ойын сауық отауы
Мінсіз үй бикесі
07.01.2017 2 291 0 Дауыл

Мінсіз үй бикесі

Бұл қызықты
Мінсіз үй бикесі
Үй бикесі дегенде көз алдымызға, үйде отырып, күйеуіне, бала-шағасына күтім жасайтын, ас әзірлеп, үй жинайтын жалпы, үйдің бар шаруасымен айналысатын келіншекті елестетеміз.
Бірақ, біз мұндай жаңсақ пікірден аулақ болуымыз керек, себебі мінсіз үй бикесі міндетті түрде үйде отыруға тиіс емес, оның қызметте жүріп те, бұл шаруаны мінсіз атқаруына болады.
Нағыз үй бикесіне ескеретін бір жайт – уақытты үнемді пайдалана білу. Бұл мақаланы оқи отырып сіз нағыз үй бикесін танисыз деген сенімдемін.

Үй тазалау кестесі
Үйдің іші - сырты мұнтаздай таза болып тұруы үшін сізге тазалық кестесін жасап қойған дұрыс болар. Бұл сөз жоқ, сіздің уақытыңызды үнемдеуге көмегін тигізеді. Күнделікті атқарылуға тиіс шаруаларды отбасы мүшелеріне бөліп тастаған жөн мысалы, ыдыс - аяқ жуу, қоқыс шығару, дастархан үстін ретке келтіру. Сонымен қоса, аптасына бір рет жуынатын бөлмені тазалап шығу, 3 айда бір рет терезе, есіктерді сүртіп шығу. Егер тазалық кестесін дұрыс құрып, оны мұқият ұстанатын болсаңыз көп уақыт пен күшіңізді үнемдейсіз.

Тамақ дайындау
Нағыз үй бикесі ең алдымен дәмді кешкі ас пен қоса тәтті бәліш те пісіреді. Егер бұл шаруаның қас шебері боламын десеңіз, күнделікті пиццаға тапсырыс беріп, апта сайын дайын тағам сатып алып, қысқа толқынды пеште қыздыра салып ұсынуға болмайды. Үйде күнде ыстық тамақ әзірленуі қажет. Аспаз дайындағандай тәтті әзірлей білмесеңіз де, аптасына бір рет дәмді бәліш пісіру артық болмайды. Отбасы мүшелерінің үстел басында бірге ынтымақтаса отырып шәй ішуі, бір - бірімен әңгімелесуге үлкен мүмкіндік.

Міндеттерді бөлісу
Нағыз үй бикесі ас әзірлеп, үй тазалаумен қатар мықты ұйымдастырушы. Қызметте жүрген адам болсаңыз бүкіл үй шаруасын жалғыз атқаруыңыз мүмкін емес, сондықтан үй шаруасын күйеуіңіз, балаларыңыз, үйдегі басқа да адамдарға бөліп беріңіз. Балалар мектеп жасынан бастап, ойыншықтарын өз орнына орналастыруды, төсек орнын ескертусіз жинап қоюды үйренуі қажет. Балалар бөлмесін олардың өзіне тапсырыңыз. Күйеуіңіз тамақтанып болғаннан соң, үстел үстінде ыдыстарды ас бөлмесіне жеткізіп беріп, үстел үстін реттеп кетуіне болады. Бұған күйеуіңіз 10 минут уақыт жұмсауы мүмкін, ал сіз үшін бұл әжептеуір жеңілдік.

Үйде жайлы атмосфера қалыптастыру
Нағыз үй бикесі – отбасының жылулығын сақтаушы. Кез келген шиеленісті дау - дамайсыз шешуге тырысады, үнемі балалары мен күйеуіне назар аударып отырады. Үйді қажетті жиһаздармен жабдықтап, керек - жарақтарымен безендіріп, үйде жайлылық туғызады. Бұл шаруада өз жақындарыңның көмегін пайдалануға да болады.

Өзіңізді күте біліңіз
Нағыз үй бикесі, үй шаруасын мінсіз атқара жүріп, көңілсіздікке, қапалануға, ренжуге жол бермейді. Мінсіз үй бикесі болуы сіздің қалауыңыз, таңдауыңыз. Мінсіз үй бикесі ешқашан өзін ұмытпауға тиіс. Кем дегенде, аптасына бір күнді өзіңізге демалысқа арнаңыз, өз қалауыңызбен айналысыңыз. Теледидар қараңыз, балалармен таза ауада серуендеңіз. Туыстарыңызға өз қажеттіліктеріңіз туралы айтыңыз, оларға барлық жағдайды жасаумен бірге олардың да сізге жағдай жасауын ескеріңіз. Егер сіз үшін, олардың жағдайы бірінше орында екенін, ол үшін ешқашан шаршамайтыныңызды білдірсеңіз, олар да сізді түсінеді деп ойлаймын.
Адам өзіне уақыт таба алмағандықтан шаршайды. Сондай сәтте «бәрі мені жай ғана пайдаланады» деген ой туындайды. Мұндайға жол бермес үшін өзіңе уақыт бөлу керек. Анда - санда құрбылармен кездесіп, сұлулық салонына барып, кішігірім саяхатқа шығу секілді көңіл көтеруді де ұмытпаған жөн.

Дереккөзі: garmoniazhizni.com
Дайындаған: Жадыра

Еркектерге неліктен үй шаруасындағы әйел ұнайды? Еркектерге неліктен үй шаруасындағы әйел ұнайды?
Қазіргі кезде келіншектердің көпшілігі мансапқұмар, өзінің сыртқы келбетіне көп көңіл бөлумен қатар, түрлі қызығушылықтар ойын-сауықтан қолы
Үйді жайлы етіп безендіру. Үйді жайлы етіп безендіру.
Үйдегі жайлы атмосфера өте маңызды. Жайлы тұрғын үйде демалу, жұмыс жасау қолайлы, өзіңді еркін сезіну мен қатар жаныңа жылылық береді. Үйдің жайлы
Әрбір үй бикесі білуге тиіс 10 әдіс - тәсіл Әрбір үй бикесі білуге тиіс 10 әдіс - тәсіл
Тоқ шәугім ішіне тұрып қалған қақты кетіру үшін, су құйып қайнатыңыз сонан соң, бір қалта лимон қышқылын салыңыз. Осы тәсілмен кір жуғыш мәшинені,
Қонақ күту ережелері Қонақ күту ережелері
Қонақ күту – кез - келген үй бикесі үшін нағыз сынақ. Қонақтардың көңілінен шығарлықтай дастархан жайып, ас пісіру, дастархан жабдықтарын дайындау,
Жадовскаядан Жадовскаядан
Мінсіз таза меруерт Су түбінде жатады. Мінсіз таза асыл сөз Ой түбінде жатады.
Бет терісіне жемістерден жасалған маска Бет терісіне жемістерден жасалған маска
Сіз теріңіздің тегіс және таза болуын қалайсыз ба? Мұндай тамаша келбеттің иесі болу үшін, бет терісіне дұрыс күтім жасауды үйренуіңіз керек.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×