ойын сауық отауы
Ер адамдармен қандай тақырыпта әңгіме қозғамаған жөн.
23.08.2017 17 607 0 Дауыл

Ер адамдармен қандай тақырыпта әңгіме қозғамаған жөн.

Бұл қызықты / Жалпы кеңес
Ер адамдармен қандай тақырыпта әңгіме қозғамаған жөн.

Қарым-қатынас
Қыздар жігіттермен әңгімелескенді жақсы көреді. Екі адамның да көңілі қалаған тақырып болса құба-құп. Әңгіменің серігіңізге ұнамай отырғанын байқай қалсаңыз, сөйлеуді тоқтатып, жай ғана езу тартып, басқа тақырыпқа ауысуға тырысқан жөн.
Егер қыздар бірнеше қарапайым ережелерді орындаса, оның серігі атануға мүмкіндігі болады.

1-ереже. Өткен өмірі – талқылайтын тақырып емес.
Қыздар, егер тұрмыс құруды ойлап жүрсеңіз, отбасының берік болуы үшін, бұрынғы жігітіңіз туралы сөз қозғамаңыз, құпия қала берсін.
Егер, бұрынғы жігітің туралы теріс пікір білдіретін болсаң, оның ойында бірнеше сұрақтар туындауы мүмкін: «Ол сондай жаман болса, онымен неге кездестің? «Егер біз де айрылысып кетсек, мен туралы да осылай айтасың ба?» Әлде, одан да жаманы: «Мүмкін, бұрынғы жігітің сені тастап кетіп, дұрыс жасаған шығар». Сізге бәрі түсінікті болды деп ойлаймын.

2-ереже. Егер тақырыпты түсінбесең «білгіш» сыңай танытпа!
Жігіттермен қарым-қатынаста өзіңді асқақ ұстап, мұрыныңды шүйіре қарау – ақымақтық. Басқаларға қарағанда өзіңді қызықты жан ретінде көрсетуге тырыспа! Түсінбейтін іске орынсыз килігіп, дауласу қыздарды күлкіге жағдайға қалдыруы мүмкін.
Бұрынғы жігітіңді мақтай жөнелуге де болмайды, «оны әлі күтіп жүр, жақсы көреді», деген күдікті ой туғызады. Ол жігіт өзінің бұрынғы қызы туралы қайта-қайта есіне алып, «аузының суы құрып» отырса, саған да ұнамасы анық. Сондықтан, өткен өмірің туралы ештеңе айтпай-ақ қойған жөн.

Жас жігіттерге тағы бір ұнамайтын қылық, қыздардың бір тақырыпқа қадалып алып, жігіттің ол тақырыпты түсінбегеніне қарамай әңгімелей жөнелуі. Ол тақырыпты әңгімелеудің қажеті жоқ екенін анық айтып тұрса да тыңдамайды, тоқтамайды. Танысуды жаңа бастаған жігіт өзін «азамат» сезінуі тиіс, ал қыздар болса, таныстық жалғаспай тұрып-ақ жігітті ыңғайсыз жағдайда қалдырмағаны жөн. Әңгіменің тізгінін жігіттің ұстауына рұқсат етіңіз!

Айтпақшы, ыңғайсыз жағдайға қалдыру демекші, жігіттен қанша табыс табатынын сұраудың қажеті жоқ. Егер қыз одан көп табыс табатын болса оны атап өтудің қажеті шамалы.

3-ереже. Жігіттің көзінше бөтен еркекке тамсанып қарамаңыз, әңгімелемеңіз.
Кейде басқа ер азаматтың бойындағы ерекше қабілетіне тамсану, қызыға қарау оғаш қылық емес, алайда ондай әрекетті жігітіңіздің алдында жасай көрмеңіз. Сіздің басқан еркекті таңдана сөз еткеніңізді басқаша ойлап қалуы мүмкін, бөтен ойыңыз болмағанын түсінбей қалады.

Құрбыңыздың жолдасының атқарған шаруасын айтып тамсанбаңыз. Жігіт өзін басқа біреумен салыстырып отыр деп жақтырмай қалады. Салыстыру ешкімге ұнай қоймайды.
Ойыңызды бұлай жайып салу серігіңіздің әлемді түсінуіне қайшы келеді. Бір-бірімен ешқашан түйіспейтін күн мен жер сияқты боласыздар, ол аспандағы күн болса, сіз күнді айналған жер сияқты.

4 -ереже. Оның отбасы – оның қорғаны.
Оның жақын адамдары жора - жолдасы, ата-анасы туралы теріс пікір білдірмеңіз. Олардың әдепсіз қылығын көрсеңіз де тіпті тамағы дәмсіз болса да. Оның достары беймаза болса да оны айтудың керегі жоқ. Пікіріңізді өзіңізде қалдырыңыз. Себебі бұған дейін де сіздің қатысуынсыз - ақ өмір сүріп келді, өмір сүре береді мұны ұмытпаңыз!

Өзіңіздің атыңызға сын айтушыларға қалай шамданатыныңызды есіңізге түсіріңіз. Сондықтан, егер серігіңіздің келбетінен кейбір кемшіліктер көрсеңіз түзетулер енгізу керек екенін сыпайы айтып түсіндіре біліңіз. Сонымен бірге оның бос уақытында айналысатын хоббиі болса, оның пайдалы, пайдасыз екенін айтушы болмаңыз. Бос уақытын қалай өткізуді әркім өзі шешеді. Босқа шамына тимеңіз!

5-ереже. Астарлап айтудың қажеті жоқ.
Бұл менің сүйікті тармағым деп айтсам болады. Өзім де тұспалдап сөйлегенді жөн санаймын. Мен мұны өзімнің жағымды тұсым деп ойлаушы едім, алайда, еркектер қауымы астарлап айтқанды түсінбейді.
Айтарыңызды түсінікті айта білмесеңіз, жас жігіттің шамына тиюіңіз мүмкін. Олар түсініксіз әңгімені жек көреді. Қоятын сұрағыңызды анық қоя біліңіз.

6-ереже. Бәрін егжей-тегжейлі баяндау қажет емес.
Аптасына қанша рет салонға баратыныңды, қанша рет шаш бояйтыныңды түгел жігітіңе баяндау қажет емес. Туыстарыңыз, достарыңыз туралы ұзақ әңгімелеудің де қажеті жоқ. Жігітке ондай әңгіме қызықты бола қоймайды. Ол сіз жайлы білгісі келеді, сондықтан өзіңіз туралы айтыңыз.

7-ереже. Көпшілік алдын кемсіту – жаман қасиет.
Ер-азаматтар өзін көпшілік ортада әзілдеп, қағытқан қыздарды ұнатпайды. Қасындағы бикеш жігітті патшасындай сыйлаған қалайды, әсіресе көпшілік ортада оны қажетсінеді.
Еркектер – жаны өте нәзік, тез жараланғыш. Олармен қарым-қатынаста ұқыпты болуға тура келеді. Кез келген адамға қарата айтылған ханымдардың ащы мысқылы оның шамына тиеді. Тіпті ол тақырыпқа сай, тапқыр айтылған әзіл болса да. Мұндай сұлудың қасында жігіт ұзақ тұрақтамайды. Сондықтан бұл ескеретін жағдай.

8-ереже. Үнсіз қалу – алтынмен тең.
Дипломат – сөзін айтпас бұрын екі рет ойланып барып айтатын адам. Сондықтан дипломатқа тән іс-әрекет ете біліңіз.

Дерекөзі: https:lifehacker.ru

Дайындаған: Асыл.

Адамның уақытының берекесін қашыратын негізгі жеті фактор Адамның уақытының берекесін қашыратын негізгі
6. Бос әңгімелер Бос әңгіме жайлы сөз қозғалғанда тек қана бетпе - бет сөйлесулер емес, онлайн түрде орын алатын әңгіме - дүкен де қамтылады. Бұлар
Махаббат, сезім жайлы 30 сұрақ Махаббат, сезім жайлы 30 сұрақ
Есіңде мәңгі сақталып қалған қошемет сөз (комплимент) қандай? Сен әдетте ұйықтар алдында не туралы ойлайсың?
Жігітпен алғашқы кездесу кезінде қыздар өзін қалай ұстау керек? Жігітпен алғашқы кездесу кезінде қыздар өзін
Қыздар қауымы қай жаста болсын жігітпен алғашқы рет кездесуге барарда уайымдауы орынды. Өйткені ара - қатынас ары қарай жалғасу, жалғаспауы осы
Адамға деген құрмет Адамға деген құрмет
Адамды құрметтей білу бұл – адамды өзіңе жақын тарту, жағымды қарым-қатынас сондай-ақ оның бойындағы адамгершілік құндылықтарға бас ию.
Келін мен ене: Ене мен келіннің ара-қатынасы Келін мен ене: Ене мен келіннің ара-қатынасы
Қыздардың барлығы бойжеткен соң сүйгенімен бас қосып тұрмыс құруды армандайды. Алайда тұрмыс құрғаннан кейін не күтіп тұрғанын ойлап жатпайды.
Адам өмірі Адам өмірі
-«Үш ағайынды жігіт «Адам өмірінің өткені, қазіргісі, әлде болашағы маңызды ма?» деген сауалға дауласып қалады.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×