ойын сауық отауы
Бидайдың кеудесін көтергені - дақылы жоқтығы
03.01.2017 12 595 0 Дауыл

Бидайдың кеудесін көтергені - дақылы жоқтығы

Бұл қызықты
Бидайдың кеудесін көтергені - дақылы жоқтығы,
Жігіттің кеудесін көтергені - ақылы жоқтығы.

Ешқашан ешкімге бір дүниені түсіндіріп әуре болмаңыз. Тыңдағысы келмейтін адам ешқашан тыңдамайды, түсінгісі келмеген түсінбейді. Ал сізге сенетін және сізді түсінетін адам артық сөзді қажет етпейді. (Омар Хайям)

Ұйықтаған халық жоғалады немесе құл болып оянады. (Мұстафа Кемаль Ататүрік)

Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар. Ең әуелі ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тәртіп керек. (Мұхтар Әуезов)

Тілден биік асқар тау, тілден асқан байлық, тілден терең теңіз жоқ. (Ғ. Мүсірепов)

Қаншама адам көрдім, үстінде киімі жоқ, қаншама киім көрдім, ішінде адамы жоқ. (Руми)

Мың досың болса - көп деме.
Бір дұшпаның болса - аз деме. (Ахмед Йүгінеки)

Орындалған арман - бақыт,
Орындалмаған арман - күйік. (Шерхан Мұртаза)

"Жұртым" деп - жұмылып,
"Елім" деп - езіліп қызмет ет. (Бауыржан Момышұлы)

"Бақ деген – құс, ұшады да кетедi. Тақ деген – түс, кiредi де кетедi. Байлық деген – мұз, еридi де кетедi. Мәңгiлiк қалатын – адал iс”. (Әйтеке би)

Кейде басқа түскен қайғы - мұң бітпестей көрініп, төбеңнен жауынша жауады. Бірақ ұмытпа - түрлі - түсті әсем жолағы бар кемпірқосақ та жаңбырдан кейін пайда болады! (Жәләлуддин ар – Руми)

"Біреуді көркі бар деп жақсы көрме,
Лапылдақ, көрсе қызар нәпсіге ерме!
Әйел жақсы болмайды көркіменен,
Мінезіне көз жетпей, көңіл берме!" (Абай)

Ұлдың күні күн емес – атадан мал қалмаса, Ата малы пұл емес – баста ақыл болмаса. (Қорқыт ата)

Адамның санасы қаншалықты төмен болса, ол мұрнын соншалықты аспанға шүйіреді. (Омар Хайям)

Дәйексөздер (Цитата) Дәйексөздер (Цитата)
Дүниедегі ең оңай нәрсе - біреуге ақыл айту, ең қиын нәрсе – өзіңде - өзің түсіну. Әл - Фараби
Қанатты сөздер: Мұхтар Әуезов Қанатты сөздер: Мұхтар Әуезов
Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі – ниет керек, одан соң – күш керек, одан соң – тәртіп керек.
Көпнұсқалы тест тапсырмалары Фонетика Көпнұсқалы тест тапсырмалары Фонетика
Көпнұсқалы тест тапсырмалары Фонетика Фонетика Тіл дыбыстары Қазақ тіліндегі дыбыстар саны 37 (а, ә, б, в, г, ғ, д, е, ж, з, и, й, к, қ, л, м, н, ң,
Ойналықта күлелік Ойналықта күлелік
Жабы мінген жөнелмес, Тіріде пенде не көрмес, Көтергенмен кеудесін, Жақсыға жаман теңелмес.
Бәрі ертең өзгереді Бәрі ертең өзгереді
Бәрі ертең өзгереді. Ертең, деген ешқашан болмайды. Күнде таңертең ұйқыңнан оянсаң бүгінгі күн туады. Бәрі ертеңгі күннен өзгеріс күтеді, шындығында
Халық Халық
Әлқиссаның әжесі - "Әліппеден" Ә дегеннен ғибрат алып келем. Ұлттар үшін Жүз томдық жыр сездігі Ұлы сөзден басталар ХАЛЫҚ деген.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×