ойын сауық отауы
Махаббат – адамға күш береді
19.10.2016 48 301 0 Дауыл

Махаббат – адамға күш береді

Бұл қызықты
▪ Махаббат – адамға күш береді,
Әйелді – әдемі етеді.
Еркекті – мейірімді етеді,
Жүректі – жеңілдетіп,
Өмірді – әдемі етеді! (Омар – Хайям)

▪ Ең үлкен бөгет - Қорқыныш.
Ең үлкен қателік – Рухы сөну
Ең қауіпті адам – Өтірікші.
Ең зұлым сезім - Қызғаныш
Ең әдемі қылық – Кешіре білу.
Ең жақсы қорғаныс – Күлімсіреу.
Ең қуатты күш – Сенім
Ең жақсы қолдау – Үміт
Ең жақсы сыйлық – Махаббат. (Омар – Хайям)

▪ Көз жасы – әлсіздіктің белгісі емес. Бұл адам жаны мен жүрегі бар екенінің дәлелі.

▪ Адамның қатал болу себебі – оның бойындағы мейірімділікті кейбіреулер әлсіздік деп түсінуінен.

▪ Сөзіңді түзесең әдетіңе айналады,
Әдетіңді түзесең мінезіңе айналады.
Мінезің, ол сенің тағдырың. (Шәкәрім Құдайбердіұлы)

▪ Қиындық өз басыңда болмаған соң, батыл болуы оңай. (Вероника Рот)

▪ Жақсының - сөздері өлмейді.
Жалғыздың - жұмысы өнбейді.
Шындықтың - шырағы сөнбейді.
Талпынған - биікке өрлейді.
Асыққан - ажалды көрмейді.
Менменшіл - мақтауға шөлдейді.
Ал кекшіл - кек алмай көнбейді.
Ақылды - ойланып сөйлейді.
Ақылсыз - кіргеннен "төр"- дейді.
Көз тоймас - асын да бөлмейді.
Сақ жанға - жамандық төнбейді.

▪ Бұл өмірде таңдау жасай білу керек: кімді тізімнен сызып тастау керек, кімді тізімге қосу керек...

Жаңа жылға арналған тілек Жаңа жылға арналған тілек
«Денсаулық, сен біреу емессің бе? Мыналар кім?»- деп таң қалыпты жақсы адам. Сонда: «Денсаулық болған соң, біз де боламыз ғой міндетті түрде» деп,
Жақсылық, жақсы адам туралы мақал - мәтелдер Жақсылық, жақсы адам туралы мақал - мәтелдер
Айдынды жақсы аймен тең, Жомарт жігіт баймен тең.
Бидайдың кеудесін көтергені - дақылы жоқтығы Бидайдың кеудесін көтергені - дақылы жоқтығы
Бидайдың кеудесін көтергені - дақылы жоқтығы, Жігіттің кеудесін көтергені - ақылы жоқтығы.
Есіңнен айырылу үшін, тек бір жанды кездестірсең жеткілікті Есіңнен айырылу үшін, тек бір жанды кездестірсең
Ол адам саған шынымен қажет болса, сен тәкаппарлығың мен қатал мінезің туралы ұмытасың.
Егер сізді біреу жақсы көргенін қаласаңыз, онда өзіңіз сүйе біліңіз Егер сізді біреу жақсы көргенін қаласаңыз, онда
Сұлулық махаббат туғызбайды, керісінше махаббат сұлулықты көре білуге мүмкіндік береді. (Л.Н.Толстой)
Қарапайым сұрақтарға қарапайым жауаптар Қарапайым сұрақтарға қарапайым жауаптар
Қай жеңімпаз таңдаулы? - Шындықпен жеңген. Қай жеңімпаз таңдаулы емес? - Күшпен жеңген. Қай адам ең әлсіз? - Өзгелерді жеңген.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×