ойын сауық отауы
Қыз жасауы
24.08.2016 79 820 0 Дауыл

Қыз жасауы

Бұл қызықты
Қыз жасауы
Ұзатылған қызға берілетін дүние - мүлік «жасау» деп аталады. Халқымыз қыздың жасауына аса зор көңіл бөліп, «жасауды алты жастан жинасаң асады, жеті жастан жинасаң жетеді!» деген. Небір жақсы жиһаздар, сәукеле, кілем, текемет, ыдыс - аяқ, төсек - орын, киім - кешек, әсем әшекейлі бұйымдар қыздарға берілетін болған. Жасауды қыздың еншісі десе де болады.
Көбіне жігіт жағынан берілетін қалың малға шамалас келетін жасау кейде оның мөлшерінен де асып түсіп жатуы мүмкін. Қызға жасау беру ата - ана мойнындағы борыш. Сол себепті де «қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз қыз болмайды» деген қазақ қыз баласын жасаусыз ұзатпаған. Тұрмыс - салттың өзгеріп дамуына орай жасаудың да мөлшері мен мазмұны үнемі өзгеріске ұшырап отырғаны анық. Қазіргі кездегі қыз жасауы дүние - мүлікпен бірге тұрмыстық - техника түрлері және үй жабдығына қажетті құралдармен толық - қан. Негізінен бар қазаққа ортақ салт десек те әр өңірдің қызға жасаулық дүние беру дәстүрінің өзіндік өзгешеліктері де жоқ емес. Біз сіздермен осы сұқбатымызда Орталық Қазақстан өңірі Қарағанды, Астана аймақтарындағы қызға жасау беру салтының негізгі ерекшеліктеріне тоқталмақпыз.
Сонымен қыз жасауына берілетін дүние мүліктер мынадай бөліктерден тұрады.

1) Төсек - орын.
Ертеректе анасы ұзатылатын қызына арнап екі кісілік құс төсек әзірлейтін болған. Қазіргі кезде мұның орнына жатын орын жиһазы (гарнитур) силап жүр. Бұрындары қыз жасауына берілетін сандық, әбдірелер де қазіргі жиһаздардағы шифоньер, шкаф қызметін атқарғаны анық. Екі кісіге арналып тігілген қалың көрпе де қыздың төсек орнында міндетті түрде болуы тиіс. Босағасынан мейманы арылмайтын қазақтың отауында төр көрпелердің алар орны ерекше. Қыз жасауындағы төр көрпелердің саны тақ болады. Әдетте отау үйдің қажеттілігіне орай 3, 5, 7 немесе 9 төр көрпе әзірленеді. Бар қалағанымызды базардан тауып алатын қазіргі заманда қыз жасауына да дайын мүлікті сатып ала салуға құштармыз. Уақытыңды үнемдеу үшін бұл дұрыс шығар. Алайда сырты жылтырап тұрғанмен базардағы дүниенің барлығы дерлік сапалы бола бермейді. Сатып алған көрпеңіз ертеңгі күні қызыңыздың отауына барғанда дода - додасы шығып шашылып жатса, сізге де, қызға да абүйір әпермесі анық. Сондықтан да көрпе жастығыңыздың сапасын жіті тексеріп алыңыз. Дайын күйіндегі көрпе жастықтың сапасына күмәніңіз болса, астарын ашып, қайта бидайлап алғанның артықтығы жоқ. Қызыңызға жат жерде қандай жайлы ғұмыр тілесеңіз, сондай сапалы жасау жиып беруге тырысыңыз.
Қазіргі замандағы қала шарттарында қыз жағы жиһаздық дүниені отау үйге тойға дейін алдын - ала апарып құрып беріп жүр. Бұл да қаланың қым-қуыт тірлігінде уақыт үнемдеудің тағы бір амалы. Жиһаз құрылып болған соң, қыздың жеңгелері төсек орынды жинап, күйеу жігіттің әке шешесінен көрімдік алады. Жігіт жағынан көпті көрген, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған, ұлағатты бір әйелді «келіннің етегінен жандырсын» деп жастардың төсегіне аунатады. Құда мен құдағиға да арнап бөлек кілем төсеп, көрпе жаяды. Екеуін кілем үстіндегі көрпеге отырғызып, кілемнің екі шетін тартып қағыстырып, қалжыңдайтын дәстүр де бар.

2) Ыдыс - аяқ.
Қазіргі кезде көп жерлерде қызға берілетін ыдыс - аяқты шай - су ішетін шыны ыдыстармен ғана шектеп жүр. Дәстүрге жүгінсек бұл дұрыс емес. Анасы шамасы келсе қызының ас үйіне қажетті ірілі - ұсақты аяқ - табақтарын түгендеп бергені жөн. Мысалға үлкені, орташасы, кішісі 3 түрлі ас пісіретін қазан (қазіргі тілмен айтқанда кастрюль деп ұғыңыздар) берілсе... Қонағы келгенде үлкен - деуін қолданып, күнделіктісіне орташа, кіші қазандарда ас дайындамайды ма? Сондай - ақ тегене, табақ, бақыраш, кепсер, ожау, оқтау, дастархан, шәйнек те жасау жабдықтарына жатады. Қыздың өзге мүлкі сияқты ыдыс аяғының да сапасына назар аударған абзал. Пісірген тамағы күйіп, жанып, қаспақтанып жатпайтындай сапалы материалдан істелген ыдыстарды беруге тырысыңыз. Қазіргі кездегі тоңазытқыш, кір жуатын машина, үтік секілді техника құралдарын да жасау жабдықтарына жатқызуға болады. Жат жерге барғанда қызының тірлігін жеңілдететіндей жасау жинап, жағдай жасап беру - әр ананың міндеті.

3) Киім - кешек.
Жақсы ана ұзатылатын қызының кем дегенде бір жылдық киімін түгендеп береді. Киім-кешекті де қажеттілігіне қарай анасы қызымен кеңесе отырып алады.
Жасаудың жоғарыда аталған бөліктерін теңдеп түйеді де әр буманың бетіне көйлек жаулық салады. Әдетте мұны түйінді ашқан әйелдер алады.
Біз осы шағын мақаламызда қазіргі заман шарттарындағы қызға жасау жию дәстүрінің негізгі тұстарына тоқталдық. Әрине бұл ұсынғандарымыз ортақ үлгі ғана. Әр ата ана өзінің материалдық мүмкіндігіне қарай қызына жасау жиып, шамасына орай үй тұрмысының жабдығын түгендеп береді. Бұрынғының дәулетті адамдары ұзатылған қызына алты қанат ақ орда құрып, қызметші күңін қоса беріп отырса, қазіргі ауқатты ата - аналар қыздарына баспанасына дейін әперіп, автокөлігін де сайлап беріп жүр. Мұны асқандықтың белгісі деп қарауға да болмас. Қай ата-ана болмасын қолдағы барын да, қорадағы малын да баласының бақытының жолына бағыштауға дайын тұрады емес пе? Ең бастысы ұл үйлендіріп, қыз ұзатқан тұста екі елдің арасындағы алық - берік, жол - кәделерді бос бәсекеге айналдырып, жөн жосықсыз шашыла бермеу. Кейде артық берілген мүліктің өзі екі жастың арасындағы қарым қатынасқа кері әсерін тигізіп жатады. Сондықтан ұл қызының болашағын ойлаған ұлағатты ата-ана осының бәрін ақыл таразысына тартып, өзінің немесе ағайындарының құлқынын қанағаттандыру үшін емес, жас отаудың қажетін ашу үшін қам жасауы тиіс.

Мемлекеттік қызметкерлер мерекеде сыйақы алмайтын болды Мемлекеттік қызметкерлер мерекеде сыйақы алмайтын
«Мемлекеттік қызметкер жұмысының өнімділігіне байланысты бонус беріледі. Жаңа әдістеме бойынша жылына бір рет желтоқсанда мемлекеттік қызметкер
Қыз таңдау дәстүрі. Қазақ халқының салт - дәстүрлері Қыз таңдау дәстүрі. Қазақ халқының салт -
Қыз бен жігіт арасындағы туыстық жеті атаға толуы.
Мақал - мәтелдер (Ата –ана, ұл мен қыз) №2 Мақал - мәтелдер (Ата –ана, ұл мен қыз) №2
Қыз кетсе – қуаныш, Тұрақтаса – жұбаныш.
Салт - дәстүрлер Салт - дәстүрлер
КИІТ – дәстүрлі үйлену салтындағы құда - құдағилардың бір - біріне киім түрінде берілетін арнайы сый - сияпаты, кәдесі. Киіт кигізу алғаш құдалардың
Жаңа жылдық сыйлықты алдын ала дайындап қойған дұрыс Жаңа жылдық сыйлықты алдын ала дайындап қойған
Сыйлық дайындау үшін мерекенің келіп жеткен уақытын күтудің қажеті жоқ. Сыйлықты мерекеге дейін дайындап қойған жөн. Кімге қандай сыйлық
Жетім қыздың жасауындай екен демес үшін Жетім қыздың жасауындай екен демес үшін
«Қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз күйеу болмайды» деген. Бөріктілер «қыздың артынан 9 көрпесі болса болды емес пе?» деп ойлауы мүмкін.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×