ойын сауық отауы
Ақылды адамның бойындағы 9 қасиет.
30.06.2017 6 965 0 Дауыл

Ақылды адамның бойындағы 9 қасиет.

Бұл қызықты
Ақылды адамның бойындағы 9 қасиет.

Кейде, күтпеген жағдай орын алған сәтте оңай жол тауып кететін адам назарыңды аудармай кетпесі анық. Ондай адамды көргенде сүйсінеміз, қызығамыз тіпті оған ұқсағымыз келіп кететіні де рас. Бұл қиын емес, бақытты сезінуге кедергі болатын кейбір мінез-құлықтан аулақ болған дұрыс.

1. Ақылды адамдар басқалардың жаңсақ пікіріне назар салмайды, өз жеткен жетістігіне қуана біледі.

2. Қателеспейтін адам болмайды, тіпті ақылды адамдар да жаңылысатын кезі болады. Алайда, олар өз сәтсіздіктерінен сабақ алады. Қайталап қателік жібермес үшін теріс басқан қадамын есте ұстайды

3. Көптеген адамдар даулы жағдайда өзін ұстай алмайды, өзінің жеңіліс табатынын сезсе де, эмоция ақылын басып кетеді. Есті адам салмақты, өзін бақылауда ұстайды, өзінің кінәсіздігін мойындата біледі, қай кезде үнсіз қалу керек екенін де біледі.

4. Көп адам көшбасшы болуды армандайды, бірақ ешқашан ондай биіктен көріне алмайтынына қынжылады. Ал, ақылды адам болса, ондай арман - мұраты орындалмағанына көңілін түсірмейді, қолда барына қанағат етеді.

5. Тәуекелге бел буу мен жеңілісті қабылдай білу бұл – есті адамның басты ерекшеліктері. Олар жіберген қателігін үшін өзін жазғырмайды, одан сабақ алып алға қарай жылжыйды. Олардың тұжырымдауынша: өткенімен өмір сүретін адамның болашағы болмайды.

6. Адамның ойы эмоциясына әсер етеді. Сол себепті ақылды адам туындаған кез келген мәселені емес, оны шешудің жолын қарастырады.

7. Ақылды адамдар өмірдің қиындығына шағымданбайды. Егер ондай адамды жолықтырса, мәселені шешудің жолын бірге қарастырады.

8. Теріс эмоцияның болуы орынды, ол кез келген қиындықтан жол тауып шығудың жолын қарастырады. Алайда, мәселе шешімін тапқанымен де денсаулыққа зиянын келтірмей қоймайды. Сондықтан ақылды жандар басқаларға өкпе артпайды.

9. Ақылды адам атқарғысы келмейтін істен бас тарта алады. Басқаларға «жоқ» деп айта білу, алда жоспарлаған өз шаруаңды жасап үлгеруге мүмкіндігіңді көбейтеді.

Дайындаған: Асыл

Адамды тартымды етіп көрсететін қасиеттер Адамды тартымды етіп көрсететін қасиеттер
Кейбір жай қатардағы жігіт ерекше сұлуды қолтықтап бара жатқанда таңдана қарап қаламыз.
Адам бойындағы жағымсыз қасиеттер Адам бойындағы жағымсыз қасиеттер
Атаққұмарлық пен мансапқорлық жайлы Р. Шеридан: «Ең құдіретті құштарлық – атаққұмарлық. Міне осы құштарлықтан құтқарар болса, қалғандарынан мен өзім
Ақыл, сабырлық туралы мақал Ақыл, сабырлық туралы мақал
Ақыл туралы мақал мәтелдер
Ақылды мен ақымақтың арасы Ақылды мен ақымақтың арасы
«Өзінің ақымақтығын білген адамды данышпанға тең десе де болғандай. Ал өзін данышпанға балаған ақымақ – шын мәніндегі ақымақ» деген ғұлама сөзі де
Ұялшақтықтан қалай арылуға болады? Ұялшақтықтан қалай арылуға болады?
Ұялшақтық – адам бойындағы шамадан тыс ыңғайсыздану, тартыншақтау, жасқану секілді қылықтарының арқасында, айналасымен қарым-қатынас іс жүзінде
Ақымақтық туралы Ақымақтық туралы
Ақымақтың тілі ұзын келеді. (Аристофан)
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×