ойын сауық отауы
Мектеп оқушысының ата-анасына арналған 15 кеңес
15.06.2017 2 968 0 Дауыл

Мектеп оқушысының ата-анасына арналған 15 кеңес

Бұл қызықты / Жалпы кеңес
Оқушы ата - анасына арналған 15 кеңес.

1) Баланы ұйқыдан жаймен оятыңыз. Таңғы ұйқыдан жаңа оянған бала, сіздің күлімсіреген жүзіңізді көргені дұрыс.
Таңертеңнен бастап, баланы болмашы нәрсеге жазалап, кешегі жасаған қателігін бүгін де еске түсіріп айыптамаңыз.

2) Асықтырмаңыз. Уақытты дұрыс реттей білу – сіздің міндетіңіз, үлгермей қалған жағдайда бала кінәлі емес.

3) Мектепке баланы таңғы ассыз жібермеңіз. Баланың жеткілікті мөлшерде су ішуін қадағалаңыз.

4) Қоштасып тұрып, «еркелік жасама», «тәртіпті бол», «нашар баға алушы болма» - дегендей ескертулер жасамаңыз. Оған күннің сәтті өтуін тілеңіз, өзіңіз білетін бірнеше жылы сөздеріңізді айтыңыз.

5) Сонымен қоса, «Бүгін қандай баға алдың?» - деген сұрақ қоймай-ақ қойған жөн. Сабақтан шаршап келген баланы сұрақтың астына алып мазаламай, аздап демалуына рұқсат беріңіз (жұмыстан шаршап келген кезде өзіңіз қандай күйде боласыз еске түсіріңіз). Егер бала жаңалығымен бөліскісі келіп, шыдай алмай тұрса, көңіл бөліп тыңдаңыз бұған соншалықты көп уақыт кете қоймас.

6) Егер бала қамығып, үндемей тұрса қазбалап сұрамаңыз. Өзі тынышталған соң бәрін айтып береді. Бұл жерде баланы мұқият тыңдаған дұрыс.

7) Баланың сынып жетекшісіне жолығарда баланың бармай-ақ қойғаны дұрыс. Мұғалімнің ескертуін тыңдаған соң, сөгіс жасауға тырыспаңыз, асықпаңыз. Жазалау, ұрсу баланы ешнәрсеге үйретпейді. Одан гөрі баламен бірге кеткен қателікке талқылау жасап, оны түзетудің жолдарын қарастырыңыз.

8) Сабақтан келе сала үй тапсырмасын орындауға отырғызып қоймаңыз, оған демалу үшін кем дегенде 2 - 3 сағат қажет (1 сынып оқушыларына бір жарым сағат ұйықтап алғаны абзал). Үй тапсырмасын орындауға ыңғайлы уақыт 15. 00 пен 17. 00. аралығы. Сабақ дайындалуға кешкісін отырғызу қажет емес себебі есте сақтау мен бір нәрсе үйренуі екіталай. Ертеңіне бәрін қайталауға тура келеді.

9) Үй тапсырмасын орындағанда берілген жұмыстың бәрін бірден орындау қажет емес әр 15 минут сайын тұрып, 10 - 15 жүріп келуіне рұқсат беріңіз. Балаға көп қимыл - қозғалыс қажет.

10) Тапсырма орындау кезінде баланың өзіне жұмыс жасауына мүмкіндік беріңіз. Төбесінен төніп қарап тұрмаңыз, егер сіздің көмегіңіз қажет болса сабырлық танытыңыз. Байсалдылықпен демеу беріңіз «сенің шамаң жетеді», «жарайсың», «қане, бірге жасап көрейік», «мен саған көмектесемін» деген секілді мақтау сөздер өте керек (тіпті тапсырманы орындай алмаған кезде де). Бағаға назар аудармаңыз.

11) Баламен қарым - қатынаста шарт қоюға тырыспаңыз. Мысалы, «Егер мынаны істемесең...» немесе «Егер осыны істесең...». Ондай шартты басқаша құруға болады. Мысалы, тамақ ішкісі келмей тұрған сәтте: «Тамағыңды ішсең, артынан десерт жейсің». «Егер жуынып жатсаң, жатқан кезде ертегі оқып беремін», - деп өзгертіңіз.

12) Ата - ана үшін ең басты ереже: күнделікті тұрмыстық шаруа, компьютер, теледидар, телефоннан бөлек балаға күнде жарты сағат уақыт бөлу. Ол уақыт балаға бөлінетін болғандықтан оның қуанышты сәттері мен қиындықтарын бөлісуге тырысыңыз. Балаға қызықты болатындай етіп өткізу керек.

13) Баланың шағымы: бас ауруы, әлсіздік, көңіл күйінің төмендеуіне мұқият көңіл бөліңіз. Бұл сабақтағы қиындықтан қажып жүруінің белгісі болуы мүмкін.

14) Ересек балалардың өзі ұйқыға жатар алдында ертегі, әдемі әуенді тыңдағанды, жылы алақаныңмен жай сипағанды жақсы көреді. (біздер көбіне 7 - 8 жасар балаға сен енді есейдің деп көп айтамыз). Бұл шаршауды азайтып, баланы тыныштандырып, тәтті ұйқыға кетуіне жақсы әсер етеді. Ұйықтар алдында жағымсыз жайларды еске салып, ертеңгі күнгі болатын бақылау жұмысы т. б. іс – әрекеттерге талқылау жасамаңыз.

15) Үйде үлкендердің баламен байланыс жасауда біріңғай әдісті ұстануы керек, мектеп мұғалімімен байланыс жасағанда баланы қатыстыру қажеті жоқ. Егер бала тәрбиесінде қиындықтар туындаса, мұғаліммен, психологпен, дәрігермен ақылдасқан жөн.

Дайындаған: Жадыра

Балаға қандай ертегі айтасыз? Балаға қандай ертегі айтасыз?
6 сәуір – орыс халық ертегілері күні. Осы атаулы күні балаңызға қандай ертегі айтып жүргеніңізді, не үшін ертегі айтатыныңызды саралап көріңізші.
Баланы қырқынан шығару Баланы қырқынан шығару
Нəресте үшін қауіпті деп саналатын 40 күн өткен соң, ата - ананың көңілі орнына түсіп, баланы қырқынан шығару қамына кіріседі.
Баланың бақытына жауапты кім? Баланың бақытына жауапты кім?
Мейірімді жүрек баланың жүрегіне жол табады. Әр баланың өз несібесі мен ырыздығы болады. Баланы жақсы көру мейіріммен тәрбиелеу әр ананың қолынан
Бала бақытының құпиясы Бала бақытының құпиясы
Ата-аналардың көпшілігі балаларының жағдайын жасауға барынша күш салады, балада бәрі болуы керек: ойыншықтар, тәлім-тәрбие, білім. Дегенмен де,
Томас Эдиссон Томас Эдиссон
Бірде Томас Эдисон үйіне келіп, анасына ұстазы жазып берген хатты ұстатады. Анасы көзіне жас алып, баласына хатты дауыстап оқып береді:
Мектеп оқушысының күн тәртібі Мектеп оқушысының күн тәртібі
Мектеп оқушысының уақытты тиімді пайдалануы – оның мектепте табысты үлгерімінің кепілдігі ғана емес.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×