ойын сауық отауы
Бегім ана. Қазақ тарихындағы әйелдер
21.04.2017 6 211 0 Дауыл

Бегім ана. Қазақ тарихындағы әйелдер

Бұл қызықты
Қазақ тарихындағы әйелдер
Бегім ана
Бегім ана – Қарабура әулиенің қызы, Салжұқ мемлекетінің ханы Санжар сұлтанның әйелі. «Мәлік шахтың патшалық құрған тұсында Салжұқтар елі әбден кемеліне келген екен. Мәлік шах өлгеннен кейін, таққа оның баласы Санжар отырады. Санжар астанасын Хорасаннан көшіріп, Сыр бойындағы Жанкентке орналастырады да, бұл шаһарды мықты бекініске айналдырады. Ол аң аулап, сейіл құрғанды ұнатады екен. Сөйтіп жүріп Созақ маңайында өмір сүрген Қарабура әулиенің қызы Бегімге үйленеді. Бегім жаратылысынан көркіне ақылы сай, парасаты мол қыз болыпты. Санжарды да табындырған осындай сан қырлы қасиеттері болса керек».
Бегім ана жайлы айтқанда, оған қатысты мына бір аңызды ешкім айналып өте алмайды: «Бірде Санжар аңға шығып бара жатып, құлын үйінде қалған қанжарды әкелуге жұмсайды. Қанжарды ұсынғанда Бегім сұлудың аппақ қолын көріп құл есінен айрылып құлап қалады. Кешігу себебін түсіндірген құл «Ханым білегімнен ұстап жібермей қалды» депті. Санжар ақ - қарасын тексермей Бегім сұлудың оң қолын, оң бұрымын кесіп, оң танауын тіледі де, зынданға тастайды. Келесі күні Қарабура әулие қиналып жатқан қызының түсіне кіріп: «Балам, бұлтартпай шыныңды айт. Ақпысың, әлде қарамысың? Ақ болсаң аллам жәрдем беріп жараңды жазар, қара болсаң қарғар, тек турасын айт!» депті. Сонда Бегім жылап тұрып: «Атажан, құдай атымен сіздің алдыңызда ант етемін! Елге, Санжарға қиянат жасасам, тәңірі атсын, өмірімді қысқартсын. Ақпын, ата!», деп зар еңірейді. Осыдан соң Қарабура Санжардың да түсіне кіріп: «Сен де бір балам едің, егер менің қызым арам болып, саған қиянат істесе, келесі күні сол қолы, сол бұрымы, кесіліп сол танауы тілінген күйде мүгедек болып қалсын! Егер, керісінше болса, қызымның ақ пен қарасын тексермей жаза қолданғанда бір ауыз әділ сөзін айтпаған сенің шаһарыңды тірі адам қалдырмай жылан жұтсын!» деп қарғап батасын береді. Келесі түні таң ата хан зынданға адам жібереді. Жіберген адамы барса, Бегім баяғы сау қалпында отыр екен дейді. Содан бастап ханды үрей билейді. Кеш болады. Хан кеңесшілерімен отырғанда іңір уақытысында аспаннан бір мес шаһардың ортасына түсіп жарылады. Местің іші толы жылан екен. Жылан тысқа тірі жанды шығармай, шағып өлтіреді. Сонымен жайнап тұрған Жанкент шаһары Санжар сияқты қатыгез ханның кесірінен қап пен көздің арасында опат болады».
Аңыздағы оқиғаның шешім табатын тұсы әр түрлі айтылады. Бірінші нұсқасында Бегім сұлу Санжар хан қайтыс болғаннан кейін, әкесі Қарабура әулиенің көмегімен Бегім Ана белгісін салдырып: «Мұнан былай еркекті көрмеймін» деп, қалған өмірін сол мұнараның ішінде өткізген екен. Ата - бабасының қасиеті дарып, кейін Бегім Ана әулие атанады. Екінші бір нұсқасы бойынша, оқиға былайша шешім тапқан: «Есіктен кіріп келген жарын көргенде хан өз көзіне өзі сене алмай тұрып қалады. Сөйтсе, Бегімнің екі қолы да бүтін, жараның орны да жоқ. Әйелінің бейкүнә екеніне көзі жеткен Санжар қанша жалынып кешірім сұраса да, Бегім ана илікпей, күйеуіне бұрылып та қарамайды. Сол замат аққуға айналған ол көкке самғап кетіпті. Теңіздің үстінде біраз самғаған аққу жағалауға ұрынып, көз жұмған екен».
ХІІІ ғасырда салынған Бегім Ана кесенесі қазір Қызылорда облысы Қазалы жеріндегі Жаңақұрылым ауылынан 35 шақырым жерде орналасқан. Мұнда күнделікті қазақ жерінің түкпір - түкпірінен бала көтермеген әйелдер келіп, тәу етеді. Бұл мұнараға ер азаматтардың баруы қиынға соғады екен. Жолда көлігі бұзылып қалады немесе аурып қалады т. б. Бұл барлық зерттеушілерге Бегім ананың ер азаматтарға деген реніші шығар деген жорамал жасатқан.

Мәлік ибн Динар деген әулие кісі жайлы Мәлік ибн Динар деген әулие кісі жайлы
Кезінде бір Мәлік ибн Динар деген әулие кісі өмір сүрген. Ол қажылыққа кетіп бара жатып, бір қызық оқиғаға куә болады. Тұмсығында наны бар бір құстың
Есенбике. Қазақ тарихындағы әйелдер Есенбике. Қазақ тарихындағы әйелдер
Есенбике - XVIII ғасырда өмір сүрген Қаратай батырдың қызы, Олжабай батырдың шешесі. Есенбике кішкентайынан Айдабол бидің бәйбішесінен туған кенже
Сүзге ханым. Қазақ тарихындағы әйелдер Сүзге ханым. Қазақ тарихындағы әйелдер
Сүзге ханым 1548-1582 жылдар аралығында өмір сүрген. Қасым ханның кеңесшісі Мейрамсопының кенже немересі. Сүзгеннің әкесі Төртуыл елінің билеушісі –
Рәбия Сұлтан бегім. Қазақ тарихындағы әйелдер Рәбия Сұлтан бегім. Қазақ тарихындағы әйелдер
Рәбия Сұлтан бегім шамамен 1430-1495 жылдар аралығында өмір сүрген. Ол – Ұлықбек хакімнің қызы, Әмір Темірдің немересі. Самарқанд қаласында жан-жақты
Қойсана ана. Қазақ тарихындағы әйелдер Қойсана ана. Қазақ тарихындағы әйелдер
Қойсана – Тарақты Байғозы батырдың қызы. Қазақ-жоңғар соғысындағы белгілі қолбасшы Шұбыртпалы Ағыбай батырдың анасы болады.
Марау ана. Қазақ тарихындағы әйелдер Марау ана. Қазақ тарихындағы әйелдер
Марау ана (Сары бәйбіше) – Бәйдібек бидің бірінші әйелі. Арыстан бидің қызы. Марау анадан туған он ұлдан тек Байтоқты деген жалғыз баласы ғана аман
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×