ойын сауық отауы
Мың сөздің орнына «рахмет», деп бір-ақ сөзбен алғыс білдіріңіз!
07.08.2017 29 099 2 Дауыл

Мың сөздің орнына «рахмет», деп бір-ақ сөзбен алғыс білдіріңіз!

Бұл қызықты
Мың сөздің орнына «рахмет», деп бір-ақ сөзбен алғыс білдіруге болады.

Әлемде бағаланбай жүрген сөз болса ол «рахмет» сөзі болса керек. Бұл сөзді қандай жағдайда қолдансаңыз да лайықты бола кетеді. Көпшілік менімен келіседі деп ойлаймын. Олай болса, неге осы бір ғана сөзді айтудың орнына, бас-аяғы жоқ мың сөзден сөйлем құрауға тырысамыз.
Ендеше, мың сөздің орнына татитын "рахмет" сөзінің қолданылатын орнын анықтайық.

1. Сізге қошемет көрсеткенде (комплимент айтқанда).
Сіз сенбегенмен де, адамдардың арасында қошеметті (комплимент) дұрыс қабылдай алмайтын адамдар да бар. Мүмкін, сіз де солардың бірі боларсыз. Сіздің атыңызға жасаған қошеметтен ләззат алып көңілденудің орнына, мақтаншақ болып көрінбеуге тырысып, оның артық екенін айтып, ұяла бастайсыз. Бірақ ол сізге жағымды сөздерді шын жүректен айтып отырған болар, келесі жолы ол ондай сөзді айтудың қажеті бар ма, жоқ па,- деп ойланып қалуы әбден мүмкін.

Мысалы: «Көйлегің өзіңе сондай жарасып тұр!
Дұрыс емес: «Ой, бұл ескі көйлек, мұны қашан сатып алғанымды да ұмытып қалдым!»
Дұрысы: «Рахмет! Сізден мұндай сөздер естігеніме қуаныштымын!»
Өз атыңызға айтылған қошеметті қабылдай отырып, өз мүмкіндіктеріңіз бен жетістігіңізді мойындайсыз. Қошеметті қабылдамау жеткен жетістігіңізді бағаламауды білдіреді. Келесі жолы қысқа ғана «рахмет», деп айтуды ұмытпаңыз!

2. Сіз кешігіп қалдыңыз!
Иә, мұндай жағдай екі жаққа жағымсыздық туғызары анық – бұл сізді күтіп отырған адамды сыйламаудың белгісі болып көрінеді және сіз стресстік жағдайда келдіңіз. Мұндай жағдайда алғыс білдіруді орынсыз деп есептейсіз де, кешігуіңіздің себептерін айтып түсіндіруге тырысасыз. Ендеше, тексеріп көрейік, қайсысы жөн екенін өзіңіз қабылдайсыз.

Мысалы: сіз кездесуге 15 - 20 минуттай кешігіп келдіңіз.
Дұрыс емес: «Өтініп кешірім сұраймын, автобусты күтіп көп тұрып қалдым, ол аз болғандай кептелісте тұрып қалдық»... (осылай жалғаса береді).
Дұрысы: «Мені күткеніңізге рахмет!», немесе «Шыдамдылық танытқаныңызға рахмет!».
Осылайша, келеңсіздік жағдайға кешірім өтінбей, алғыс білдірген әлдеқайда орынды.

3. Сізді сынға алған сәтте.
Сынның әр түрі болады – пайдалысы, пайдасызы, өш алуға қатысты әділетсіз сын да айтылады. Бірақ нәтиже біреу – сын ешкімге ұнамайды. Кез келген сынға алғыспен жауап қата отырып, зиянды әсерін ауыздықтай аласыз. Түрлі негативтен босап, жеңімпаз болу үшін алға қарай жылжисыз.

Мысалы: «Сіз тапсырманы орындай алмадыңыз. Біз сізге мұны сеніп тапсырып едік, мүлде басқа нәтиже күткен едік».
Дұрыс емес: «Өтінемін, кешіріңіз! Мұнда шұғыл шаруалар болып қалды. Оны басқаша істеуіме болатын еді мынандай жағдай орын алмағанда....».
Дұрысы: «Менен жоғары нәтиже күткеніңізге қуаныштымын, рахмет!»

4. Жұбату немесе қолдау кезінде.
Кейде жақындарыңыз бен достарыңызға қолдау көрсетуге тура келетін жағдайлар өмірде көп кездеседі. Ондай сәтте жұбатуға айтар сөз таппай қаламыз. Жұбатамын деп мүлде орынсыз сөздер айтып қалатын кездер де болып қалады.

Мысалы: Әпкеңіз күйеуімен ажырасқалы жатқанын естіген кезде.
Дұрыс емес: «Балаларың өсіп келеді, солардың барына шүкірлік ет!»
Дұрысы: «Жаным сырыңды менімен бөліскеніңе рахмет! Мен әрқашан сенімен біргемін!»
Мұндай сәтте жүрегіңді жарып шыққан қандай жылы сөз болсын, ол адамды жұбата алмайды, алайда сізге сенім артқанына алғысыңызды білдіріп, қасынан табыла білгеніңіз жөн.

5. «Рахмет» деп жиі айтыңыз.
Кейде таң қаласың, тым артық алғыс білдіріп жататын адамдар да бар! Жұмыста кішкене көмегіңіз тисе тәттісін алып келетіндерді де жиі кездестіретін боларсыз. Атай берсек мұндай жағдайлар өте көп.
Ал, сіз шын көңілмен, қысқа ғана «рахмет» деп алғыс білдіруді үйреніңіз!

Дайындаған: Жадыра.

Алғыс дәметпе! Алғыс дәметпе!
Бір ауылда данагөй ақсақал өмір сүріпті. Одан ақыл сұрап жан - жақтан адамдар келіп тұрады екен. Күндердің бір күні әлгі қарияға көрші ауылдан бір
Тіл өнері жайлы. Жүсіп Баласағұн Тіл өнері жайлы. Жүсіп Баласағұн
Тіл қадірлі етер, ерге бақ қонар, Қор қылар тіл, кететіғұн бас болар. Тіл — арыстан есік баққан ашулы, Сақ болмасаң жұтар, ерім, басыңды!
Сынды қалай қабылдайсыз? Сынды қалай қабылдайсыз?
Сіздің атыңызға айтылған теріс пікірді естіген жағдайда алдымен сабырлық танытыңыз. Ол адамның сізді ренжітейін деген жаман ойы болмаған шығар. Сабыр
Тіл өнері мақал – мәтелдері №2 Тіл өнері мақал – мәтелдері №2
Ең тәтті де – тіл, Ең ащы да – тіл, Ең жұмсақ та – тіл, Ең қатты да – тіл.
Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол, Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол,
Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол, Қаза көрген жүрегі жаралы – ол, Көзінің жасын тыймай жылап жүріп, Зарланып неге әнге салады ол?
Сабыр түбі – сары алтын Сабыр түбі – сары алтын
Әлеуметтік ортада дөрекі мінез танытатын адамдарды көптеп кездестіреміз. Тіпті, ондай мінез өз басымызда да болуы әбден мүмкін. Барынша мәдениеттілік
Пікірлер (2)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Бекжан Дос
#1 Бекжан Дос Қонақ 16 қараша 2020 12:34
Рахмет сөзі-рақым етсін деген сөзден шыққан. Спасибо-спаси бог деген сияқты.Басқа түрік тілдес ағайындардың айтқан сөздерін естідік, рахмет сөзін қаза болған адамға арнап айтылады деп.Құдайдың алдына бара жатыр, күнәлері болса,құдай рахым етсін деп.Түрік тілдес ағайындардың көбі сау бол дейді екен.Осыдан қырық-елу жыл бұрын,бала кезімізде рахмет сөзі көп айтылмайтын еді.Оның орнына тілек айтатын,бата беретін.Арзымайтынға да рахмет, өміріңді құтқарса да рахмет-бұл дұрыс емес.Әр жағдайға байланысты тілек, бата берілгені дұрыс.

Басқа түрік тілдес ағайындардан жоғалтқанымызды,ұмытқанымызды табуға болады. Жеңіл алғыс білдіруді сау бол деп айтсақ жарасады,бұл сөз орысша досвидание емес. Орыстың до свидание сөзінің аудармасы-кездескенше.
Бекжан Дос
#2 Бекжан Дос Қонақ 20 қараша 2020 11:43
Мына сайтта арапша сөзден шыққан деп тұрып,"Саған Алланың рақымы болсын" деп бата берген боламыз.-дейді соңында.Рахмет қайдан келсе де, бата,алғыс өзіміздікі екені анық. https://abdsamat.islam.kz/kk/post/raqmet-sozinin-torkini-6377/#gsc.tab=0 "Рақмет" сөзі "рақым ет" деген екі сөздің қосындысы емес. Рақмет сөзі түптеп келсек арапшадағы "Рахмəтун-رحمة" (немесе "рахмəтƏн") сөзінің қазақшадағы үлгісі. Мағынасы: Мейірім, рақымдылық. (Қазақта оның соңғы "ун" жалғауын оқымай, "рахмат" деп айтуы əдеттегі іс. "Махаббатүн-محبة" сөзінде де "үн" жалғауын тастап "махаббат" деп айтып кеткен).

Бізде ол сөзді алғыс сөзі ретінде қолдануының өзіндік мəні бар. Бір кісіге алғыс білдірерде "рақмет" деу арқылы біз оған: "Саған Алланың рақымы болсын" деп бата берген боламыз. "Рақмет" сөзінің астарында осындай дұға-тілек жатыр.
×