ойын сауық отауы
Адалдық
20.01.2017 2 553 0 Дауыл

Адалдық

Бұл қызықты
Адалдық.
Күйеуінің адалдығына көз жеткізгісі келген келіншектің әрекеті көпке сабақ
Күйеуінің адалдығына көз жеткізгісі келген келіншек, төсектің астына жасырынып қалады.
Себебі олардың арасындағы бірнеше жылға созылған некесі екеуінің сезімінің көмескіленуіне ықпал еткендей болады. Мұны көрген келіншек оның өзіне деген сезіміне, оның өзін шексіз сүйетініне күмәнмен қарай бастайды. "Оны тастап кетсем, не істер екен?", - деген ой оның санасын жаулап алады.

Өзінің сүйіктісінің көзқарасын анықтау үшін, келіншек оған хат жазады. Хатта ол қарым - қатынасқа нүкте қойғанын, барлығынан жалыққанын, күйеуінің оған деген сезімі мен жылуын сезінбей жүргенін айтады. Осылайша, бұл хатты ол төсектің үстіне қалдырып, өзі кереуеттің астына тығылып қалады.

Нәтижесінде күйеуіне сенбейтін әйел таң қаларлық жайтқа куә болады.
Үйіне келіп, хатты оқыған жары көңілденіп кетеді. Телефонына үңіліп біреудің нөмірін тере бастайды. Ал күйеуінің телефонмен айтқан әңгімесі жас келіншекті тіпті есеңгіретіп жібереді.

"Қымбаттым, сәлем! Мен саған бара жатырмын. Сенесің бе? Ол менің көзіне шөп салып жүргенімді сезіп қойды. Құдайға шүкір, әйтеуір өзі кетті - ау. Құдайым - ау, онымен арадағы қарым-қатынас қателік болған. Одан құтылдым. Сенімен бірге болатыныма сене алар емеспін!", - деді ері бейтаныс қызға.
Қатты ашуланған әрі таң қалған әйел төсек астында бірнеше минут қозғалыссыз жатады. Оның бұлай қателесуі мүмкін бе? "Неге шалыс бастым екен" деген ойлар мазалап қоймады.

Аз уақыттан соң күйеуі бөлмеден шығып кетеді. Көз жасын тоқтата алмаған әйел, әп-сәтте өзінің жалғыз қалғанын сезінеді. Дегенмен оның назары төсектегі тағы бір хатқа түседі. Жан-жарының қоштасу хаты деп түсінген келіншек, оны оқи бастайды.

"Менің ақымағым сол, күнім! Келесі жолы менімен бұлай ойнағың келсе, төсектің астынан башпайларың шығып жатпасыншы. Дүкенге кеттім, қазір келемін", - деп жазған екен адал жары хатта.

Дереккөзі: nur. kz

Ғашық жігіттер өзін қалай ұстайды? Ғашық жігіттер өзін қалай ұстайды?
Жігіттің сезімі шынайы екенін қайдан білуге болады? Жағымды сөз, қымбат сыйлық оның махаббатын көрсетеді ме? Әлде, жігіттің ғашық екенін айыратын
Махаббат деген не? Махаббат деген не?
Махаббат ол кездейсоқ пайда болмайды. Ол адамның бүкіл ішкі әлемінің біртіндеп өзгеріске ұшырап, қайта жандануы жаңа бір күй кешуі. Стендаль махаббат
Сүйікті әйел қандай болуы керек? Сүйікті әйел қандай болуы керек?
Еркекті – өмірдің мәні, армандаудың шегі, бүкіл әлем деп түсіну қате. Еркектің әйел өмірінде болғанының өзі, әлемді анағұрлым кең де қызықты етеді.
Сөздің құдіреті Сөздің құдіреті
Көшеде көзі көрмейтін бір соқыр қария қайыр сұрап отырды. Оның алдындағы қорапшада бірнеше тиын - тебен ғана жатты. Күннің аптап ыстығы оның сидиған
Әйелдің күйеуіне әсері Әйелдің күйеуіне әсері
Көптеген келіншектер тұрмысқа шыққаннан кейін күйеуінің біраз уақыт ішінде танымастай өзгеріп кеткеніне айтып, наразылық танытып жатады.
Томас Эдиссон Томас Эдиссон
Бірде Томас Эдисон үйіне келіп, анасына ұстазы жазып берген хатты ұстатады. Анасы көзіне жас алып, баласына хатты дауыстап оқып береді:
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×