ойын сауық отауы
Отбасында ақшаның маңызы
20.08.2017 3 099 0 Дауыл

Отбасында ақшаның маңызы

Бұл қызықты / Жалпы кеңес
Отбасында ақшаның маңызы
Жақында ғалымдар жүргізген зерттеуінің нәтижесі бойынша ерлі-зайыптылардың ұрыс-керісі көбіне неден туындайтыны анықталған. Үшінші орында, үйдегі шаруашылық міндеттерді дұрыс атқармауға байланысты ұсақ ұрыс-керістер орналасқан. Екінші орын – жұптардың бір-біріне деген қызғанышы. Бірінші орында, ақшаға байланысты жанжал тұр екен.

Осы пікірдің нәтижесіне қарайтын болсақ, отбасылық қарым-қатынаста ақшаның қаншалықты маңызды екенін көреміз. Егер жұптардың бірі қаржылық жағынан екіншісіне тәуелді болса проблема туындамауы мүмкін емес.

Жас жұбайлар үшін алғашқыда ең негізгі рөл романтика, махаббат, адалдық болып есептеледі. Шындығында бұл жай ғана арман екенін болашақта оларды қатал тұрмыс күтіп тұрғанын ескере бермейді. Көп ұзамай олар «арман мен қиялды» жиыстырып, өмірге шынайы қарай бастайды.
Шынайы өмірде қаржы мәселесі маңызды рөл атқара бастайды. Ақша көптеген отбасыларында проблеманың көзі болып табылады. Тұрақты пайда келіп тұруы бізге тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кепілдік беретіні табиғи заңдылық. Мұнда ежелгі көне түйсік көрініс алады – өзін сақтау түйсігі (инстинкт самосохранения) бұл жерде махаббат қатыспайды.

Психологиялық тұрғыда қарайтын болсақ, махаббат пен ақшаға ортақ мәселелер көп. Ақшаның арқасында көп нәрсе жасауға болады, қазіргі кезде еркіндік пен тәуелсіздікті де сатып алуға болатыны факт. Ақша да махаббат секілді адам үшін маңызды болып табылады. Ол қалағаныңды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Мол табыс табатын ерлі - зайыптылардың бірі екіншісіне билік жүргізуіне және өзіне тәуелді етуіне әкеліп соғуы мүмкін.
Отбасылар екі түрлі болуы мүмкін. Отбасына табыс әкелуші кім? Біріншісінде табыс табушы, отбасын асыраушы – отағасы. Ол отбасылық бюджетті өзі басқарады. Оның баста міндеті – отбасын қаржылай қамтамасыз ету. Бұл жағдайда әйел отбасы мен ошақ қамқоршысы ретінде қызмет етеді. Әйел бала туып, тәрбиелеп оны жеткізуші. Еркек табыс табушы да қазынашы да өзі.
Әйел күйеуінің рұқсатымен ғана ақша жаратады және күйеуіне есеп беруге тиіс. Мұндай кезде әйел өзінің құқығына қысым жасалғандай сезініп, көңілі түсуі мүмкін.

Екінші нұсқа – әйел қаржылай тәуелсіз болып табылады. Мұндай байланыс кезінде әйел мен еркек арасында үнемі бәсекелестік туындап соңы көңіл қуантарлық болмауы мүмкін. Мол табыс табу үшін жұмысбастылыққа салыну, мұндай әйелдер еркекке аса ұнай қоймайды. Ер адам өзін маңызды сезінуден қалады. Сонымен бәсекелестік – отбасы үшін жағымды атмосфера қалыптастыра алмайды.

Ақша үшін жанжал болдырмас үшін қарым-қатынастың бастапқы кезеңінде кім қандай рөл ойнайтынын келісіп алған дұрыс шығар.
Әркім жеке қалауы негізінде шешім қабылдамай, ерлі-зайыптылардың екеуіне де ыңғайлы болатындай жасауы тиіс. Өйткені, «отбасылық қарым-қатынас» ерлі-зайыптылардың бірлесе атқаратын жұмысы болып табылады емес пе?

Дайындаған: Асыл.

Жұлдызнама 2019 жыл Жұлдызнама 2019 жыл
Жаңа жылдан әрдайым жақсылық күтетін құрметті портал қолданушылары, төмендегі жұлдызнама болжамын оқи отырыңыз. Сізді 2019 жылы қандай жаңалық күтіп
Жұптардың қарым-қатынасын құртатын 5 нәрсе Жұптардың қарым-қатынасын құртатын 5 нәрсе
Көптеген адамдар үйлесімді және бақытты өмір сүру үшін өзара жағымды қарым - қатынас орнатудың кейбір тәртібін ұстанбайды.
Отбасын жаңа құрған жұптарға 5 кеңес Отбасын жаңа құрған жұптарға 5 кеңес
Жұптардың бастапқыда өмірі: бірін - бірі көргенге жанарында от, романтика, нәзіктік, құмарлық өзара жағымды қарым - қатынас.
Ажырасудың негізгі себептері Ажырасудың негізгі себептері
Үйлену оңай, үй болу қиын. Бүгінде отбасы болу от басқанмен бірдей. Жыл сайын үйленудің көрсеткіші аз да, ал ажырасудың үлесі көбейіп келеді. Жалпы,
Күйеуіңіздің мол табыс табуына көмектесіп, миллионердің жары атаныңыз. Күйеуіңіздің мол табыс табуына көмектесіп,
Әлемде әрбір әйел күйеуінің бақуатты, табысты, жомарт болуын қалайды. «Міне сонда, бақытты да, ұзақ ғұмыр кешер едік» - деп жорамалдайды. Алайда
Бақытты жұптар. Бақытты жұптар.
Қоғамдық орында талқыланбайтын және бөлісуге келмейтін мәселелер бар және олардың кейбірі адамгершілік, әдеп нормаларына қайшы келеді. Солай бола
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×