ойын сауық отауы
Жар таңдауда қателеспе!
24.12.2019 10 381 0 Дауыл

Жар таңдауда қателеспе!

Бұл қызықты
Жар таңдауда қателеспе!
Жігіттер мұны білуі қажет.
1. Жар қылып алар қызыңның шешесіне қарарсың. Шеше көргенді ал. Алма ағашынан алысқа түспейді.

2. Сонан соң әкесіне қара. Әке қатал, әрі мейірімді болуы керек. Билігі еркекте болған үй береке. Осыны ұмытпа!

3. Еркек балалары мен қоса әйелін де тәрбиелейді. Олардың санасына исламды құй. Дін жолын үйрет, оқыт. Аллаға жақынның адасқанын көргенім жоқ. Сондықтан осы іске жақсы көңіл бөл.

4. Алғаның басқаны емес, әуелі сені сыйласын. Күйеуін «ерім, балаларымның әкесі, болашағым» деп сыйлаған әйел сенімен қоса бүкіл әулетіңді құрметтейді. Оның құрметі саған әулетіңнің алдында абырой сыйлайды.

5. Оны қадір тұт. Бар жақсы сөзіңді арна. Жұрттың, балаларыңның көзінше құшақтап, сүйме. Өзіңнің де, оның да қадірін қашырасың. Оның барлығы оңашада қылар іс. Ал басқа уақытта көз қарасың мен оған жасар жақсы ісің де жетіп жатыр.

6. Оның жасар ісіне араласпа. Ақылды әйел сен араласпай - ақ қажет ақылын өзі келіп сұрап алады.

7. Оны қызған. Тек жөнімен болғаны дұрыс. Ал шамадан артық қызғану ұрыс-керіске себепші.

8. Қанша ұрыс-керіс болса да өз араларыңда болсын. Сыртқа шығарушы болма. Ұрыс - керісте иә сен жеңіл, иә ол жеңілсін. Ал қателік пен дұрыс - бұрысын ашуларың басылған соң талқылаған жөн.

9. Оны ешқашан алдама. Кез-келген жағдайда тек шындықты айт. Оның өзіңе деген сенімін жоғалтып алма. Сезімнің іргетасы сенімнен қаланатынын ұмытпа.

10. Не нәрсеге де сабыр қыл. Барды қанағат тұт. Әйеліңнен де осыны талап ет. Сол кезде ғана өмірдің барлық тосын жайларына қарсы тұра аласыңдар....

Дереккөзі: Әлеуметтік желіден алынды.

Мағыналы сөздер Мағыналы сөздер
1. Кербез қыз қартайғанын сезбейді. 2. Жақсы әйелдің баласы да күтулі, жұмысы да бітулі. 3. Әйелін сыйлаған, үйін сыйлаған, елін де сыйлай біледі.
Жақсы әйел қандай болуы керек? Жақсы әйел қандай болуы керек?
Жақсы әйел, сүйікті жар, сыйлы келін, аяулы ана қандай болуы керек? Осы сұраққа жауап іздеп көрейік. Кез келген адамның жақсы тұстарымен қатар
Сүйікті әйел қандай болуы керек? Сүйікті әйел қандай болуы керек?
Еркекті – өмірдің мәні, армандаудың шегі, бүкіл әлем деп түсіну қате. Еркектің әйел өмірінде болғанының өзі, әлемді анағұрлым кең де қызықты етеді.
Алты жасар Төлеге берген Қарасай бабаның батасы Алты жасар Төлеге берген Қарасай бабаның батасы
Қарасай Әлібекпен еді құрбы, Сөйледі оңашада мына сырды: Басында билігінің талай болдым, Қақ жарды сұрауында қара қылды.
Менің ішкі жан дүниеме үңілмей-ақ қойыңыз – оның сізге ұнай қоюы екіталай Менің ішкі жан дүниеме үңілмей-ақ қойыңыз – оның
Менің ішкі жан дүниеме үңілмей-ақ қойыңыз – оның сізге ұнай қоюы екіталай.
Жақсы әйел – ері ұялар іс қылмайды Жақсы әйел – ері ұялар іс қылмайды
Әйеліңіз әдемі болсын десеңіз көңіл бөлуден жалықпаңыз.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×