ойын сауық отауы
Тұрмыс құруды ойлап жүрген қыздарға арналған кеңестер.
28.06.2017 2 308 0 Дауыл

Тұрмыс құруды ойлап жүрген қыздарға арналған кеңестер.

Бұл қызықты
Тұрмыс құруды ойлап жүрген қыздарға арналған кеңестер.
Отбасын сақтайтын махаббат емес, сүйіспеншілік пен мейірімділік. Бұл қос сезіммен үйге тыныштық пен жан рахаты ұялайды. Шаңырақ жауапкершілігі – ерлі-зайыптылардың иығына теңдей жүктелетін міндет.
Десе де, әйел затына жауапкершіліктің басым бөлігі тиетіні белгілі.
Өйткені, әйел — күйеуінің игі ісіне жәрдемші һәм перзенттерінің мейірбан анасы. Сондықтан, бойжеткен жұбайлық жауапкершілікті сезіне отырып, ер азаматтың етегінен ұстамас бұрын бірнеше жайтқа ерекше мән берген жөн.
Тұрмыс құрғысы келетін қыздарға 7 кеңес

1. Таңдауда жаңылма!
Әйел бақыты өмірлік жарын дұрыс таңдауға тәуелді. Бұл – әйел өміріндегі аса маңызды шешім. Себебі, әйел тұрмыс құрумен өз тағдырын өзге еркектің қолына тапсырады. Ер азамат бойжеткеннің діни танымы, мінез - құлқы, көзқарасы және әлеуметтік деңгейімен де сай келуі керек. Сонымен бірге, ер азамат отбасылық жауапкершілікті сезіне алатын және оның ауыртпалығын көтеруге қауқарлы дәрежеде болу қажет. Сол үшін де ара - қатынас шындық пен
шынайлыққа құрылғаны жөн. Бұл дұрыс шешім шығаруға ықпал етеді. Ал, танысу барысында жастардың бірін - бірі алдап, жасыра сөйлеп және болмысындағы айыбын бүгіп қалуы – екі жаққа да опық жегізері сөзсіз.

2. Ас әзірлеуді біл!
Қыздың оқуы немесе жұмысы қаншалықты ауыр болса да, ас дайындауды ерекше меңгеруі қажет - ақ. Әсіресе, күйеуі ұнататын тағам түрлерін өте жақсы әзірлей білгені абзал. Дастархан – әйелді қаншалықты үй бикесі екенінің көрсеткіші. Дәмді ас күйеуінің жүрегіне алып баратын ең төте жол екенін естен шығармау қажет.

3. Үнемшіл бол!
Үйдің кіріс - шығыс қаражатын үйлесімді жұмсау да әйелдің басты міндеттерінің бірі. Қолдағы шектеулі қаражатты тиісінше дұрыс пайдалана білуі аса маңызды. Әйел күйеуін бейберекет шығындармен шаршатпай, қарыздың астына қалдырмай жүруі тиіс. Күйеуінің табысына орай жұмсап отырғаны абзал. Қажетсіз дүниелерді сатып алуды талап етіп, қажытудың қажеті жоқ. Табыстың бір бөлігін қаражаты тапшы болатын қысыл - таяң күнге сақтап қойған дұрыс. Сондай - ақ, үй табысының аз бөлігін қайырымдылық пен бала-шағаның ойын сауығына да бөлуді ұмытпаған жөн.

4. Күйеуіңе тыныштық жағдай жаса!
Құран Кәрімде «Рум» сүресінің 21 - аятында: «Әрі сендерді тыныштық, тыным тауып орнығуларың үшін өздеріңнен жұбайлар жаратуы және араларыңда сүйіспеншілік пен мейірім - жанашырлық пайда етуі де – Оның (Алланың) белгілерінен. Ақиқатында мұнда ойланып, ақылға салатын адамдар үшін дәлел - ғибраттар бар»,- деген. Иә, әйелдің ең басты міндеті – шаңырақты тыныштық пен мейірімділік мекені ету. Осы аяттың түп - төркінін түсініп, үйін жан тыныштығы ете алған әйелдің босағасынан бақыт сығалайды. Отбасылық өмірде тәтті сәттер мен қиын - қыстау шақтар иық тірестіріп қатар жүреді. Мұның барлығын бойжеткен түсіну керек және оған дайын болуы тиіс. Өмірді сол қалпында қабылдауды үйренуі керек.
Арабтарда: «Жолдасыңның істеген әрекетіне жетпіс түрлі себеп ізде, ал таба алмасаң «Мүмкін мен білмейтін бір себебі бар шығар немесе ұмытқан болар» деп айт»,- деген нақыл бар. Ерлі-зайыптылар кейде бір - бірінің кемшілігі мен қателігін байқамаған сыңай танытқаны да дұрыс.

5. Төзімділік таныт!
Бір - бірінің теріс болмысын түзете отырып, қарым - қатынастың ең сәтті орта тұсын табу – қиынның қиына. Ол үшін сабырлық, төзімділік және жұмсақтық пен бір - біріне деген қамқорлық аса қажет. Құран Кәрімде «Таха» сүресінің 132 - аятында: «Үй - ішіңді намазға бұйыр, әрі өзің де оған сабырлы бол…», — деп әмір етілген. Ерлі-зайыптылар бірін - бірі намаз оқуға үндеуі – ең ауыр іс. Ол үлкен сабырлықты қажет етеді. Сабыр тек жалаң сөз емес. Оны кең де ауқымды мағынада түсіну қажет. Жұмсақтық, түсіністік және жақсы мәмілемен араласқан сабырлық керек. Әйелдің күйеуімен жақсы қарым - қатынаста болуы, адамдарға оны тек жақсы қырынан таныстыруы – күйеуінің оғаш мінезі мен жаман әрекеттерін түзетудің бірегей жолы. Өйткені, Құран Кәрімде «Нахыл» сүресінің 125 - аятында: «(Ей, Мұхаммед!) Раббыңның жолына даналықпен және көркем үгіт арқылы шақыр әрі олар мен ең жақсы нәрселер арқылы пікір бөліс…», — деп айтылған.
Үйлену – өмірлік сауда. Сауда алыс - берістен тұратыны сияқты, отбасылық өмірде ерлі-зайыптылар бір - бірінің жақсылығын үйреніп, өзінің жаман мінезін тастаса, екі жарты бір бүтінге айналады. Әйел күйеуіне бойұсынумен Раббысының әмірін орындауда екенін бір сәтке де есінен шығармауы керек. Міне, сол әрекетіне сәйкес үлкен сыйдың да барын жадында сақтағаны жөн. Әйел – мейірімділік пен жылулық көзі. Ал, шаңыраққа бұл ауадай қажет.

6. Күйеуіңе күндей бол!
Құранда айтылғандай, сүйіспеншілік пен мейірімділік – отбасының басты тірегі. Денсаулық пен күш - қайраттың қарқынды және береке мен молшылық кезінде отбасын айрандай ұйытатын сезім сүйіспеншілік болса, ал қарттық келіп, науқас пен мейірімділік сақтап қалады. Әйел күйеуінің Алла Тағала әміріне қайшы келмейтін әрбір сөзін бұлжытпай атқаруы қажет. Бәдәуи әйелдің өз қызына: «Оған (күйеуіңе) күң бол, сонда ол да саған құлыңдай болады», — деген насихатын естен шығармаңдар. Әйел жарын жақсы көргенде де, жылулығын сыйлап, құрмет көрсеткенде де, еркелік пен жұмсақтық танытқанда да күйеуіне қызметшісіндей болсын. Күйеуі қуанған сәтте ол түнермей, керісінше күйеуі уайым - қайғыда болса жөнсіз шаттанбау қажет.

7. Әйел - Қорған
Ер азаматты дүниенің азғыруынан әйел қорғайды. Сондықтан да әйел үйде ең әсем бейнеде, ең әдемі киімде және бойынан қош иіс аңқып тұруы керек. Күйеуіңнің көздері тек сені ғана көретіндей етіп қою керек.
Ер азамат үйіне алып - ұшып келетін болсын. Жүрегі тек сені қалап, ауыр жұмыстан кейін босағадан аттай бере, үйдегі жылулықтан жаны рақат тапсын. Ең бастысы – үйіңді жайқалған жәннат ету де, күйдіретін тозақ ету де өз қолында екенін ұмытпа!

Дереккөзі: nurgasyr. kz

Әйел бақыты - өз қолында Әйел бақыты - өз қолында
Қанша әйел ақылды, данышпан болса да, еркексіз әйелдің бақыты жоқ. Әйелдің еркексіз күні - түн.
Қыз тәрбиесіндегі әкенің рөлі Қыз тәрбиесіндегі әкенің рөлі
Әке тәрбиесі баланы материалдық тұрғыда қамтамасыз етумен ғана шектелмейді. Қыз баланың дамуында, толыққанды азамат болып өсуінде анасының бере
Отбасында ақшаның маңызы Отбасында ақшаның маңызы
Жақында ғалымдар жүргізген зерттеуінің нәтижесі бойынша ерлі-зайыптылардың ұрыс-керісі көбіне неден туындайтыны анықталған. Үшінші орында, үйдегі
Келін мен ене: Ене мен келіннің ара-қатынасы Келін мен ене: Ене мен келіннің ара-қатынасы
Қыздардың барлығы бойжеткен соң сүйгенімен бас қосып тұрмыс құруды армандайды. Алайда тұрмыс құрғаннан кейін не күтіп тұрғанын ойлап жатпайды.
Әйелдің ақылдысы – сенде, Әдемісі – құрдасыңда болғаны дұрыс. Әйелдің ақылдысы – сенде, Әдемісі – құрдасыңда
Әйел аттың ерінен биік, Өз ерінен аласа болуы керек.
Әйелдің күйеуіне әсері Әйелдің күйеуіне әсері
Көптеген келіншектер тұрмысқа шыққаннан кейін күйеуінің біраз уақыт ішінде танымастай өзгеріп кеткеніне айтып, наразылық танытып жатады.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×