керекті қаражатыңызды жинайтын уақытты белгілеу керек. Әрине, өз әліңіздің қандай екенін есте сақтау керек. Көлікке қаражат жинайсыз ба? Керемет - мақсат қана қоймай, ол мақсатыңызды бір жыл ішінде орындауға тырысу керек. Болмаса бар еңбегіңіз текке кетеді - бұл жолы ештенке де жимаймын, өйткені маған компьютерге принтер сатып алу қажет!

Қаражат көлемін есептеу.
Мақсатыңыздың бағасы мен уақытын негіз ете отырып, белгілі бір қаражат бөлігін белгілі бір уақыт аралығында жинау керектігін анықтау керек (күн, апта, ай). Мысалы, бір жыл ішінде құны 220 000 теңге болатын компьютерге қаражат жинағыңыз келеді. Демек, сіз ай сайын 19 000 теңгеден жинап отыруыңыз керек. Мұндай қаражатты көтере алмайтын сияқты көріне ме? Ондай жағдайда уақытты созып көріңіз және қайта есептеңіз. Қарапайым математика қаражатты жиюға көмектеседі.

Не маңыздырақ
Сіз үшін не маңыздырақ? – жаңа айфон немесе ойын құрылғысы? Бір нәрседен бас тартуыңызға тура келеді. Болмаса ақшаны қалай жинау керек деген мәселе сізді мазаламас еді. Өз игілігіңіз бен күшіңізді есептеп, тек басты мақсатқа қана көңіл бөліңіз.

Шығысты азайту
Бұл шарт алдынғы мәселеден туады. Алдағы уақытқа қаражатты сақтау үшін, қазіргі уақыттағы шығыстарды қысқарту абзал. Қаражат көлемін сақтаудағы ереже. Ақша жұмсаудағы күдікті шығыс түрлері бар болса, аяусыз қысқартыңыз. Мысалы, апта сайын түнгі клубтарға бару - өте көңілді әрине, бірақ ақша жинауды бастағаннан кейін, үйде отырғаныңыз дұрыс болар? Денсаулығыңыз да сақталып, ақшаңыз да орнында қалады.

Бұл кеңес тек ақша жинауда ғана пайдалы емес. Егер сіз кіріс пен шығыстың нақты көлемін білсеңіз, сіздің жоспарланған бюджетіңіз орындалмақ. Оған қоса ақша жинауды үйренесіз. Сонымен қатар, нақты бюджетіңіз бола тұра, сіз аптасына не айына бұрынғыдай қаражат жұмсамайтын боласыз. Қымбат кафелерде бір кеш үшін алаңсыз 50$ төлемейтін боласыз.
Толығымен дерлік несиеден бас тартамыз. Біріншіден - несие алу ереже бойыншаүлкен пайыз қосады. Екіншіден – қолыңызда өз ақшаңыз емес, бөтен ақша болғандықтан, оны жұмсау оңай іске айналады. Еңбекпен ақша табу банктен алған ақшаға қарағанда қиынырақ. Ақшаны жинауды үйрену сіз ойлағаннан күрделірек. Ең бастысы ниет пен мақсат болса болғаны, Іске сәт!

Жаңа өмірді қалай бастаймыз? Жаңа өмірді қалай бастаймыз?
Кейде өмірімізде орын алып жатқан жағдайлар бізді күйзеліске ұшыратады. Ол армандардың орындалмауы, үміттің үзілуі, адамдармен түсіністіктің жоғалуы,
Қиялыңдағыдай байлыққа кенелу Қиялыңдағыдай байлыққа кенелу
Егер мен мол табыс табатын мамандық түрін таңдағанымда бай болар едім. Шындығында: Миллионерлер әрбір салада бар. Кез келген саладан пайда табуға
Әйгілі Марк Цукерберг өз миллиардтаған табысын қайда жұмсайды? Әйгілі Марк Цукерберг өз миллиардтаған табысын
Цукерберг қымбат костюм киіп, ақшаны оңды - солды шашпайды екен. Қарапайым футболкамен жүретін азамат ақшаны тек өзіне қажет деп тапқан ыңғайлықтарға
Ақша туралы қысқа жазбалар Ақша туралы қысқа жазбалар
Әйелдер ақшаны ақылмен жұмсайды. Нәтижесінде: ақыл да жоқ, ақша да жоқ.
Шабыт қалай пайда болады? Шабыт қалай пайда болады?
Кейде адамның көңіл - күйі болмай тұруына байланысты немесе сәтсіздікке тап болған жағдайда, тіпті болмаса жалқаулықтың әсерінен адамның қолы іске
Отбасылық қаржыны үнемдеп жұмсау және шығындарды азайту Отбасылық қаржыны үнемдеп жұмсау және шығындарды
Үнемдеу дегеніміз, өзіңді шектеу деген сөз емес, ойластырылмай жасалған әрекеттің соңы отбасылық бюджеттің дағдарысына әкеліп соғуы мүмкін, осыған
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×