Ойын сауық отауы


Махаббат па, махаббат болған менде…

Махаббат па, махаббат болған менде…
Махаббат – ерекше сезім, ғажайып құбылыс, жұмбақ нәрсе. Кімге қалай, қашан келетінін білмейсің. Алайда, жер бетіндегі бар адам соны күтуде, махаббатын күтуде. Махаббатты ғашық болумен байланыстырамыз. Құлай сүюмен теңестіреміз. Бұл тақырып қанша ақын - жазушылардың жырына айналды. Махаббат жайлы қалам тербемеген бұл әлемде ақын - жазушы жоқ шығар, сірә? Сіз махаббатты басқаша түсінесіз. Мен махаббаттың мәнін басқаша қабылдаймын. Әрқайсымыздың жүрегімізде көшірмесі жоқ, бір ғана махаббат өмір кешуде. Бұл сөздің мән - мағынасын әр жаста әр түрлі қабылдаймыз. Содан шығар, бала махаббат, шала махаббат, алғашқы махаббат ұғымдарының қалыптасқаны. Бұл бір сондай ерекше нәрсе. Айналаңды нұрландырып, жан-жағына жан бітіріп, асып-тасып жүресің. Бірақ, махаббаттың балы қандай тәтті болса, уы сондай ащы. Күлдіріп тұрып ес - ақылдан айыртады. Қуаныш сыйлай тұрып, еріксіз жылатады. Бірақ та, бұл қол ұстасқан жандарға деген сынақ деп білемін. Махаббат тек бар қиындықты еңсерген, бар ауыртпалықты артқа тастаған жандардың ғана жемісі. Өмірдің маңызы – Нағыз Махаббат. Иә, мұны бәріміз армандаймыз.

Нәзира Қасымбек

Дереккөзі: aqmeshit - zhastary. kz
Материал рейтингісі:
барлық дауыс бергендер: 2
Басқа жаңалықтарды оқу:
Пікір білдіру
* = міндетті түрде толтырылуы тиіс
Жартылай қою Қисық мәтін Асты сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жағына қою Ортасына Оң жағына қою | Смайликтер қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Түсті таңдау | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерациядан кирилицаға ауыстыру Спойлер қою
Қауіпсіздік коды :

Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
код көрінбесе қайта басыңыз


Үздік мақалалар
Білімділер жаңалықтары

Өз пікіріңді білдір
Қандай мақалаларды көбірек енгізген жөн?
Сайтта кім бар
Барлығы: 29
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 29
Роботтар: 2
Соңғы пікірлер
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика