Ойын сауық отауы


Желіден жұбын іздегендерге 7 кеңес

Желіден жұбын іздегендерге 7 кеңес

Ғылыми жетістіктер өмірімізге етене енді. Қазір қалаған дүниені алу үшін дүкен аралаудың қажеті жоқ. Интернет дүкендер арқылы киім - кешек, азық - түлік аламыз. Сапарға шығу үшін де вокзалға барудың қажеті жоқ. Тіпті білесіз ғой, туған күн иесін құттықтау үшін де көлдей пост пен бір сурет шығару жеткілікті. Айт күні… Жо - жоқ, айтшылап, қонаққа баратындар әлі бар екен ғой. Төмендегі кеңестер махаббатын ғаламдатордан іздейтіндерге арналады.

Бір мезгілде бірнеше жігітпен сөйлеспеңіз
Танысу сайттары базамызда бәленше адам бар, олардың ішінен міндетті түрде екінші жартыңызды табасыз деп мақтанып жатады. Бір қарасаңыз, бұл жақсы нәрсе сияқты. Алайда мұнымен Швартмор колледжінің профессоры Барри Шварц келіспейді. Оның айтуынша, тым көп таңдаудың болуы әрбір үміткерді тереңірек зерттеуге кедергі келтіреді. Көп адамның ішінен ең дұрысын іріктеп алуға бар күшіңізді жұмсайсыз және біраз жақсы жанға жолығып үлгерсеңіз де, бұдан да тәуірірегін тапқыңыз келіп отырады. Шварц бұл феноменді таңдау парадоксы деп атайды. Ол мынадай қызық тәжірибе жасайды: дүкенде 24 тосап түрінің үлгісін сатып алушыларға ұсынып, ішіндегі ең дәмдісін таңдауды сұрайды. Сөйтсе әлгілер бұл тапсырманы қиынсынған екен. Ал, Шварц оларға 6 тосап түрін ұсынғаннан кейін мәселе оңайырақ шешіледі. «Махаббат анатомиясының» авторы антрополог Хелен Фишер мұндай сайттарда алдымен тек 9 адаммен танысып көріп, әрқайсысымен жақын араласып көруге кеңес береді. Егер бұлардан ештеңе шықпаса, келесі тоғыздықты асықпай қарастырыңыз дейді.

Алаяқтар мұнда да бар
Жеке өмірін жөнге келтіремін деген салмақты оймен келген бойжеткендер әдетте тез танысқыш, аңқаулау келеді және кездесуге де оңай келісе кетеді. Мұндайды біліп алған алаяқтар желіде өзін де сондай жартысын іздеп жүрген адам етіп таныстырады. Әдемі сөздермен алдап бикештің әбден басын айналдырады. Өзін адал, ақылды, тәрбиелі етіп көрсетіп, сенімге кіреді де… бір күні ізім - ғайым жоғалады. Қыз әрі күтеді, бері күтеді, өзінше іздеп көрмек болады. Осылай төрт - бес күн өткенде, әлгі сабаз «кешір, бір қиын жағдайға тап болдым (туысым ауырып қалды, бизнестегі серіктесім тақырға отырғызып кетті), сенен басқа сенер адамым жоқ, көмек бере тұршы» деп, қомақты қарыз сұрап алады. Оқиға немен аяқталатыны белгілі. Мұндай жағдайға тап болсаңыз, ешбір жағдайда ақшалай көмек беруші болмаңыз. Нағыз еркек өз мәселесін өзі шешеді және ғашық әйелге әлсіздігін көрсетуге намыстанады.

Реал адам мен онлайн адамның айырмасы бар
Танысу сайтына тіркелу өте оңай, ал пайдаланушыларды тексеріп жатқан ешкім жоқ. «Бөрі арығын білдірмес, сыртқа жүнін қампитар» дегендей, аз - мұз өтірігі бар деректер беріп, өзін жақсырақ етіп көрсеткісі келетіндер көп. Мұның үстіне ең сәтті түскен, анау - мынау өңдеуден өткен суреттерді қосып қойыңыз. Бой мен салмақ «ауытқуларына» көз жұмдыңыз дегеннің өзінде, сөйлесіп жүрген Бақытжаныңыз шын мәнінде желіде зеріккен Бақытгүл болып шықса не істейсіз? Кәсіби сайттар мұндайлардың жолын кесу үшін ақылы аккаунттарды ұсынады. Мұндай аккаунттар тым болмаса қызық қуып еріккендерге тап болудың алдын алады.

Алпамыс дегенің "альфонс" болса
Заман өзгерді. Әйелдер шалбар кигеннен бері, еркектер де әйел функциясына, қылықтарына қол сала бастады. Альфонстар бірақ бұрыннан бар сияқты. Күшік күйеу деген ұғым қазақтарда бұрыннан бар ғой. Олар – қазақшалап айтқанда намыссыз «күшік күйеулер», яғни жұмыс істегісі келмейтін, ауырдың үстімен, жеңілдің астымен өмір сүруді қалайтындар. Әдетте олар ертеңгі күнін ойлап бас қатырмайды: бар тапқан - таянғанын күнделікті өткінші қызықтарға жұмсап жібереді. Өз «теңін» табу үшін мұндай сырбаздар көбінесе «бай әрі салтанатты» өмір атрибуттарына толы сықиған суреттерін топырлатып іліп қояды. Өзін мол табысқа жеткен интеллигент етіп ұстайды. Қыздардың әлсіз тұстарын жақсы біледі және комплиментті де орынды айтады. Арасында «маған мансапқор және тәуелсіз қыздар ұнайды» деп әңгімені қыздырып қояды. Ол сізге ұнап үлгерсе, әрине, сіз бар жетістігіңіз жөнінде жайып саласыз. Ал өзінен бұл турасында сәл артықтау сұрақ қойсаңыз, «сонда менің ақшам қызықтырады екен ғой. Эхх, сенен әбден көңілім қалды, басқалардай емес ақылды, жаны таза деп жүрсем…» деп махабаттың құрбанына айнала қалады. Егер жігіттің ішкі ойында қандай да бір күдігіңіз болса, онда «мен әке - шешемнің байлығынан бас тарттым» немесе «жанұяда тек еркек қана ақша табуын талап етемін» деп көріңіз. Реакция көп күттірмеуі керек.

Жеңіл форматта сөйлесіңіз
Желіде танысқан жігіт неше түрлі комплиментті жаудырып, қайта - қайта қызу әңгімеге тартқанына масаттанып, ол бүгін маған гитарамен серенада айтады деп ойлап қалмаңыз. Мұндайлардың көбісі біраз ұзақ - ұзақ сөйлескеннен кейін тым - тырс бола қалады. Себебі бұл − шынайы өмірдегі кездесу емес, интернеттегі жеңіл - желпі сұхбат. Ешкім ештеңеге міндетті емес, «әй, мені кіммен таныстырдыңдар?» деп ешкімге балтаңды ала шаппайсың. Жай ғана сөздеріңіз жарасып, шүйіркелесе кеттіңдер: барлығы айтылды, талқылайтын тақырып қалмады, осымен бәрі бітті. Бірақ күте - күте шаршағаннан «неге жоғалып кеттің?», «неге үндемейсің?» деген сұрақты қоюшы болмаңыз, бәрібір дұрыс жауап ала алмайсыз. Мұндай жағдай қайталанбауы үшін келесіде ұнаған адамға барлығын бірден ақтарып салмай, «дозалап» сөйлесіп, әңгіменің шетін ғана шығарып қызықтыра біліңіз. Сонымен қатар біреумен тіл табыса кетсеңіз, дереу қиялдың қанатына мініп, иллюзияға берілмеңіз. Ол сізді кездесуге шақырмайынша және ойыңыздағы жігіт екеніне көзіңіз жетпейінше, салқынқанды болуды ұмытпаңыз.

Желідегі тым дөрекі немесе бір түндік қатынасты қалайтын жігіттер көңіліңізді қалдырмасын
Жоғарыда айтылғандай, желіде барлығы тым еркін және тым ашық сөйлеседі. Оқта - текте танысқыңыз келген жігіт «кетшей әрі» дей қалса, жігіт атаулыдан бас тарта көрмеңіз. Ал жеңіл жүрістілер бір жақсысы көп уақытыңызды алмай, дереу іске көшеді: шығу тегіңіз, қызығушылықтарыңыз, жан - дүниеңіз туралы сұрап басты ауыртпай, бірден өз ұсынысын айтады. Ал оған қалай жауап беруіңіз өз еркіңізде.

Толық танысып - біліспейінше, бөтен адамға сенбеңіз
Өкінішке қарай желіде танысқан адамның деректерін толық тексеру мүмкін бола бермейді. Ол кісі үйлі - баранды болып шығуы не өз өмірінің жайсыз қырларын жасыруы (тіпті қандықол қылмыскер де болуы) мүмкін! Сондықтан кездесейік дегенге бірден көне кетпей, алдымен оны - мұны сылтауратып, бір - екі апта онлайн - режимде ғана сөйлесіңіз. Кездесуді тек күндізгі және адамдар көп жүретін орындарда белгілеңіз. Достарыңызды бұл туралы құлаққағыс етіңіз. Кездесу барысында оның қандай да бір жолдасы «кездейсоқ» үстіңізден түсіп, мұндай керемет таныстықты басқа жерде атап өтуге шақырса, сыпайы түрде бас тартыңыз және мұндайда үйге «жаңа достарыңыздың» көлігімен емес, таксимен қайтқаныңыз жөн.
Дереккөзі: arular. kz
Материал рейтингісі:
барлық дауыс бергендер: 3
Басқа жаңалықтарды оқу:
Пікір білдіру
* = міндетті түрде толтырылуы тиіс
Жартылай қою Қисық мәтін Асты сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жағына қою Ортасына Оң жағына қою | Смайликтер қою Түсті таңдау | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерациядан кирилицаға ауыстыру Спойлер қою
Қауіпсіздік коды :

Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
код көрінбесе қайта басыңыз


Үздік мақалалар
Білімділер жаңалықтары
  • Тазалық – денсаулық кепілі

    Денсаулықтың адам өмір сүруі үшін аса қажеттілігін, оны сақтай білудің адам өміріндегі маңызы, микробтардың ағза қауіптілігін, кір қолдың қандай ауруларға ұшыратынын, жұқпалы аурулардан сақтану ...
  • Балалық шаққа саяхат

    Адамның санасында мәңгілік өшпестей естелік қалдыратын, ең керемет, ең ғажап ұмытылмастай сәттер сыйлайтын ол – балалық шағымыз. Балалық шақ – бір рет ғана келетін, қайта оралмайтын, сағына еске ...
  • Ж. Әлмашев Қауын мен Қарбыз

    Өсімдіктердің тіршілігіне қызығушылық таныта отырып, Жер - Ана адамзатқа сай еткен байлықтарын бағалауды үйренеді.
  • Қауын мен қарбыз

    Ертегіде кездесетін оралымды сөз мағынасын ұғындыру арқылы ойлау қабілетін, байқағыштығын жетілдіру, сабаққа қызығушылығын арттыру. Жер - ананың адамзатқа сый еткен байлықтарын бағалауға, достыққа, ...
  • Егіншілік пен мал шаруашылығы

    Қазақстан ауыл шаруашылығының басты салалары - егіншілік пен мал шаруашылығы туралы түсіндіру.
  • Тазалық – денсаулық кепілі

    Жеке бас гигиенасына арналған құралдардың суреттері, жеке бас гигиенасы ережелері жазылған плакаттар, сұрақтар жазылған үлестірме парақшалар, жұмбақтар туралы материалдар.
  • Мөде шаньюй – Ғұн мемлекетінің негізін салушы

    Мөде құрған державаға тән ерекшеліктерді анықтау; Ғұндардың әскери өнер жетістіктерін сипаттау; Ғұн мемлекетінің көрші елдермен қарым - қатынасын анықтау, картаға белгілеу.
  • Бақыттың кілті – балалық шақта

    Бала жүрегі кішкентай күйсандық. Ол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Ал білім мен тәрбие беретін адамның қолында әр кезде сол кілт жүруі керек. Балаға жан – жақты тәрбие беру біздің парызымыз.
  • Ғұн тайпаларының бірігуі

    Ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылуын түсіндіру
  • Солтүстік Еуропа елдері

    Оқушыларды Солтүстік және Батыс Еуропа елдерімен таныстыра отырып, олардың ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.

Өз пікіріңді білдір
Қандай мақалаларды көбірек енгізген жөн?
Сайтта кім бар
Барлығы: 22
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 22
Роботтар: 2
Соңғы пікірлер
  • Дауыл 13.10.2018
    Жұмбақтар. Адам. Адамның дене ... (1)
    Дауыл-фото
    Мың адамның бірі — қыдыр, бірі — бақ.
  • Дауыл 13.10.2018
    Адамға деген құрмет (1)
    Дауыл-фото
    Арсыз, әуелі аяғыңды басады, содан соң кеудеңе секіреді ақырында басыңа шығады.
  • Дауыл 13.10.2018
    Адамның 9 түрі болады екен. Та ... (1)
    Дауыл-фото
    Әлемнің асылы – адам, сасығы да – адам.
  • Дауыл 12.10.2018
    Шыңғыс хан өсиеттері (1)
    Дауыл-фото
    Шыңғыс ханның жеке өмірі және әйелдері.
    Шыңғыс хан әлем тарихындағы танымал тұлға. Хан болған соң оның 26 әйелі және жүздеген тоқалы болған.
    4 әйелі оның негізгі әйелі болып саналған. Бөрте, Қулаан, Есуй және Есурген.
    Борте Дэй - Сеченнің қызы қоңырат тайпасынан. Шыңғыс ханнан 2 - 3 жасқа үлкен болған. Бөртеден үш ұл Жошы - Шағатай - Үгедей бес қызы Фуджин - бегі, Чичиган, Алагай - бегі, Тумалун және Алталун.
    Қулаан меркіт тайпасынан шыққан, тарихта сулу әрі тапқыр Шыңғыс ханның шынайы сүйген әйелі деп саналады. Хорезмді жаулап алғанда әйелдері ішінде Шыңғыс ханмен осы Қулаан болған.
    Есуй және Есугей, Татарлардың Цэрэн - әке атты қолбасшының қыздары. татардың тайпасынан шыққан апалы - сіңілілер.
    Толық нұсқа: қарау
  • Дауыл 12.10.2018
    Өмір туралы қанатты сөздер (1)
    Дауыл-фото
    Өмір – велосипед жүргізгендей. Тепе - теңдік сақтау үшін қозғалуың керек. Альберт Эйнштейн
  • Дауыл 11.10.2018
    Өлкем жайлы ойласам - Жұбан Мо ... (1)
    Дауыл-фото
    Шығарма: Туған жер

    Туған жер сөзінде қаншама мағына, қаншама ой жатыр. Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінетін шығар. Менің туған жерім - Балқаш қаласы. Туып өскен қалам Балқашым кішкетай болса да, мен үшін аса қымбат әрі киелі жер. Осы жерде көңілді де уайымсыз да бейкүнә балалық шағым өтуде. Өз туған жерімді сүйемін. Осы қалада балабақшадағы күндерім, мектеп табалдырығын алғаш аттаған күнім, сынып балаларымен танысқан күндерім, әлі есімде.
    Туған жерім күннен күнге көркейіп, жаңаруда. Мен Балқаш қаласымен мақтанамын.
    Кенесары Диана
  • Дауыл 11.10.2018
    Ақша туралы мақал - мәтелдер (1)
    Дауыл-фото
    Қожанасыр туралы аңыз
    Бірде Қожа байдан ақша сұрапты.
    - Ақша саған не үшін керек?
    - Піл сатып аламын.
    - Егер сенің ақшаң болмаса, пілге қалай азық тауып бермексің?
    - Мен сенен ақыл емес, ақша сұрадым ғой!
  • Дауыл 11.10.2018
    Балалы үй – базар (1)
    Дауыл-фото
    Балаларға арналған тақпақтар
    Кішкентай бала

    Мен кішкентай баламын
    Кітап оқи аламын.
    Дәптер, қалам, сызғышты
    Сөмкеме өзім саламын.

    Бөпешім
    Әлди, әлди бөпешім,
    Жат бесікте көкешім.
    Неге жылай бересің,
    Ертең-ақ жүріп кетесің.

    Гүлдер
    Гүлім, гүлім, өсе бер,
    Әдемі боп, асыл боп.
    Күндей жайнап кете бер,
    Қызыл, сары, жасыл боп.
  • Дауыл 11.10.2018
    Тіл туралы жыр - Сәкен Иманасо ... (1)
    Дауыл-фото
    Тілі туралы мақал

    Басқа пәле тілден.
    ***
    Тіл тас жарады,
    Тас жармаса бас жарады.
    ***
    Ине көзінен сынады,
    Шешен сөзінен сынады.
    ***
    Тіл – қылыштан да өткір.
    ***
    Ана сүті бой өсіреді,
    Ана тілі ой өсіреді.
    ***
    Ана тілің алпыс тілге татиды.
  • Дауыл 11.10.2018
    Ұстаздың кәсіби іс - әрекетінд ... (1)
    Дауыл-фото
    Ұстаз туралы мақал

    Өмірдің өзі - ұлы ұстаз
    ***
    Ұстазы жақсының ұстамы жақсы.
    ***
    Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла.
    ***
    Ұстазы талантты болса, Шәкірті талапты болады.
    ***
    Ұстаз шәкіртіне білім жолын үйретеді,
    Білімді жан тас қамалды күйретеді.
    ***
    Ұстаз болу – жүректің асылдығы.
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика