ойын сауық отауы
Қоңыр ана. Қазақ тарихындағы әйелдер
23.05.2017 3 346 0 Дауыл

Қоңыр ана. Қазақ тарихындағы әйелдер

Бұл қызықты
Қоңыр ана. Қазақ тарихындағы әйелдер.
Қоңыр ана – Бәйдібек бидің қызы. Қоңыр ана туралы мәліметті сол өңірдің жергілікті қаламгерлерінің жазғанынан кездестірдік. Әлімнің бір баласы Жаманақтан бес Шекті: Шыңғыс, Өріс, Бәубек, Тілеу мен Қабақ өрбиді. Өрістен Айдарбек пен Есеналы. Есеналыдан Палуан мен Кішкене. Сол Кішкене бабамыз бір себептермен Ұлы Жүздің ірі - ірі 7 аталығының түп атасы Бәйдібек бидің елінде болып, жылқысын бағыпты. Өз елінен алты айшылық алыс жер Арқа жақтағы Үйсіннің бір байының жылқысын бағады. Кішкене жылқы соңынан ере беретін жай жылқышы емес, табиғаттың тамырын ұстап, ай мен жылдың ауа-райын тап басып айтатын білгір де екен.
Бір жолы ол басқа жылқышыларға: «биыл қыс қатты болғалы тұр, жұт болып мал қырылуы мүмкін» дейді. Оның сөзінен басқалары елемейді. Шынымен, со жылы жұт болып, мал қырылады. Ал, ол кезде Кішкене үйір - үйір жылқысын айдап, басқа жаққа кетіп қалған екен. Бар малынан айрылған бай: «Кішкене қалған жылқыларымды аман - есен алып келсе, қызымды берер едім» дейді. Көктем шығып, күн жылынғанда Кішкене жылқыны айдап аман - есен оралады. Би уәдесінде тұрып Қоңыр деген қызын береді.
Сол жерде алғашқы перзентін дүниеге келеді. Оны қыздың әжесі, байдың шешесі бауырына басып, сол бағады. Ол үйсін Сары кемпірдің баласы болып, кейін «Сары үйсін» атанып кетеді.
Осылайша Кішкене қайын жұртында жүргенде екінші баласы дүниеге келеді. Ол өз қолдарында болады. Аты – Женей. Біреулер азан шақырып қойған аты сол, - десе, біреулер нағашылары «жиен», «әй, жиен», «жиен - ей» деп атап жүріп Жиеней атанып кеткен, - дейді. Күндер өтіп айға, айлар өтіп жылға ұласады. Бір күні келіншегі Қоңыр аяқ астынан Кішкенеге: «Біз сенің еліңе көшейік» дейді. «Мен олармен араздасып кеткем, қайрылмаймын деп кеткем» дейді Кішкене. Сонда Қоңыр: «Әй Кішкене! Мен келін болып сәлем салып, ас қайырарда табақ алып үлкендерден бата алайын да! Төркінімде жүріп кімге сәлем салам? Сәлем салмасам, табақ алмасам, ата - енеме қызмет қылмасам кім маған «бақытты бол қарағым, Алла ғұмыр берсін, бала - шағаңның қызығын көр шырағым!» деп бата береді» - дейді. Сөйтіп, жеңгелері рулы елдің батасын алып жатқанына қызыға қарап, «мен де келін болып табақ алсам, қызметіңде болсам барған жерімнің үлкендері батасын берер еді - ау» деген арманы ақыры күйеуіне осылайша қолқа салғызады ғой!
Сонымен не керек, Кішкене үй ішімен Сырға қарай көшеді. Қоңырдың әкесі «қызымның жасауы» деп алдына үйірлі жылқы қоралы қой салып береді. Жылжи көшкен жыл жарымсыз таусылып бермейтін алыс жолда Қоңыр үшінші баласын босанып, оның атын Жолашар қояды екен.
Арада көп жылдар өтіп, үйлі - баранды болып оралған соң ба, еліне жақындағанда Кішкене Қоңырды бүкіл малымен бір жерге дамылдата тұрып, өзі ауылына кетеді. Мінеки, қоралы қойын лықсытып, үйірлі жылқысын бұлықсытып Қоңыр қос тіккен сол жер кейін «бай Қоңырдың жері», «Байқоңыр» атанып кетеді.
Кішкене еліне келгеннен кейін Құрманай, Құттық, Асан, Үсен деген ұлдары дүниеге келеді. Қазір олардың ұрпақтары Қызылорданың Қазалы өңірін мекендейді. Осы адам аттары қазір ру атына айналған. Яғни «Алты кішкене» деп атайды. Кішкенеден тарайтын Жиеней, Жолшара, Құрманай, Құттық, Асан, Үсен деген алты ата. Ру атына ұйқастырып мінездеме бергіш қазақ Жолшарадан тарайтындарға «Жолшара, жолда туған бейшара» деп әзілдеп жатады екен. Қоңыр анамыз өзінің қалауымен ел ішінен Кішкене бабамызға Құланбике атты қызды қосып, одан Құрманай мен Құттық туады.
Өзінің даналығының арқасында сонау Ұлы жүздің жерінен отбасымен еліне оралып, өзінің жарының «алты Кішкене» деген атқа ие болуына негізгі себеп болған Қоңыр анамыздың орны ерекше. «Бата арқылы ер көгерер» деген мақалды мықты ұстанғанын, алысты көп алған адамды Алла тағаланың жарылқайтынын ісімен де, сөзімен де дәлелдеген ана.

Есенбике. Қазақ тарихындағы әйелдер Есенбике. Қазақ тарихындағы әйелдер
Есенбике - XVIII ғасырда өмір сүрген Қаратай батырдың қызы, Олжабай батырдың шешесі. Есенбике кішкентайынан Айдабол бидің бәйбішесінен туған кенже
Қойсана ана. Қазақ тарихындағы әйелдер Қойсана ана. Қазақ тарихындағы әйелдер
Қойсана – Тарақты Байғозы батырдың қызы. Қазақ-жоңғар соғысындағы белгілі қолбасшы Шұбыртпалы Ағыбай батырдың анасы болады.
Сыланды ана. Қазақ тарихындағы әйелдер Сыланды ана. Қазақ тарихындағы әйелдер
Сыланды ана – Жұпар ананың сіңлісі. Шын аты – Қарашаш. Үнемі сәнденіп, салтанатпен жүретін кербез жан болғандықтан, ел оны «Сыланды келін» деп атап
Жұпар ана. Қазақ тарихындағы әйелдер Жұпар ана. Қазақ тарихындағы әйелдер
Жұпар ана – Бәйдібек бидің келіні, Қоңырат Қызыл бидің қызы.
Зеріп ана. Қазақ тарихындағы әйелдер Зеріп ана. Қазақ тарихындағы әйелдер
Бәйдібек бидің Сары бәйбіше (Марау), Зеріп, Домалақ ана (Нұрила) атты үш әйелі болған. Шежіре бойынша, Домалақ анадан Албан, Суан, Дулат рулары
Марау ана. Қазақ тарихындағы әйелдер Марау ана. Қазақ тарихындағы әйелдер
Марау ана (Сары бәйбіше) – Бәйдібек бидің бірінші әйелі. Арыстан бидің қызы. Марау анадан туған он ұлдан тек Байтоқты деген жалғыз баласы ғана аман
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×