ойын сауық отауы
Айпара ана. Қазақ тарихындағы әйелдер
23.05.2017 5 488 0 Дауыл

Айпара ана. Қазақ тарихындағы әйелдер

Бұл қызықты
Айпара ана. Қазақ тарихындағы әйелдер
Орта жүз Тобықты ішіндегі Олжай батырдан Айдос Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды. Бұлардың әрқайсысы кейін бір-бір рулы ел болып кеткен. Айпара ана – Айдостың бәйбішесі. Айдос өте момын адам екен. Ал Айпара ана сол ауылды билеген беделді, ақын ана болған екен. Айпара ана жөнінде ел арасында мынадай аңыз таралған. 1723 жылдың жаугершілік кезінде Тобықты елі оңтүстікке қарай үдере көшеді. Жолда олар ашығып-арып әбден әбігершілік көреді. Кеше ғана көшіп кеткен бай ауылдың ескі жұртына жетсе, бір ақсақ түйе шөгіп жатады. Ауыл адамдары ол түйені союға бата алмай жүреді. Айпара «іздеп келгендерге өзім жауабын беремін» дейді де, түйені сойғызып, қырық жілік қылып, ашығып келе жатқандарға бөліп бермек болғанда «іздеушілер келе жатыр» дегенді есітіп еді. Айпара дереу түйенің етін терісіне орап, ошақ басына көмеді де, оның үстіне күрке тігіп алады. Күркенің оң жағына шалын өлген адамға ұқсатып жатқызып бүркеп тастайды. Іздеушілер келе бергенде, шалын жоқтап дауыстайды. Әлгілер қаралы үйді тінтуге батылы бармай, басқа үйлерді қарап, түйесінің етін таба алмай қайтып кетеді. Сөйтіп Айпараның ақыл-айласымен ашыққан ауыл адамдары түйенің етін бөлісіп жеп, ашытықтан аман қалыпты деседі.
Айдос пен Айпараның Ырғызбай, Көтібақ, Топай, Торғай деген төрт ұлдары болады. сол Айпара балалары жайлы:
Шынжыр балақ, шұбар төс Ырғызбайым,
Тоқпақ жалды торайғыр Көтібағым,
Әрі де кетпес, берді де кеспес Топайым,
Сірә да, оңбас Торайым....,
деген екен. Шындығында, ана балаға – сыншы. Кейіннен оның осы болжамы шындыққа сайғанын көруге болады.
Айпара ана туралы неғұрлым толық мәлімет «Тобықты – Шыңғыстау шежіресінде» берілген. Айпара ана бейнесін толық ашуға мүмкіндік беретін бірден-бір материал болғандықтан сол еңбектегі деректерді барынша толық беруге тырыстық: Олжайдың балалары Айдос, Қайдос, Жандос – «Үш Олжай» аталады. Олар ұзақ уақыттар бойы қоныс-өрісі түгел еншісі бөлінбеген ынтымақты туыс болыпты.
Үш Олжайдан Жандос, Ырғызбай, Бөкенші, Борсақ, Көтібақ, Топай, Торғай сынды батырламен, жығасы жығылмаған тобықтының аруақты биі Кеңгірбай, Құнанбай, Абай, Шәкәрім сияқты бай, байымды ел азаматтары көп шыққан.
«Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» басталғанда Олжай балары жас жігіттер екен.
Үш Олжайдың шежіресін жинап қалдырған әкесі Әрхам Кәкітай ұлының мол жазбасын жетілдіріп жүрген ұстаз, шежіре қарт Мінәш Әрқамқызы Искакова өзінің деректі естеліктерінде: «Айдос бабам орасан қара күш иесі, балуан болса да, қолына найза ұстап жауға шаппаған, көзге түсіп даудамайға билік айтпаған, ауыр мінезді, сабырлы жан екен: Ағайынды үш жігіттің біреуі Қайдос батыр қан майданда шейіт болып, артында Бөкенші, Шегедек деген жас балалары қалады.
Жаумен көше соғысып келе жатқан жұрт тағы ілгері жылжығанда екі баласын алып Қайдостың жесірі Айсана елге ермей қояды. Оларды көш жаңа орынға аялдағанда барып жоқтайды. Оны білісімен Айдостың бәйбішесі Айпара қайнысы Жандосты ертіп алып, Қайдостың балаларын іздеп барса абысыны өзі жарасқан сартпен қалған екен.
Еркімен өзі ермейтінін, балаларды бермейтінін білген соң олар екі баланы ұрлап алып қашады. Ұзап шыққан қайтар жолда Жандос айналсоқтап «ішім ауырып тұр» деп жатып алады. намысқой қайнысының «ауруы» не екенін сезген Айпара «Дертіңнің не екенін білемін. Басыңды көтер, беліңді бу. Сені ертең бесінге дейін осы жерде күтемін» деп ерттеулі атын көлденең тартып, ақ батасын беріп аттандырады. Үнсіз ұғысқан Жандос келесі күні айтқан кезі – бесінде жау қолына қалған жеңгесі мен сарттың басын кесіп, қанжығасына байлап келгенде жесір намысын жібермей, ұрпағының бетіне түсер өсектен құтқарған қайнысы Жандостың ерлігіне риза болып, «Жігіт-ақ екенсің» деп аналық құшағына басқан екен», - деп жазады. Жандосты Айпара жеңгесі де, ауылдас ағайындар да «жігіт, жігіт-ақ» деп жүріп, оның жігітек деп аталып кеткенін айтады».
«Бүкіл Олжай жұрты анамыз деп ардақтайтын Айдостың бәйбішесі Айпара туралы аңыз әңгіме көп. Соның бірінде «Ақтабан» болып ауып, азып-тозып келе жатқан көшке жолда аяғы мертігіп қалған семіз түйе кездеседі.
Айпара анамыз түйені сол жерде сойғызып, келе жатқан (шамамен 40 отбасына) жұртқа бөлгізіп берейін деп жатқанда түйені іздеушілер келе жатқанын естіп дереу өзінің күркесінің ішінен шұңқыр қыздырып, етті жасырады. Өзі жаңағы еттің үстіне күйеуі Айдосты жатқызады да бетін жауып қойып:
... Түйелі елдің түйесі-ай,
Түйені іздеп жүрісі-ай.
Түйедей менің арыстаным,
Төрде сұлап жатысы-ай!», -
деп дауыс қылып отырады. Мұны көрген жоқ іздеушілер бұл күркеге тінту жасамай жөндеріне кетеді. Бірақ ұзап шыға бере алданғандарын сезіп қайтып келеді. Бұл екі ортада Айпара тығулы етті басқа жерге жасырып та үлгереді. Тінтушілер еш белгі таппайды. Сөйтіп Айпара анамыз әлгі түйенің етін қырық үйлі жанған бірақ уақыт талшық етіпті,- дейді Мінәш апайдың жазбасында.

Есенбике. Қазақ тарихындағы әйелдер Есенбике. Қазақ тарихындағы әйелдер
Есенбике - XVIII ғасырда өмір сүрген Қаратай батырдың қызы, Олжабай батырдың шешесі. Есенбике кішкентайынан Айдабол бидің бәйбішесінен туған кенже
Қойсана ана. Қазақ тарихындағы әйелдер Қойсана ана. Қазақ тарихындағы әйелдер
Қойсана – Тарақты Байғозы батырдың қызы. Қазақ-жоңғар соғысындағы белгілі қолбасшы Шұбыртпалы Ағыбай батырдың анасы болады.
Нұрпия ана. Қазақ тарихындағы әйелдер Нұрпия ана. Қазақ тарихындағы әйелдер
Кезінде Абылай хан екі сөзінің бірінде айтып отырады екен: - «Осы, Бес Мейрамның баласы» деген ел, пайғамбар мен шадияр тумады демесеңдер, адамның
Сыланды ана. Қазақ тарихындағы әйелдер Сыланды ана. Қазақ тарихындағы әйелдер
Сыланды ана – Жұпар ананың сіңлісі. Шын аты – Қарашаш. Үнемі сәнденіп, салтанатпен жүретін кербез жан болғандықтан, ел оны «Сыланды келін» деп атап
Марау ана. Қазақ тарихындағы әйелдер Марау ана. Қазақ тарихындағы әйелдер
Марау ана (Сары бәйбіше) – Бәйдібек бидің бірінші әйелі. Арыстан бидің қызы. Марау анадан туған он ұлдан тек Байтоқты деген жалғыз баласы ғана аман
Өмірді болжау мүмкін емес Өмірді болжау мүмкін емес
Баяғыда бір кеме апатқа ұшырап, жалғыз қалған адамды толқын елсіз бір аралға әкеп тастапты. Кемедегі барлық адам суға кетіп бір ғана адам тірі
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×