ойын сауық отауы
Сұлу әйел
27.01.2017 4 103 0 Дауыл

Сұлу әйел

Бұл қызықты
Баяғыда бір жігіт көпке танымал дана қартқа келіп, оған өзін қинаған бір мәселені айтып шағымданған көрінеді. Сондағы айтпағы мынау екен: "Мен әйелімді алғаш көргенде «Алла Тағала бұдан асқан сұлу әйелді жаратпаған шығар» - деп ойлап едім. Содан оған үйлендім. Қарасам, ол секілді әйелдер көп екен.
Біраз уақыт өткеннен кейін одан да сұлу әйелдердің өріп жүргенін байқадым. Жылдар өткен сайын әйелімнің көркі менен тартымдылығы кеми берді, кеми берді. Басқа әйелдің барлығы мен үшін хор қызындай. Мұның сыры неде?» - деп сұрайды.
Сонда әлгі қарт: «Саған одан да сорақы, одан да қорқынышты бірнәрсе айтайын ба? Егер сен әлемдегі әйел атаулының барлығына үйленсең де, сен үшін көшедегі бұралқы иттер бәрінен сұлу көрінер еді», - дейді.
Әлгі жігіт бұл сөзді қалжың деп қабылдап, күле бастайды. Сонда қарт сөзін жалғап: «Себебі, кемшілік сенің әйеліңде емес, кемшілік – қанағатсыз жүректе, көрсеқызар көзде, тойымсыз көңілде. Ұят кеткен көзді тек топырақ қана толтыра алады», - дейді. Сосын қарт: «Жарыңның баяғы, әлемнің ең сұлу әйелі болған кезіне қайта оралғанын қалайсың ба? Онда көзіңді еркіне жіберме. Бөтен әйелдердің қасында назарыңды төмен салуды үйрен. Өйткені, көзді тыю – жанды демалдырады, кеудені тыныштандырады. Әйеліңді сәт сайын сұлуландырып, жаныңды шаттандырады. Сонда ғана әйеліңмен қанағаттанып, жанұяңды сақтайсың», - деген екен...

Дереккөзі: Әлеуметтік желіден алынды.

Дайындаған: Асыл

Күйеуінің айыбын жасырған әйел туралы хикая Күйеуінің айыбын жасырған әйел туралы хикая
Ертерек заманда Құдайға құлшылық қылған, тақуа бір жігіт өмір сүріпті. Жігіт ер жеткенде әкесі үйлену туралы сөз көтерсе, ол қашқалақтай береді екен.
Сен жасаған жақсылық өзіңе қайтады! Сен жасаған жақсылық өзіңе қайтады!
Баяғыда бір әйел күнде таңертең ерте тұрып екі таба нан пісіреді екен. Бірін өз отбасы турап жесе, екіншісін көшедегі жай жүргіншіге үлестіреді екен.
Жақсы әйел туралы жақсы сөз. Жақсы әйел туралы жақсы сөз.
Бір әйелден: «Бұл өмірде сенен басқа әйел жоқтай, күйеуің не үшін сені соншалық жақсы көреді? Алайда дүниеде сенен де сұлу әйелдер бар ғой?» деп
Алғыс дәметпе! Алғыс дәметпе!
Бір ауылда данагөй ақсақал өмір сүріпті. Одан ақыл сұрап жан - жақтан адамдар келіп тұрады екен. Күндердің бір күні әлгі қарияға көрші ауылдан бір
Ең сұлу әйел Ең сұлу әйел
Жәйлап қана салып көр жанар ұшын, Болмысы оның тым бөлек, дара мүсін. Жер бетіне тіршілік таратушы, Жер бетіне жаралған Адам үшін! Жүрісі де өзгеше,
Сүйген – сұлу Сүйген – сұлу
Сенің көзің көк те емес, қара да емес - қой көзді деп атайды мұндайларды. Ол көздердің оты да ғажап емес, бірақ маған сол жанар нұрдай мәңгі.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×