ойын сауық отауы
Рәбия Сұлтан бегім. Қазақ тарихындағы әйелдер
01.05.2017 4 441 0 Дауыл

Рәбия Сұлтан бегім. Қазақ тарихындағы әйелдер

Бұл қызықты
Рәбия Сұлтан бегім. Қазақ тарихындағы әйелдер
Рәбия Сұлтан бегім шамамен 1430-1495 жылдар аралығында өмір сүрген. Ол – Ұлықбек хакімнің қызы, Әмір Темірдің немересі. Самарқанд қаласында жан-жақты білім алып өскен.
Рәбия Сұлтан бегім – Дешті-Қыпшақтың ханы болған үлкен Әбілхайыр ханның жары. «Қазақ халқының тарихи тұлғалары» атты қысқаша анықтамалықта бұл жайлы толығырақ мағлұмат берілген: «1451 жылы Әмір Темірдің немересі Әбу Саид Самарқандты жаулап алғанда көрсеткен әскери көмегі үшін Әбілхайыр ханға Ұлықбектің қызы Рәбия Сұлтан бегімді ұзатқан». Әбілхайыр хандығы тарихта «көшпенді өзбектер мемлекеті» деген атпен белгілі болған. Керей мен Жәнібек хандар осы Әбілхайыр ханнан бөлініп, Қазақ хандығын құрған.
Рәбия Сұлтан Бегім Әбілхайырмен 16 жыл отасқан екен. Кейбір деректерде ол 1468 жылы қайтыс болған десе, енді бір деректер бойынша, Рәбия Сұлтан бегімнің өмір сүрген жылдары шамамен 1430-1495 жылдар аралығы деп көрсетіледі.
Ол Әбілхайырдан Сүйініш және Кішкене деген екі ұл табады. Рәбия Сұлтан бегім дүниеден қайтқан соң, ханның сарайы мен өзінің баласы Сүйініш хан анасына арнап, күмбез салдырады. Бұл күмбез Қожа Ахмет Яссауи ғамаратының оңтүстік шығысында орналасқан. Күмбезді 1895 жылы Ресей әскерлері «ескі, бір күні құлап қалуы мүмкін деген» сылтаумен қиратқан екен. Қазіргі күмбезі жаңартылып салынған. Құлпытасында мынадай жазу жазылған: «бұл – құдіретті Әмір Темір Көрегеннің ұлы, азапты ажалдан қаза тапқан, құдіретті ұлы сұлтан Ұлықбек Гураганың қызын, ақсүйек (құдай) кешіріп, рақымшылық жасаған, ізгі жанды Рәбия Сұлтан бегімнің тыныштық тауып жатқан жері».

Есенбике. Қазақ тарихындағы әйелдер Есенбике. Қазақ тарихындағы әйелдер
Есенбике - XVIII ғасырда өмір сүрген Қаратай батырдың қызы, Олжабай батырдың шешесі. Есенбике кішкентайынан Айдабол бидің бәйбішесінен туған кенже
Сүзге ханым. Қазақ тарихындағы әйелдер Сүзге ханым. Қазақ тарихындағы әйелдер
Сүзге ханым 1548-1582 жылдар аралығында өмір сүрген. Қасым ханның кеңесшісі Мейрамсопының кенже немересі. Сүзгеннің әкесі Төртуыл елінің билеушісі –
Гаухар ана. Қазақ тарихындағы әйелдер Гаухар ана. Қазақ тарихындағы әйелдер
Тарихи деректер бойынша, Гаухар ана – Қожа Ахмет Иассауидің қызы. Гаухар – ана бейіті тарихи архитектуралық құнды ескерткіштердің бірі, қазіргі
Белең ана. Қазақ тарихындағы әйелдер Белең ана. Қазақ тарихындағы әйелдер
Белең ана – Жошының екінші қызы. Оны қарахандар әулетінен шыққан, Тараз бен Қашқарды билеуші Арыстан ханға ұзатқан. Шыңғыс ханның мұндағы мақсаты
Бегім ана. Қазақ тарихындағы әйелдер Бегім ана. Қазақ тарихындағы әйелдер
Бегім ана – Қарабура әулиенің қызы, Салжұқ мемлекетінің ханы Санжар сұлтанның әйелі. «Мәлік шахтың патшалық құрған тұсында Салжұқтар елі әбден
Динара Сұлтан - Мені ойла Динара Сұлтан - Мені ойла
Динара Сұлтан "Мені ойла" әні
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×