ойын сауық отауы
Бір жамандықтың артында бір жақсылық бар
04.03.2017 6 679 0 Дауыл

Бір жамандықтың артында бір жақсылық бар

Бұл қызықты
Бір жамандықтың артында бір жақсылық бар

Баяғыда Африкалық патшаның бірге өскен досы болыпты. Сол досы өмірде қандай жағдай болмасын мейлі ол жақсы оқиға болсын, келеңсіз оқиға болсын: - «Бұл дұрыс» - дейді екен. Бірде патша саятшылық құрып жүр екен. Досы қасында жүріп патшаның мылтығын оқтап береді екен. Досы мылтықты оқтауға әзірлеп жатып, бір жерін дұрыс жасамаған болуы керек, патша мылтықты қолына алып, атып кеп жібергенде, бір саусағын оқ жұлып кетіпті. Досы болған жағдай туралы ойлана келе: - «бұл дұрыс!» депті. Мұны естіген патша: «Жоқ, бұл дұрыс емес!», - дейді де, оны түрмеге жабуға бұйрық берді. Арада бір жылға жуық уақыт өтті, патша тағы да аңға шығады. Бұл мекен өте қорқынышты саналатын орын екенін біле тұра патша осында аң аулауға келеді. Мұнда адам жегіштер тобыры өмір сүреді екен. Патша солардың қолына тұтқынға түсіп қалады. Олар патшаның қол - аяғын байлап өз ауылдарына алып келеді. Патшаны бағанаға байлап қояды. От жақпақ болып жақын келгенде, патшаның қолының бір саусағы жоқ екенін көріп қалады. Олардың наным - сенімдері бойынша адам денесінің бір бөлшегі жоқ болса, ол адамды жеуге жарамайды деп есептейді екен. Патшаның қолын шешіп босатып жібереді. Патша үйіне аман - есен келген соң, саусағынан айырылып, досын түрмеге жапқан кезін есіне алады. Ол түрмеде жатқан досымен сөйлеспек болып дереу сонда барады.
- Сенің айтқаның дұрыс екен, менің сол кезде саусағымнан айрылғаным дұрыс болған екен, - дейді. Сөйтіп, патша болған жағдайдың бәрін айтып берді.
- Сені түрмеге жапқаным үшін айыптымын, мен саған жамандық жасадым, - деді.
- Жоқ, - бұл дұрыс!
- Сен не деп тұрсың? Сені бір жыл түрмеге қамап қойғаным қалай дұрыс болады?
- Егер мен түрмеде болмағанда, мен сіздің қасыңызда болған болар едім, әлгі жауыздар сізді жіберіп, мені жеп қояр еді,- ғой, деген екен.

Қанағат қарын тойдырады... Қанағат қарын тойдырады...
Бір елдің патшасы әдеттегідей таңертең серуенге шығады. Келе жатып жол үстінде отырған қайыршыға көзі түседі де, бір жақсылық жасайын деп шешеді.
Ақылды әйел... Ақылды әйел...
Ұзақ жылдар бойына қарамағындағы елін әділеттікпен басқарған патша қайтыс болған соң, патша тағына оның мұрагері баласы отырады.
Сүлеймен патша туралы хикая Сүлеймен патша туралы хикая
Сүлеймен патшаның Зуһра атты сұлу әйелі болыпты. Бір күні әйелі Сүлейменге: – Мені сүйсең құстың сүйегінен үлкен сарай соғып бер. Сол сарайда тұрғым
Алланың пендесін жарылқауы Алланың пендесін жарылқауы
Ілгеріде бір патша үлкен кеселге шалыныпты. Тәуіп, балгер, емшілер ешқандай ем таппапты. Патшаның жүрегін бір тышқан кеміргендей ауырып тұратын
Әйелдің тілін алу керек пе? Әйелдің тілін алу керек пе?
Парсылық патша Хусрау Паруаз (570 - 628) балық жеуді сүйеді екен. Бір күні әйелі Шырынмен мәжілісте отырады. Сол сәтте қолында сирек кездесетін үлкен
Ескендір Ескендір
Осы жұрт Ескендірді біле ме екен? Македония шаһары – оған мекен. Филипп патша баласы, ер көңілді, Мақтан сүйгіш, қызғаншақ адам екен.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×