ойын сауық отауы
Егіздер жұлдызындағы ер-азаматтардың мінез-құлқы
29.08.2017 6 034 1 Дауыл

Егіздер жұлдызындағы ер-азаматтардың мінез-құлқы

Бұл қызықты
Егіздер жұлдызындағы ер-азаматтардың мінез-құлқы

Авантюрист Егіздердің (21 мамыр – 20 маусым) жаратылысынан екі жақтылық негізгі белгісі болып табылады.
(Авантюрист деген – оңай олжа табу үшін тәуекелге бел буған, ойластырылмаған іс-әрекетке бейімдік).
Оның тәнінде екі адам өмір сүріп жатқан сияқты көрінеді, көңіл-күйінің кенеттен өзгеріп кетуін сырттан бақылаған адамға өте қызық.

Егіздер жұлдызындағы жігіт іштей үнемі мұратына жетуді армандайды, алайда ол арманның нақты не екенін және оны қайдан іздеу керек екенін де білмейді.

Мінездеме
Егіздер жұлдызындағы Жігіт өзгеріске бейім, ол кеше басқа, бүгін басқа, сондай-ақ кеше болған оқиға бүгін оның есінде жоқ. Кенеттен болған өзгерістер оған пайдалы болуы мүмкін бірақ, әрқашан пайдалы бола бермейтіні анық.
Оның мақсаты айқын емес үнемі құбылмалы, екі жақты, олардың сөздері мен қимылынан шынайы ниетін жасыратындай кереғар түйсіксіз әрекет байқалады.

Ол сұхбаттасып отырған адамды жаңылдырып барып, қайтадан әңгіменің ауанын 180 градусқа өзгертіп ашық және достық сипат алып жағымды бола алады. Бұл белгідегі ер-азаматтар түрлі саладағы жаңалықтардан құлағдар және жан-жақты деп айтуға болады. Олар қиялға өте бай, дарынды әңгімеші. Егіздер ақылды, көпшіл алайда сеніп қалмаңыз, олар уәдесін орындай бермейді. Егіздердің тағы бір ерекшелігі жаңа адамдармен танысып отыруды қалайды. Өзгеріс енгізу Егіздерге тән сипат, сондықтан да болар олар дәл қазірге сәтке лайықты жаңа адамдарды іздейді.

Бұл жігіттер түрлі ортада болуды жаны сүйеді, сөз сөйлеу мәнері әдемі, өткір әзілдерімен де танымал деуге болады. Ол белгілі бір әдебиет кейіпкері сияқты. Егіздер жұлдызындағы Жігіттердің мінезін жақсы түсіну үшін, олардың тұрақтылықты ұнатпайтынын есте сақтаған жөн.

Сырт келбеті
Егіздердің сырт келбеті сипаттамасы оның зияткерлігін растайды. Табиғат оларға тамаша сұлулық сыйлаған, жасы ұлғайса да өңін бермейді. Бұл белгідегі жігіттер бойшаң, биязы сондай-ақ қимылы ширақ. Олар қоғамдық орында жақсы көрінуді маңызды деп есептейді және сырт келбетіне көп көңіл бөледі.

Олардың талғамы жоғары, шебер киіне білу өнерімен келбетінің артықшылықтарын көрсете алады, күнделікті ыңғайлы киім түрімен спорттық киімдерді тамаша үйлестіре біледі.

Егіздер жұлдызындағы жігіт – жұмыста
Бұл таңбадағы жігіттер өте зерек, қабілетімен дарындылығымен ерекшеленеді алайда олардың мінез-құлқындағы тұрақсыздық мансапта кедергісін тигізеді. Ол алдыға іске асуы екіталай мақсаты қояды алайда оған Егіздердің қызығушылығы жоғары болса іске асуы мүмкін.

Жұмысшы Егіздер тез шешім қабылдайды, бастамашы, жақсы түсіне біледі, алайда мансапта оның көбіне тұрақты және пысық қызметтестері алдын орап кетеді.

Жұмысбасты Егіздер жұлдызындағы жігіт әр түрлі салада қызмет ете алады. Олардың арасында – жарнама агенттігінің табысты қызметкері, журналистер мен саясаткерлер бар. Сауда-саттық олардың нағыз ісі деуге болады. Оның саудаға икемділігі жақсы саудагер болып қана қоймай, табысты кәсіпкерлікпен айналысуына мүмкіндік береді.

Олардың мінезінің ашық болуы мен көпшіл болу қасиеті айрықша табыстарға жетуіне мүмкіндік береді. Егіздердің таңдаған мамандығынан бөлек қосымша жеке жұмысы да болады.
Оларға зерттеушілік пен әдеби салада сондай - ақ бұқаралық ақпарат құралдарында қызмет ету орынды болады.

Махаббат
Егіздер жұлдызындағы ер - азаматтар әйелдер алдында өте тартымды болып табылады. Бірақ олар әйелдердің сұлулығынан гөрі рухани дамуы мен интеллигенттік қасиетіне баса назар аударады. Оларға өзімен деңгейлес жоғары интеллектуалды серіктес қажет.
Егіздердің тұрақсыз мінез - құлқы әйелдермен байланыста қиындықтар әкеледі. Әдетте, олар бірнеше рет үйленеді, неғұрлым кешірек үйлену жемісті болып есептеледі.

Егіздер жұлдызындағы жігіттің жары күйеуінің махаббатына бөлену үшін оның тұрақсыздығымен күресіп қажет жоқ, оның құбылмалы мінезіне көнуіне тура келеді.

Егіздер отбасында
Егіздер жұлдызындағы жігіттердің отағасы ретінде мінез - құлқы жағымды, егер олардың алған жары ақылды да қамқор болса.
Егіздер жақсы әке болып табылады, ол балаларын аса қатты еркелетеді. Балаларына сабақ үйретіп, спортқа баулыған ұнайды. Егіздер жұлдызындағы ер - азаматтар махаббатта басқалар секілді жыныстық қарым - қатынасты басты орынға қоймайды, алайда өзімшіл. Егіздер аса қатты қызғаншақ емес. Олар иелік ету, меншіктеп алу дегенді білмейді.

Жалғасы бар...

Тоқты жұлдызындағы ер-азаматтар қандай? Тоқты жұлдызындағы ер-азаматтар қандай?
Қайтпас қайсар Тоқты (21 наурыз – 19 сәуір) өзіне сенімді қадамы нық. Мұндай адамның сипаттамасы – жігерлілік және бүлікшіл. Бұл От белгінің
Торпақ жұлдызындағы ер-азаматтар мінезінің құпия тұстары. Торпақ жұлдызындағы ер-азаматтар мінезінің құпия
Прагматик Торпаққа (20 сәуір – 20 мамыр) туылғаннан іскерлік, еңбекқорлық тыңғылықтылық қасиеттер тән. (прагматик дегеніміз - іс жүзінде пайдалы
Мерген жұлдызындағы ер-азаматтардың мінез-құлқы. Мерген жұлдызындағы ер-азаматтардың мінез-құлқы.
Мерген жұлдызындағы ер-азаматтардың мінез-құлқы. Шынайы, тартымды Мерген жұлдызындағы ер-азаматтар (22 қараша – 21 желтоқсан) бір қарағанда томпиған
Жұлдыздардың табиғат күші белгілері және қасиеті Жұлдыздардың табиғат күші белгілері және қасиеті
Жұлдыз белгілерінің қасиеті үш бөлімге бөлінеді: негізгі белгі (кардинальные знаки), тұрақты белгі (фиксированные знаки), өзгеріске бейім
Таразы Таразы
Егер сіздің жаңа танысыңыздың жұлдызы – Таразы бола, таныса салып оның бойынан: сыпайылық пен сүйкімділікті байқасаңыз, онда сіз оны толық танып
Егіздер Егіздер
Бұл жұлдыздағы туған жанмен тілдесе отырып, уақытша ненің керек, ненің қажет жоқ екенін ұмыта тұрасыз, тіпті, қазір күн әлде түн екенін де, - Егіздер
Пікірлер (1)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Дауыл
#1 Дауыл Бас редактор 21 қараша 2018 13:25
Егіздер тыныш қана - қызғанады, iштей ренжидi, нәзiк, жәй ғана - сүйедi, қатты - құшақтайды, iшкi жан дүниесiмен - ғашық болады.
×