ойын сауық отауы
Әзілхан Нұршайықовтың “Махаббат қызық мол жылдар” атты кітабынан
21.12.2019 541 0 Admin

Әзілхан Нұршайықовтың “Махаббат қызық мол жылдар” атты кітабынан

Жалпы кеңес
Әзілхан Нұршайықовтың “Махаббат қызық мол жылдар” атты кітабынан:
1. Ешқашан ешкімді жамандама. Ең жаман деген адамның да өз жақсылығы болады.
2. Әйелдің жалаңаш денесі еркектің құмарлығын қоздырады. Сондықтан әйелдің еркек құмарлығын қоздыратын ашық – шашық жерді көбейтпей жауып, жария етілмейтінін қымтап ұстауы абзал. Сонда еркек елеңдемейді, әйел алаңдамайды.
3. Ешкіммен барқылдап ұрыспа, бағыңды жоясың.
4. Кемшіліксіз кісі болмайды, оны көруден оңай жоқ. Кісі кемшілігін тез көруге емес, тез түзетуге көмектес.
5. Қызға қатты күлудің қажеті жоқ. Жігіттерге оның жымиғаны да жетіп жатыр.
6. Шошаңдаған қыз шешенің атына кір келтіреді.
7. Баласы арақ ішсе, шешесі у ішеді. Маскүнем жаман бала жақсы ананы ажалынан бұрын көрге кіргізеді.
8. Үміт күткен ұлы оңбаған боп кетсе – әке сорлы; қызы күйеуге өтпесе – шеше сорлы; сұлу деп алғаны сүйкімсіз боп шықса – жігіт сорлы; қыран деп тигені жапалақ боп шықса – жар сорлы.
9. Махаббат – барша байлықтан күшті. Бірақ күштіге де көмек керек. Сол сияқты махаббат та өзін байлық пен барлықтың қоса қолдауын ұнатады.
10. Көшеде көлденең тұра қалып, бірінің ернін бірі жұлып жердей боп жалмап, жұрт көзінше сүйісіп жатқан қыз бен жігітте ар да, ұят та болмайды. Ондай әдеттен без, ондай құрбыдан аулақ бол.
11. Еркекке жүрек керек, әйелге тірек керек.
12. Тірі адамның бар бақыты жер бетінде. Оған көкке ұмтылудың немесе о дүниеден үміт етудің қажеті жоқ. Сол себепті бар терді төгіп, барша ой мен ақылды жұмсап жер бетін, тұрған үйіңді жұмақ ете біл.
13. Біздің ауылдың қазақтары баяғы ескі әдетпен әлі күнге дейін жүзге бөлінеді. Содан соң әлі жеткені әлсізін аяғынан шалып, бөтен жүздің баласы деп жұдырықтап, жұлмалап, жүндеп жатады. Алауыздықтың атасы – жүз жойылса екен.
Әйел бақыты - өз қолында Әйел бақыты - өз қолында
Қанша әйел ақылды, данышпан болса да, еркексіз әйелдің бақыты жоқ. Әйелдің еркексіз күні - түн.
Қатындар... Қатындар...
Қатын барда, әнде күйде төгілген Қатын барда еркек сорлы семірген. Қатын қанша нәзік, әлсіз болса да, Еркек байғұс қатындардан жеңілген...
Еркек бақытының ережесі (Ғибратты әңгіме) Еркек бақытының ережесі (Ғибратты әңгіме)
Балам, еркек кіндіктінің қашанда есінде жүретін бір ережесі бар. Соны ұмытпасаң алдағы күндеріңде әйелің көзіңе “сүйкімді” бола бастайды. Қыз деген
Бар махаббат - Ақұштап Бақтыгереева Бар махаббат - Ақұштап Бақтыгереева
Сенбе дос, өз сертінде тұрмағанға, Махаббат жалған десе бұл ғаламда. Махаббат болмаса егер, дала кезіп, Мәжнүн Ләйлісі үшін жынданар ма.
Әзілхан Нұршайықовтың өсиет сөзі. Ұлдарға өсиет, қыздарға кеңес. Әзілхан Нұршайықовтың өсиет сөзі. Ұлдарға өсиет,
Әзілхан Нұршайықовтың өсиет сөзі. Ұлдарға өсиет, қыздарға кеңес. Ұлдарға өсиет: Ұлдар! Алдымен сөзімді сендерге арнаймын. Менің сендерден тілегім
Әйелдің ақылдысы – сенде, Әдемісі – құрдасыңда болғаны дұрыс. Әйелдің ақылдысы – сенде, Әдемісі – құрдасыңда
Әйел аттың ерінен биік, Өз ерінен аласа болуы керек.
Үй – іші, отбасы туралы мақал - мәтелдер №1 Үй – іші, отбасы туралы мақал - мәтелдер №1
Еріншек қатынның Етегі жыртық. Ерке қатынның Ерні тыртық.
Жұмақ Жұмақ
Кең сарай — ұғуынша жұрттың жұмақ Бар мұсылман жиналып сонда тұрмақ. Ұйқы жоқ, ас ішу жоқ, махаббат жоқ, Не қылған «қызық тірлік» біткен қурап!
Есіңде бар ма жас күнің Есіңде бар ма жас күнің
Есіңде бар ма жас күнің, Көкірегің толық, басың бос, Қайғысыз, ойсыз, мас күнің — Кімді көрсең, бәрі дос.

Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз