ойын сауық отауы
Әйелдің күйеуіне әсері
06.01.2017 2 216 0 Дауыл

Әйелдің күйеуіне әсері

Бұл қызықты
Әйелдің күйеуіне әсері
Көптеген келіншектер тұрмысқа шыққаннан кейін күйеуінің біраз уақыт ішінде танымастай өзгеріп кеткеніне айтып, наразылық танытып жатады. Олар күйеуі туралы: «тұрмыс құрмай тұрып, сыйлық жасаушы еді, кез келген шаруаға көмектесетін еді, қазір жалқаулығымен қоймай сараң әрі жағымсыз болып алған, тура орнына басқа адамды әкеп ауыстырып қойғандай»,- деп ренжиді. Бұл жерде бәрі әйелдің өзіне байланысты, дәлірек айтқанда жұбайына деген қарым-қатынасында екенін көпшілігі түсіне бермейді.

Әрбір шаруаға әйел көңілі толмай, үнемі күйеуіне наразылық таныта беретін болса, онда күйеуінің бір іспен шұғылдануға деген құлшынысын төмендетеді. Күйеуі жарының көңілінен шыға алмайтын болса, ол туралы әйелі ашық айтып отырса, кез келген еркектің жұмысқа зауқы соқпайтыны айтпаса да белгілі. Мынадай ереже бар: - егер әйел ер азаматқа сенбесе, онда жұмыстағы басшы да ер азаматқа сенім арта алмайды, сондықтан лайықты қызметтен де ажырап қалудың қаупі бар.

Кез келген еркекке жары толықтай сенім артса, еркектің «тауды қопарып» әкелуге де шамасы жетеді. Ер азаматқа жарының сенім артуы, қолдай білуі оң ықпал етеді. Үйде әйел белсенді болып, бар шаруаны өзі атқарып, тіпті кез келген істе күйеуінен асып түсуді көздейтін болса, ер азамат үйдің шаруасымен айналысуды мүлде доғарады. Мінез-құлқы да өзгереді.

Әйелі күйеуін махаббат пен сүйіспеншілікке бөлей алмаса, үнемі селқостық танытатын болса, ер азаматының әйелге деген қызығушылығы жойылады. Жұбайына жары қалай қараса, қоршаған ортасы да оған солай қарайды. Еркек әйелдің мақтауына әжептеуір марқайып қалады. Ер азаматыңыздың жақсы қасиеттерін жиі еске алып отырған сайын, олардың отбасына деген мейірімі қамқорлығы одан да арта түседі.
Кемшіліксіз адам жоқ, барлық адамның жақсы тұсы мен қоса жағымсыз жақтары бар, сондықтан жұбайыңының қай қырына ерекше назар аудару керектігін әр әйел білуі керек деп ойлаймын.

Мысалы, бір ер азамат екінші рет үйленгеніп бақыттын тауып жатады, керісінше бірінші әйелімен бақытты болып, екінші рет үйленгенде сәтсіз болып жататын жағдайлар да кездеседі. Мұның барлығына әйел себепші. Кейде жағдайын толық жасап алған, ер азамат үйленеді де жағдайы одан сайын жақсарады, бірақ соңында қолда барынан айырылып тақырға отырады. Мұнда да әсер ететін жары, әйел не күш беріп рухтандырады, не өз қолымен барынан айырады. Егер әйел үнемі күйеуін «бейшара» атандырып, өзіне лайықты еместігін айтып, оны басқа еркекпен салыстыратын болса, мұны «эмоционалды опасыздық» жасау деп түсінуге болады. Ал мұндай сөзден кейін, ер азамат «ұялмастан» ойнастық жасауы мүмкін.

Ер азаматтың көңіл-күйі әйелге байланысты екенін әр қыз-келіншек білуі керек. Егер әйел күйеуіне көңілі толмаса, онда қателікті өзінен іздегені жөн, себебі еркектің солай болуына әйел себепкер. Тағдырға шағымданып, жұбайыңа ренжігенше, өзіңнен сұраған жөн: күйеуіңіздің өзгеруіне қандай қасиеттер себеп болды? Мұнда жұбайыңды емес, өзіңді тәрбиелеу керек екеніне көңіл аудару қажет екенін түсінесің. Өзіңді тәрбиелей отырып, отбасылық кемені махаббат пен сыйластықтың желкенінде есесіз. Ер азаматтар қауымы қанша есейіп кеткенімен кейде кішкентай бала секілді еркелетуді қалайды, сондықтан махаббатыңыз бен мейіріміңізді аямаңыз.

Дайындаған: Асыл

Ойыңызбен бөлісіңіз, пікір қалдырыңыз!
Әйелдің құпия қаруы – шаш. Әйелдің құпия қаруы – шаш.
Шаш адамды космоспен байланыстыратын антенна. Егер шаш ауырса, зақымдалса, бұл адамның өз өмірін жасауға көмектесетін тылсым күшке, Тәңірге деген
Жақсы әйел қандай болуы керек? Жақсы әйел қандай болуы керек?
Жақсы әйел, сүйікті жар, сыйлы келін, аяулы ана қандай болуы керек? Осы сұраққа жауап іздеп көрейік. Кез келген адамның жақсы тұстарымен қатар
Күйеуіңіздің мол табыс табуына көмектесіп, миллионердің жары атаныңыз. Күйеуіңіздің мол табыс табуына көмектесіп,
Әлемде әрбір әйел күйеуінің бақуатты, табысты, жомарт болуын қалайды. «Міне сонда, бақытты да, ұзақ ғұмыр кешер едік» - деп жорамалдайды. Алайда
Күйеуіңіздің опасыздығын кешіре аласыз ба? Күйеуіңіздің опасыздығын кешіре аласыз ба?
Дәл қазіргі уақытта «көңілдесі бар екен», «тоқалы бар екен», деген сөзге құлағымыз да үйреніп қалған сияқты. Бұл тақырыпта нені меңзейін - деп
Сүйікті әйел қандай болуы керек? Сүйікті әйел қандай болуы керек?
Еркекті – өмірдің мәні, армандаудың шегі, бүкіл әлем деп түсіну қате. Еркектің әйел өмірінде болғанының өзі, әлемді анағұрлым кең де қызықты етеді.
Қыз бен жігіт үйленбей тұрып, бір - біріне қандай сұрақтар қойғаны абзал? Қыз бен жігіт үйленбей тұрып, бір - біріне қандай
Кез келген жігіт пен қыздың арманы – бақытты отбасын құру. Ертеңгі күні таңдауларына өкініп қалмас үшін екеуі бір - біріне келесі сұрақтарды қойғаны
Әйелдің ақылдысы – сенде, Әдемісі – құрдасыңда болғаны дұрыс. Әйелдің ақылдысы – сенде, Әдемісі – құрдасыңда
Әйел аттың ерінен биік, Өз ерінен аласа болуы керек.
Адалдық Адалдық
Күйеуінің адалдығына көз жеткізгісі келген келіншек,
Екі қасқыр Екі қасқыр
Баяғыда бір үндіс қарт немересіне өмірлік шындық туралы әңгімелепті.

Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз