ойын сауық отауы
Ер-азаматтар туралы сіз білмейтін қызықтар.
20.12.2022 6 442 0 Дауыл

Ер-азаматтар туралы сіз білмейтін қызықтар.

Бұл қызықты
Ер-азаматтар туралы сіз білмейтін қызықтар.
Егер әйел артық мінез көрсетіп қалса «Кесірлі қатын» атанады. Ал егер ер-азамат мінез көрсетсе «Міне еркек» деп қошемет көрсетіледі.Маргарет Тэтчер.

Жігіттер шын мәнінде қандай? Әрбір қыз тартымды жігітпен таныса отыра оның бойынан бір ерекшелікті іздейді. Оны бақылай отырып, ешкімге ұқсамайтын ерекше қасиетін табамыз. Шындығында сырттай қарағанда темперамент бойынша еркектер бір-біріне ұқсамайды әртүрлі, ал олардың бәрін біріктіретін – инстинкт.

Психолог ғалымдардың қорытындысына сүйене отырып сексолог мамандар ер-азаматтарды зерделеуді қолға алған екен. Еркектің әдеттері мен қылықтары және әйелге деген қарым-қатынасы туралы бірнеше қызықты фактілері мен пікірлерді ұсынады.

● Ерлердің дене температурасы әйелдермен салыстырғанда жоғары екен. Егер бөлме іші салқын болса күйеуіңізге жақын жатып жылыныңыз.

● ер-азаматтардың 52 %- і бір көргеннен ғашық болуды гормондардың әсерінен деп есептейді;

● Еркек атаулы бұрынғы әйелмен болған байланысын ұмыта алмайды екен. Олардың бірлескен сексуалдық тәжірибелері оның жадында мәңгі қалады, әрдайым есіне түсіп тұрады екен.

● Ер-азаматтардың 60%- ға жуығы пәк бикештерден аяқ тартады.

● Ерлердің 63 %- ы төсек қатынасын жылы душ қабылдаған сәтте; 32%- ы жұмыс уақытында; 15%- ы көлікте; 9% - ы спорт залда еске алады екен.

● Ерлер үшін ең қорқынышты нәрсе – белсіздік, екінші орында – шаш түсуі (таздану).

●Өмірге сәби әкелу кезінде әйелімен бірге болған еркектердің болашақта төсек қатынасына зауқы соқпай қалу қаупі жоғары екен.

● Қыздардың ұрыс кезіндегі «Кет көзіме көрінбе!» немесе «Сені көргім келмейді!» деген сөйлемдерді жігіттердің көбісі жағымды қабылдайды екен. Ал егер «Сенің жарың болғым келеді» деп айтса, мұндай сөздер оларға қорқынышты сөйлем болып естіледі екен.

● Спорттық бәсекені көрсеткен кезде жиі қайталаулар береді, мұндай қайталап көрсету еркектерге арналады екен, өйткені олар бір көргенде есте сақтап қала алмайды екен;

● Еркектердің дүкен аралауды жақсы көрмейтіні бәрімізге белгілі, сондықтан дүкендерде ер адамдардың киім-кешегі мен оларға қажетті дүниелер есікке жақын орналастырылады.

● Жігіт қолын жартылай қалтасына салып немесе ременін ұстаса қыздың көңілін аударғысы келіп тұруының белгісі деп түсінген жөн;

● Еркектің көзінше жалаңаш әйелден гөрі жартылай жалаңаш әйел тартымды көрінеді екен;

● Ер-азаматтар футбол көріп отырып: - егер ойынға бар көңілімді аударсам, сүйікті командама жеңіске жетуіне көмектесе аламын, - деп ойлайды екен.

● Әлемде ең бірінші «гейшалар» 18 ғасырдың ортасында еркектер болған екен.

● Еркек қолжетімді әйелді қалайды, егер ол әйелдің жалғызы ғана болса.

Дайындаған: Асыл

Махаббат, сезім жайлы 30 сұрақ Махаббат, сезім жайлы 30 сұрақ
Есіңде мәңгі сақталып қалған қошемет сөз (комплимент) қандай? Сен әдетте ұйықтар алдында не туралы ойлайсың?
Жұптардың қарым-қатынасын құртатын 5 нәрсе Жұптардың қарым-қатынасын құртатын 5 нәрсе
Көптеген адамдар үйлесімді және бақытты өмір сүру үшін өзара жағымды қарым - қатынас орнатудың кейбір тәртібін ұстанбайды.
Еркектер кішкене балаға ұқсайды. Еркектер кішкене балаға ұқсайды.
Еркектер кішкене балаға ұқсайды: өзін үлкен адам сияқты сезінеді, бірақ қолынан жетектеп жүргеніңді қалайды.
Әйелді шын мәнінде тартымды ететін қасиеттер. Әйелді шын мәнінде тартымды ететін қасиеттер.
Ер азаматтардың ойынша, әйел баласын қандай қасиеттері тартымды ететін білесіз бе? Тұлғасы келісті, көркі де бас айналдырар сұлуды көргенде кез
Сүйікті әйел қандай болуы керек? Сүйікті әйел қандай болуы керек?
Еркекті – өмірдің мәні, армандаудың шегі, бүкіл әлем деп түсіну қате. Еркектің әйел өмірінде болғанының өзі, әлемді анағұрлым кең де қызықты етеді.
Ғалымдар әйелдердің ең тартымды жас мөлшерін анықтады Ғалымдар әйелдердің ең тартымды жас мөлшерін
Финляндия университетінің зерттеушілер тобы жүргізген зерттеу нәтижесі бойынша, ер азаматтардың ойынша әйел қауымының ең тартымды жас мөлшері қай кез
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×