Ойын сауық отауы
загрузка...


Жаңа жылдық сыйлықты алдын ала дайындап қойған дұрыс

Жаңа жылдық сыйлықты алдын ала дайындап қойған дұрыс.

Уақыттың зымырап өтіп жатқаны соншалық, көптен күткен жаңа жыл мерекесі де келіп жеткелі тұр. Жаңа жылда туыстарыңыз бен достарыңызды және сүйіктіңізді қандай сыйлықпен қуантсам екен деп бас қатырып жүрген болсаңыз бұл мақаланың сізге көмегі тиеді деп ойлаймын. Ендеше келе жатқан 2017 тауық жылында қандай сыйлық тарту еткен жөн, осы туралы айтамыз.

Сыйлық дайындау үшін мерекенің келіп жеткен уақытын күтудің қажеті жоқ. Сыйлықты мерекеге дейін дайындап қойған жөн. Кімге қандай сыйлық жасайтыныңызды анықтап алу керек.
Туыстарыңызға, достарыңызға, сүйіктіңізге қандай сыйлық түрін жасау керек екенін білу үшін шығыс күнтізбесінің көмегіне жүгінеміз. Келе жатқан 2017 жыл қызба тауыққа тиесілі болғандықтан. Қай түсті таңдау керек екенін өзіңіз де сезіп отырған боларсыз.

Ата - анаңызға қандай сыйлық жасау керек?
Суретімен қарау

Тауықтың қызба болуынан тауық жылына қызыл және қызылға тән түстер сәйкес келеді. Сондықтан әкеңізге сәнді қызыл түсті галстук, анаңызға қызғылт түсті (розовый) пижама сыйлауға болады. Бұл келгелі тұрған жаңа жылға әбден сәйкес келеді.
Сонымен қоса ата - анаңыздың үйіне арнап дастархан, жылы жамылғы (плед), жапқыш (покрывало) алуға да болады.
Қызылға жақын түстерден таңдаған дұрыс, үйдегі жиһаздарға сәйкес келіп жатса тіпті тамаша!

Тауықтың кешке дейін тамақтанудан аузы бір босамайды сондықтан анаңыз тамақ әзірлегенді жақсы көретін болса аспаздық құрал сыйға тартуға болады. Қазір мұндай құралдың түрлері өте көп: миксер, шырын сыққыш, көкөніс турағыш. Мұндай тізімнің ішінен анаңызға ұнайтын құрал табылады деп ойлаймын. Мүмкін, анаңыз ескі шай сервизі орнына жаңасын алғысы келіп жүрген болар, әдемі дастархан немесе жаңа ас құралдарынан поднос, ас ішуге арналған саймандар (қасық, шанышқы жиынтығы), ыдық-аяқ сыйласаңыз әбден қуанып қалады.
Сыйлық алушы – кофеге әуес болса кофеге арналған ерекше шыны аяқ сыйласаңыз тіпті тосын сый болады.
Егер әкеңіз көлік жүргізетін болса, көліктің салонына керекті керек - жарақтар сыйлауға болады. Массажды кілемше жүргізуші орындығына төсеуге арналған, ауаны тазартқыш, көлік ішінде ілінетін сөмке, кілт ілетін салпыншақ т. б.

Тауық – ұқыпты болып есептеледі, көп таңдау жасауды қаламайды. Анаңызға әдемі сөмке, әкеңізге былғарыдан тігілген белдік пен былғары әмиян сыйласаңыз, бұл да таңдаулы сыйлық болып есептеледі.
Ата - анаңыз зергерлік бұйымнан да бас тарта қоймас. Анаңызға әдемі алқа, әкеңізге әдемі жеңілгек сыйласаңыз (запонка) тосын сый болмақ.
Егер сыйлық алушы әшекейлік бұйымдарды ұнататын болса сәнді күміс сақина тарту етуге де болады.
Ең жақсы сыйлық бұл – кітап екенін есте сақтаған жөн. Егер сіздің ата - анаңыз кітапқұмар жандар болса, олардың қандай кітап сатып алуды жоспарлағанын біліп алған дұрыс. Мүмкін, қызықты журналға жазылуды қалап жүрген болар, қалауын орындасаңыз жақсы сыйлық болады.
Әлде, отбасылық суреттерді жинайтын сапалы фотоальбомды қалайтын болар.

Ата - әжеңізге қандай сыйлық жасау қажет?
Көбіне үлкен кісілер сыйлықтың пайдалы түрлерін құп көреді, күнделікті қолданысқа қажетті заттар болғаны дұрыс: төсек жаймалары (комплект постельного белья), сүлгі, әдемі ыдыс аяқ, тұрмыстық техника, жылы көрпе немесе жамылғы.
Қазақ халқы үшін басқа тартатын орамалдың орны ерекше сондықтан әжеңізге арнап жылы түбіт орамал немесе сәнді жұқа орамал, жылы кеудеше сыйлауға болады.
Торт салуға арналған тәрелке мен торт салғыш күрекше сыйлаңыз, бұл анаңызға немесе әжеңізге жақсы сыйлық болады.
Мереке қарсаңында ауру туралы ойлағың келмейді, алайда денсаулыққа көңіл бөлмеуге тағы болмайды. Қарт әжеңіз бет атаңызға сыйлық аларда денсаулық туралы бірінші кезекте ойлайсыз. Сондықтан, медициналық құрал - саймандар сыйға тарту орынды. Массаж жасау құралы, қан қысымын өлшейтін құрал т. б. Сіздің қамқорлығыңызды түсінбей қалмас үшін, медициналық құралдарды тек жақын адамдарыңызға сыйлауға болатын ескерткім келеді.

Інілеріңіз бен сіңлілеріңізге не сыйлау қажат.
Інілеріңізге, сіңлілеріңізге сыйлық таңдағанда олардың жасы қаншада екенін ескеру қажет. Олардың таңдауын таба білу қиын сондықтан таңдауды өзі жасау үшін ақша берген дұрыс, өз қалауына жұмсайды. Егер сыйлық аламын деп шешсеңіз: заманға сай құлаққап, ыңғайлы былғары сөмке тамаша сыйлық болады.

Жасөспірім қыздарға ашық түсті, көзге түсерліктей заттардан – мойын орағыш, қолшатыр, сөмке, косметикалық заттар сонымен қоса әртүрлі зергерлік бұйым түрлерін сыйлау керек.
Ыңғайлы әрі былғарыдан тігілген сума жақсы сыйлық болады.

Жасөспірім жігіттерге негізінен: телефон, қол сағат, әмиян, сөмке сыйлау керек.
Егер жас жігіт спортпен шұғылданатын болса, жаттығу құрылғысын, бокс қолғабын немесе бокс тұлыбын (боксерская груша) сыйлауға болады.

Кішкентай балақайларға не сыйлауға болады?
Әрине, ең алдымен ойға келетіні – жұмсақ ойыншықтар. Есте сақтаңыз, басқалардың сыйлығымен сыйлығыңыз бірдей болып қалмас үшін ерекше сыйлық таңдауға тырысыңыз. Қыздарға арнап қуыршақ, ыдыс - аяқ жиынтығы, ұл балаға – машина т. б. сыйлауға болады. Жылы бас киім сыйлауға да болады.

Естияр балаларға арнап кітапша, шығармашылық дамыту құралдарын, білім беретін ойыншық, түрлі - түсті қарындаш т. б.
Мектепке қажетті құрал-саймандарды салып қоятын қорап жақсы сыйлық болады.

Кішкентай балаға тек сыйлық сыйлап қана қоймай, қыдыруға алып шығуға болады. Мысалы, қуыршақ театры, Жаңа жылдық ертеңгілік ұйымдастыру Жаңа жылдық шырша, Аяз ата мен Ақшақардың қатысуымен т. б.

Достарыңызға қандай сыйлық жасаған дұрыс?
Тауық үй құсы болғандықтан саяхатты қаламайды. Сондықтан ағаштан және шыныдан жасалған кәдесыйлар тарту етуге болады. Егер жақын араласатын достарыңыз болса, әдемі жеміс салғыш (фруктовница), торт салуға арналған ыдыс немесе шам (люстра, светильник), шам қойғыш сыйлауыңызға болады.

Сүйіктіңізге қандай сыйлық жасау қажет?
Жаңа жылдың романтика мен ғажайыпқа толы болғанын қалайсың, сондықтан сүйіктіңізді қуанту үшін қиялыңызға ерік беріңіз.
Ханымдар үшін келер жылға сәйкес келетін тастармен жасалған зергерлік әшекей бұйымдар сыйлау орынды есептеледі. Мысалы, лағыл (рубин), анартас (гранат), жылтыр тас (опал), ақық (сердолик).
Сонымен қоса ханымдар үшін хош иісті иіссу – тамаша сыйлық болып есептеледі. Хош иісті иіссудан бас тартатын қыз - келіншек жоқ шығар.
Түрлі тәттілерден әдемі гүл шоғын жасап ерекше сыйлық жасауға болады. Бұл сіздің сүйіктіңіздің көңілінен шығады деп ойлаймын.
Романтикалық саяхат жасауға міндетті түрде шекара асып, алыс елге шығу қажет емес. Өз елімізде жақсы демалыс орнына демалу билетін алып берсеңіз дұрыс болады. Дәл қазір ең танымал сыйлық ретінде сұлулық салонына немесе жаттығу залына жазылу билетін алып беру жақсы сыйлық болады.

Ер азаматыңызға сыйлық таңдағанда әуесқойлығын ескерген жөн. Егер ер азаматыңыз салауатты өмір салтын ұстанатын болса яғни спортпен шұғылданатын болса спорттық костюм сыйлауға болады.
Сонымен қоса, электронды кітап, жаңадан шыққан фильм дискілерін және шахмат сыйға тартуға болады.
Егер компьтермен жұмыс жасайтын болса ноутбук сөмкесін, клавиатура тазалайтын шаңсорғыш компьютерге керекті заттар сыйласаңыз қуанып қалады деп ойлаймын.
Киім - кешек, иіссу – бұлардың барлығы керек заттар екенін барлық қыз - келіншектер біледі деп ойлаймын. Бұл сыйлықтардың қай - қайсысын сыйласаңыз ер азаматыңызды әбден қуантасыз.
Ер - азаматтар бала секілді, кейде түкке қажеті жоқ желкенді қайық үлгісін сыйласаңыз да қатты қуануы мүмкін.

Келе жатқан тауық жылында жақындарыңызға ерекше қайталанбас сыйлық тарту етіп қуантып тастайсыз деп ойлаймын. Іске сәт!

Дайындаған: Асыл
Материал рейтингісі:
барлық дауыс бергендер: 2
Басқа жаңалықтарды оқу:
Пікір білдіру
* = міндетті түрде толтырылуы тиіс
Жартылай қою Қисық мәтін Асты сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жағына қою Ортасына Оң жағына қою | Смайликтер қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Түсті таңдау | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерациядан кирилицаға ауыстыру Спойлер қою
Қауіпсіздік коды :

Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
код көрінбесе қайта басыңыз


Үздік мақалалар
Білімділер жаңалықтары
  • Kazakh national clothes

    to advance pupils knowledge about Kazakh national clothes, to activate the pupils speaking abilities about national clothes of our country, to teach pupils to search and learn necessary materials ...
  • Қолөнерден сыр ұққан шебер қыздар

    Оқушылардың эстетикалық талғамын ұштау, өнерге ынтасын дамыту, шапшаңдыққа, талғампаздыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
  • Жазық фигуралардың модельдерінен және бөліктерінен композиция құрастыру

    Өздеріне таныс жазық және кеңістік фигураларды атайды, ажыратады. Жазық фигуралардан әртүрлі заттар мен композициялар құрайды.
  • Қыс қызығы

    Балалардың спорт туралы білімдерін кеңейту, қызығушылығын арттыру, достыққа баулу. Ата – аналардың балабақшамен тығыз байланысын дұрыс жолға қою және ойындарға ата – аналар белсене қатысып нәтижелі ...
  • Денсаулық фестивалі

    Қызметкерлердің салауатты өмір салтына өз үлестерін қосуға үндеу, қызығушылықтарын арттыру, ауызбіршілікке, біріккен іс әрекетке баулу.
  • Мықты отбасы – мықты мемлекет

    Ата - ананың бала тәрбиесіндегі қарым - қатынасы туралы түсініктер беру арқылы ата - аналардың білімдерін көтеруге көмектесу және балабақшамен тығыз байланысын арттыру. Балалармен бірге ...
  • Ертегілер әлемінде

    «Бауырсақ» ертегісі желісі арқылы баланың оқу іс - әрекетіне деген қызығушылықтарын оятып, сахналау шеберлігін арттыру. Қиялын, тіл байлығын ойлау қабілетін дамыту. Саусақ моторикасын дамыту.
  • Біз бір-бірімізді түсінеміз бе? Ата – аналармен тренинг

    Баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата - ана тәрбиесінің әдіс тәсілдерін жетілдіре отырып қарым – қатынас орнату.
  • «Smart Student» зияткерлік ойыны

    Ойын сабақтары арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін, пәнге деген қызығушылығын арттыру, зияткерлік қабілетін дамыту, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға болады. Сондай - ақ бұндай ойындар ...
  • Асқорыту мүшелерінің қызметі. Ауыз қуысында астың қорытылуы. Сілекейдің құрамы, қасиеті, зерттеу жолдары

    Оқушыларға ас қорытудың маңызын ұғындыру. Ауыз қуысының құрылысы, шайнау әрекеті, тістің құрылысы, сілекей бездері және тілдің құрылысы, олардың атқаратын қызметтерін түсіндіру.
загрузка...

Өз пікіріңді білдір
Қандай мақалаларды көбірек енгізген жөн?
Сайтта кім бар
Барлығы: 9
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 9
Роботтар: 0
Соңғы пікірлер
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика