ойын сауық отауы
8 наурызға қандай сыйлық жасайсыз?
02.03.2020 5 635 0 Дауыл

8 наурызға қандай сыйлық жасайсыз?

Бұл қызықты
8 наурызға қандай сыйлық жасайсыз?
1 Гүл шоқтары. 8 наурыз әйелдер мерекесінде гүл шоқтары әдемі сыйлық екені бәріне мәлім, алайда гүл шоқтарын ғана сыйға тартсаңыз аздап ыңғайсыз болады, өйткені әйел қауымы сізден әдемі гүлмен қоса ерекше сыйлық күтетінін де ұмытпаңыз!

2. Әшекей бұйымдар. Мұнда таңдау өте көп деуге болады, алқа, жүзік, сырға, білезік, түйреуіш, жас қыздарға арнап, шашқа қыстырғыш т. б. Барлығы бағасына қарай. Зергерлік бұйымды қаламайтын әйел баласы жоқ шығар. Мұнда бір ескеретін жайт, әйелдің жасы мен қоса түр тұлғасын да ескерген жөн. Мысалы, толық әйелдер қауымына жұқа алқа, жіңішке сақина жарасымды бола қоймайды. Кейбір қыз - келіншектер күмісті қаласа, кейбірі алтыннан жасалған бұйымды қалайды. Сонымен қоса, жүзік сыйлайтын болсаңыз саусақ өлшемін білуге тура келеді. Қазіргі кезде көптеген қыз - келіншектер қауымы зергерлік бұйым таңдауда «жұлдыз белгісіне» қарай таңдау жасағанды жөн санап жатады, мұны да біле жүргеніңіз абзал!

3. Үй киімдері мен іш киімдер. Мұндай сыйлық түрін өзіңізге жақын адамға ғана жасауға болады, өйткені өлшемін анық білуге тура келеді. Сонымен бірге үйге киюге арналған жеңіл халат немесе көйлек, майка т. б. Ерекше, әдемі сурет салынған жеңіл футболка да әдемі сыйлық болады.

4. Төсек жаймалары. Егер, ер азаматтар қауымы сыйлық таңдау үстінде, төсек жаймаларын сыйлауды жөн санасаңыздар, оны туыстарыңызға сыйлауға болатынын, сүйіктіңізге мұндай сыйлық таңдамай - ақ қойғаныңыз дұрыс екенін біле жүріңіз.
Мұнда да таңдау өте көп, жұқа көрпе, жастық, жамылғы т. б.

5. Сүлгі және моншаға арналған құралдар. Мұндай сыйлықтарды күнделікті өмірде пайдаланатын болғандықтан, қажетті сыйлық түрлеріне жатқызуға болады. Мұндай сыйлықтар барлық адамның көңілінен шығады деген ойдамын.

6. Ыдыс - аяқтар. Ыдыс - аяқтың түрлерінің көптігі соншалық адам көзі сүрінеді. Мұнда да сыйлық алушының қалауын білген жөн, өйткені сіздің сыйлаған сыйлығыңыз бір кәдесіне жарап жатса құба - құп.

7. Жұмсақ ойыншықтар. Мұндай сыйлық түрін көбіне жас қыздарға сыйлаған жөн шығар, ондай сыйлықты көп адам қалайды деп айта алмаймын. Сонымен қоса мұндай ойыншықтар өзіне шаңды көп сіңіретін болғандықтан қайта - қайта жуып тазартуға тұруға тура келеді, сондықтан аса қажетті сыйлық түрі деп атай алмаймын. Алайда жұмсақ ойыншықтарды да ұнататын қыз - келіншектер бар екенін де ескеруіміз керек.

8. Техника түрлері. Техника түрлерінен телефон, ноутбук, электронды кітап (дәл қазір актуалды деуге болады), планшет, флешка, шаңсорғыш, асханалық комбайн, шырынсыққыш, блендер, еттартқыш т. б. сыйлауға болады.
Әйелдің денсаулығы мен сырт келбетін әрлендіруге қажетті құралдар сыйға тартсаңыз, сыйлық алушы әбден қуанып қалады деп ойлаймын. Мысалы, басқа, көзге, бетке массаж жасайтын құрал түрлері немесе косметологиялық құрал Дарсонваль.

9. Спорттық құралдар. Егер сыйлық алушы спортпен шұғылданатын адам болса, спорт залға абонемент алып беріңіз, бұл да жақсы сыйлық.

10. Косметика. Егер сыйлық алушының қандай косметика түрлерін қолданатынын білсеңіз ғана косметика түрлерін сыйлауға болады. Сондай - ақ бет терісінің немесе шашының майлы не құрғақтығын біліп барып, таңдау жасаған дұрыс. Мысалы: иісмай (крем), шампунь, ваннаға арналған құралдар, иіссу т. б. Иіссу таңдағанда жұмсақ жағымды иіссу түрлерін таңдаған абзал! Өткір иісті көп адам ұната бермейді.

11. Көлікке қажетті. Қазір көп қыз - келіншектер көлік жүргізе біледі. Егер көлік жүргізетін әйел болса, көліктің ішіне қажетті заттар таңдауға болады.

12. Картина. Үйдің интерьеріне сәйкес етіп таңдаған дұрыс. Гобелен технологиясы бойынша тоқылған картиналар ерекше әрі әдемі сыйлық болады. 8 наурызға жоғарыдағыдай көптеген сыйлық түрлерін таңдауға болады. Сыйлықтың түрі мұнымен бітіп қоймайды: әмиян, қолғап, киім, концертке немесе саяхатқа шығу билетін т. б. сыйлауға болады.

Ең бастысы сыйлық таңдауда немқұрайлылық танытпаңыз, сыйлықтық ең үлкені – шын көңілмен берілгені. Сыйлықпен қоса гүл алуды және жүректі жарып шыққан шынайы тілектеріңізді білдіруді ұмытпаңыз!

Дайындаған: Жадыра

8 наурызға арналған өлең 8 наурызға арналған өлең
Әйел деген ән салғанда әдемі, Әлденеге тамсанғанда әдемі. Қимай ғана қоштасқанда әдемі, Қуанышпен қарсы алғанда әдемі.
Әйелдің күйеуіне әсері Әйелдің күйеуіне әсері
Көптеген келіншектер тұрмысқа шыққаннан кейін күйеуінің біраз уақыт ішінде танымастай өзгеріп кеткеніне айтып, наразылық танытып жатады.
Жаңа жылдық сыйлықты алдын ала дайындап қойған дұрыс Жаңа жылдық сыйлықты алдын ала дайындап қойған
Сыйлық дайындау үшін мерекенің келіп жеткен уақытын күтудің қажеті жоқ. Сыйлықты мерекеге дейін дайындап қойған жөн. Кімге қандай сыйлық
Ер азаматтарға қандай сыйлық жасаған дұрыс Ер азаматтарға қандай сыйлық жасаған дұрыс
Мереке сайын жақындарыңызды қуантып сыйлық сыйлау сыйлықты алушыға да сыйлаушыға да қуаныш сыйлайтыны рас.
Арық қыздар қандай көйлек кигені дұрыс? Арық қыздар қандай көйлек кигені дұрыс?
Әлемде бойынша арық қыз - келіншектермен салыстырғанда артық салмақты қыз-келіншектер көбірек екен. Алайда толық қыз - келіншектерден гөрі арық қыз -
Гүлдер туралы не білеміз Гүлдер туралы не білеміз
Қыз - келіншектер қауымы сыйлықтардың ішінде қош иісті гүл шоқтарының орын ерекше екені құпия емес. Алайда гүл шоқтарының арасынан өзіңізге керегін
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×