ойын сауық отауы
Жұлдызнама - ер адамдарға арналған
01.10.2016 9 233 0 Admin

Жұлдызнама - ер адамдарға арналған

Бұл қызықты
Ерлер. (ұлдар)
O (I) қан тобындағы жандар өз - өзіне сенімді жандар. Олардың алға қойған мақсаты бар, мақсатына жету үшін өз күшіне сенеді. Дегенмен кейде олар өз-өзіне тым сенімді болады, және басқалардан өзін жоғары ұстайды. Сол себепті де кейде жалғыз өмір сүруі мүмкін. Бұл қан тобындағы жігіттер өмірдің кез келген саласында жеңілуді қаламайды. Алдына қойған мақсатына жету жолында жанын аямай алға қадам басады. Жоспарланған мақсатына жету жолында қандай да бір кедергілер кездесіп, нәтиже қанағаттанарлықтай болмай жатса, депрессияға оңай түсіп кетуі мүмкін. Алайда, барлық аталған топтардың ішінде O (I) топтағы жандар табиғатынан ең көңілді және достық пен махаббатқа адал жандар деп есептеледі. Олар тіпті басқа адамдардың игілігі үшін өздерін құрбан етуі де мүмкін. Бұл топтағы жігіттердің ол қасиетін айналасындағы қоршаған жандар жоғары бағалайды, сондықтан оның айналасында достары көп. Олар адамдарға қамқорлық жасағанды ұнатады. Олар жақсы аға болуға әбден лайық.

A (II) қан тобындағы жандар өте сақ келеді. Олар кез келген істі бастамас бұрын мұқият жоспарлауды жөн көреді, тіпті ол мүлде елеусіз нәрсе болса да. Олар өзін қоршаған ортаға бейжай қарамайтын тіпті өз - өзіне сыни көзбен қарайтын жандар. Сондықтан, олар әдетте қатал, кез келген ережелерді ұстануға, сондай - ақ олардың іс - әрекеттері үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын тұра біледі. Басқалардың оны түсінбегеніне қарамай олардан да осыны талап етеді. Олардың өзіндік жеке пікірі бар. Бұл топтағы жандарға негізінен пікірталастар мен талқылаулар өте ұнайды. Олар дұрыс пікір білдіріп, күрделі жағдайда өзін сабырлы ұстай алады. Олар өте қабілетті бір істі алса аяғына дейін тындырып істейді. Жұмыста бұл қабілетін жоғары бағалайды. A (II) бұл топтағы жігіттерді өз ісінің профессионалдары деп айтуға болады. Егер сәтсіздікке ұрынса депрессияға ұзағынан кетуі әбден мүмкін.
Сырт келбеті соншалықты суық және сұсты болғанымен де шындығында олардың жүрегі мейірімге толы нәзік адамдар деп есептеледі.

B (III) қан тобындағы жандар көңілді және оптимист болып келеді. Мақтағанды өте сүйеді. Егер бір іс бастаса бел шеше кіріседі. Бұл топтағы жігіттердің көшбасшылық қасиетіне қарай айналадағылар кез келген істі тапсыруға болады деп есептейді. Бірақ олар тек өзінің пікірін ғана шынайы деп есептейді де басқа адамдардың пікірін есепке алмай іске кіріседі. Бұл қасиеті айналасындағылардың наразылығын туғызуы мүмкін. Көбіне, бұл топтағы жігіттердің көңіл - күйі құбылмалы болып келеді. Сол себепті де, олар өзінің ережелерімен өмір сүріп үйренгенімен де кейде басқалардың ықпалында кетіп жататыны бар.

AB (IV) қан тобындағы жандар негізі уақытты босқа өткізуді қаламайтын жандар. Бұл олардың өміріндегі барлық аспектілерінде қолданылады. Олар өте эмоционалды аздап қылықты және идеалист сонымен қоса ақын жанды жаратылыс иелері. Кез келген жұмысты мұқият орындайды, алайда асықпайды. Бұл қан тобындағы жігіттердің мінезі көбіне тұйық келеді. Олар күшті қорғаныс инстинктке ие, жақын адамдарының өзіне оңайлықпен сыр аша қоймайды. Онымен қарым қатынаста сыр алдырмайтын қасиетіне қарап, оның артында нағыз романтик жігіт жасырынғанын білмей қалуыңыз әбден мүмкін. AB (IV) қан тобындағы жігіттер өмірдің ағысына қарсы келмей, ағыспен бірге жүзуді жөн көреді. Кейде бұл жігіттерге табандылық жетіспей жатады, себебі істің соңына дейін күрескісі келмейді. Бұл топтағы жігіттердің аталған қасиетіне қарай айналасындағы ортасы оларды әлсіз, ерік - жігерсіз тұлға ретінде көруі мүмкін. Бірақ олар достыққа өте берік, қиындық туған жағдайды әрқашан көмекке келуге дайын.

Жұлдызнама қыз келіншектер туралы

Қыз-келіншектердің мінезін туылған айына қарай анықтау Қыз-келіншектердің мінезін туылған айына қарай
Қаңтар. Бұл айда дүниеге келген қыз-келіншектер төзімді келеді. Сондай - ақ ер мінезді болып келеді.
Тауешкі Тауешкі
Сіз бір кездері сыртынан қарағанда қарапайым және жұмсақ көрінетін жанды кездестірдіңіз, алайда нақты іске келгенде күтпеген жерден еркіңе
Арыстан Арыстан
Арыстан жұлдызында туылған жандар әрдайым көпшіліктің назарында болуды қалайды. Той - томалақ, думанды кештерде екі көзі күлімдеген, жайбарақат,
Шаян Шаян
Шаян – жұлдыздардың ішінде ең сақ жұлдыз деуге болады. Олардың өз мақсатына қалай жетуін бақылай отырып, басқаларынан айыру оңай.
Тоқты Тоқты
Тоқты жұлдызына мінездеме. Тоқты – табиғатынан көшбасшы және онымен келіспеу мүмкін емес. Тоқты жұлдызында туған жанды бір көргенде – өзіне сенімді,
Жұлдызнама - қыздар үшін (қан тобы бойынша) Жұлдызнама - қыздар үшін (қан тобы бойынша)
Жұлдызнама - қыздар үшін (қан тобы бойынша анықтау) O (I) қан тобындағы нәзік жандар ақкөңіл, қиялшыл, нағыз романтик, үнемі өз идеалын іздейтін
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×