ойын сауық отауы
Әйелдердің еркелігі мен әлсіздігі. Жоққа шығаруға болмайтын ғылыми зерттеулер.
16.07.2017 3 212 0 Дауыл

Әйелдердің еркелігі мен әлсіздігі. Жоққа шығаруға болмайтын ғылыми зерттеулер.

Бұл қызықты
Әйелдердің еркелігі мен әлсіздігі. Жоққа шығаруға келмейтін ғылыми зерттеулер.

Еңбекақыны ала салдым да міне, жаңа топылай мен жылтырағы бар лақ сатып алдым, деп әңгімесін бастайтын қыз-келіншектер көп, мұндай қыздар менің де құрбыларымның арасынан табылады. Адамдардың тәуелді болу қасиеті, әсіресе әйелдер қауымының табиғат анадан берілген биологиялық процес.
Дүкенге барғанда керегі бар ма, жоқ па көйлекті де, сөмкені де сатып ала бергіміз кеп тұрады. Кейде осы қасиетің өзіңе ұнамайды. Бірақ бұл үшін әйелдер өзін кінәлі санауына болмайды. Мұның себебін Британиялық зерттеушілер тапты.

«Тәттіқұмарлық».
Ой, қандай тәтті шоколад! Бір түйірін жейін. Міне, тағы бір түйірін жейін де қоямын. Тағы біреуін жей салайыншы. Ой бір-ақ түйір қапты ғой, жеп бітіре салайын. Сізге таныс жағдай ма? Бұл еркіңді басқара алмау емес. Мұның себебі ағзаңызда хром жетіспеушілігі болуы мүмкін. Хром – қандағы қант деңгейін қалыпта ұстайтын микроэлемент. Келесі жолы тәттіқұмарлығыңызға ренжігенше, дәріханаға барып хром биоқоспасын алып ішіңіз.

Жұмсақ ойыншыққа құмарлық.
Таң қалмаңыз, арамызда жұмсақ ойыншықты ерекше жақсы көретін қыз - келіншектер де бар. Мұны еркелік дейсіз бе? Жоқ, мүлде еркелік емес. Бұл прогестерон гормонының әсері. Прогестерон – аналық түйсікке жауап беретін гормон. Сүйкімді сәбиді немесе жұп - жұмсақ ойыншықты көргенде қыз - келіншектердің ағзасында гормонның деңгейі анағұрлым жоғарылайды. Сондықтан қыз-келіншектердің жұмсақ аю ойыншығын құшағына қысып жатуын биологиялық тұрғыда қалыпты жағдай деуге болады.

Жоқ, болмайды, қойыңдаршы! Маған тиіспеңдерші, ешкіммен сөйлескім келмейді!
Аяқ астынан өмір қызықсыз, айналаңыздағылар шамыңызға тиіп жақпай бара ма? Онда дереу күнтізбені алып, қарай қойыңыз. Сонда бәрі түсінікті болады – беліңіз бұзылар алдындағы уақытша құбылыс. Яғни, ағзадағы гормонның деңгейінің төмендеуі. Қатты алаң болмаңыз, бірнеше күннен кейін айнала қайтадан жарқырай бастайды. Маңыздысы сол, мұндай кезде қасыңыздағыларды босқа жазғырып, өкпелетіп алмаңыз.

Шопинг, шопинг, шопинг.
Ой, қандай әдемі сөмке. Ммм, жеңілдік те бар екен. Үйде дәл осындай сөмке бар екені маңызды емес. Мұның түсі мен түймелері басқаша екен. Қалай да алуым керек. Ой, тура сондай әмиян да бар екен, тамаша! Демалуға ақша жинап қоюым керек еді, келесі айлықтан қоса салармын.
Мұнда да бәріне кінәлі гормон! Атап айтқанда – біздің ырықсыздығымызға жауапты қандағы картизол гормонының деңгейі. Осы бір қу элементтің деңгейі жоғары болған сайын, ырықсыздыққа жол береміз, уақ-түйектерді сатып ала береміз. Шындығында осыны алудың қажеті бар ма, жоқ па ойлануға мүмкіндік болмайды (топылай, сөмке бұларды уақ-түйек деп атауға келмес, алайда еркектер мен әйелдерің көзқарасы мүлде бір-біріне сәйкес келмейді). Еркектердің ойынша бұл өзіңді басқара алмау. Ал, картизол гормоны жыныстық қатынас тұрақты, үздіксіз болған кезде бөлінеді. Сондықтан күйеуіңіз немесе жігітіңіз ақшаны орнымен жұмсай алмайсың, үнемдеуді білмейсің, ысырапшылсың,- деп наразылық танытса – не деп жауап беретініңізді білесіз, деп ойлаймын.

Эмоция әлемі. Көп қырлы және өткінші. Жай ғана: «Болды, бәрі бітті!»
Кейде, көп жігіттер қыздардың көңіл-күйінің кенеттен күрт өзгеріп кеткенін түсінбей абдырап қалады. Қазір ғана күліп-ойнап отырған аяқ астынан бұлқан-талқан болып шыға келеді. Жаңа ғана тырқылдап күліп отырған адамның орнында бұртиып біреу отыр, түртсең жарылып кететін шар сияқты.
Еркектерден гөрі әйелдер эмоцияға көбірек беріледі, оның себебі әйелдік гормон – эстроген бөлінуі әсерінен. Алайда, сол гормонның әсерінен әйелге тән мүсін қалыптасады.

Егер де біз тұтастай және толығымен гормон мен биологиялық процеске тәуелді болсақ, өмірде проблемалар қаншалықты аз болар еді. Ешкім шағымданбайды, талап, міндеттемелер жоқ. Бәрі бір-біріне тілеулес. Бірдеңені қате істесең: «Әрине, түсінеміз. Бұл химия ғой!» дейді. Айналаңа қарайсың, дау-дамайсыз, өкпе-ренішсіз бәрін шешуге болады. Әттең, бірақ.... Қыздар мен жігіттер, әйелдер мен еркектер. Біздер адамдар бәріміз ақылдымыз. Қазіргі біз өмір сүріп жатқан әлемде әркім өз қылығын жауап беруге міндетті. Алайда, біз табиғаттың бір бөлшегіміз оны сезіну – қандай бақыт десеңші. Мұнымен ешкім дауласпайтын шығар!

Дайындаған: Асыл

Қыз - келіншектер белдемше, көйлек киюі қажет Қыз - келіншектер белдемше, көйлек киюі қажет
Белдемше немесе кең етек көйлек әр уақытта әйелге тән негізгі белгілері болып саналды.
Сіздің әлі күнге жалғыз жүруіңіздің себебі не? Сіздің әлі күнге жалғыз жүруіңіздің себебі не?
Егер сіз әлі күні жемісті қарым - қатынас орната алмай жүрсеңіз, онда бұл әлемге деген көзқарасыңызды өзгерту керек шығар.
Ер азаматтың бойындағы балаға тән мінез-құлық. Ер азаматтың бойындағы балаға тән мінез-құлық.
Әр еркектің ішінде бір «бұзық балақай» отырады, ол тіпті интеллигентті кісілердің мінез-құлқында да кездеседі. Кейде оның балаға тән әдепсіз
Ресей ғалымдары қатерлі ісіктің барлық түріне қарсы препарат ойлап тапты Ресей ғалымдары қатерлі ісіктің барлық түріне
Ресей ғалымдары қатерлі ісіктің барлық түріне және кезеңіне қарсы ойлап тапқан гендік - инженерлік препаратты ғарышта сынақтан өткізді.
Ғалымдар әйелдердің ең тартымды жас мөлшерін анықтады Ғалымдар әйелдердің ең тартымды жас мөлшерін
Финляндия университетінің зерттеушілер тобы жүргізген зерттеу нәтижесі бойынша, ер азаматтардың ойынша әйел қауымының ең тартымды жас мөлшері қай кез
Қызғаныш Қызғаныш
Қызғанышқа жол берме, сонда қызғану да болмайды.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×